Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған
«Егеменді болмай –ел болмас,Тәуелсіз болмай –жер болмас» атты мерекелік іс-шараның өткізілу сценарийі.
1: Қазақстан –сан ғасырлық тарихы бар,
Қазақстан-бұл азат ел танысыңдар.
Көк байрағы , елтаңба, әнұраны,
Қазақ елі егеменді , сан ұлты бар.
2: Под щедрым солнцем золотым,
Под ясным небом голубым
Мой герб и флаг в себя вобрали
Весь мир степной, родные дали,
Свободы дух и взор прямой.
1: Армысыздар , құрметті оқушылар, ұстаздар, ата-аналар! Еліміздің тәуелсіздік күні баршаңызға құтты болсын! Мемлекетіміздің өсіп-өніп, шыңға жетіп өркендеуі – біздің жетістігіміз, сондықтан бүгінгі «Егеменді болмай –ел болмас,Тәуелсіз болмай –жер болмас» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!
Гимн орындалады
Карина: Тәуелсіздік – бұл менің Парасатым,
Күншілмен де тіл тауып жарасатын.
Қорғайтын Елдігіңді ерлігімен,
Қазақтың шығаратын Алаш атын.
Вед1: Бабалардың арманы, аналардың тілегі болған бақыт-тәуелсіздік алақанымызға қонды. Тәуелсіздік- ең басты құндылығымыз.Бұл күнге қан төгіссіз, бейб Күй «Ерке сылқым»/ Гүлжан қыздармен іт түрде қол жеткізіп, елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттердің қатарына қостық. 22 жыл ішінде тәуелсіз қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелдерінен аман өтіп келеміз.
Вед.1Барша қазақстандықтар үшін тәуелсіздіктің мәні де,маңызы да айрықша . Өйткені біз тәуелсіздіктің арқасында тарихымызды түгелдеп, тілімізді, дінімізді қайта оралттық. Мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданып, ұлттық салт-дәстүрімізді жандандырдық.
Сания: 16 желтоқсан – тәуелсіздік алған күн,
Ерекше боп ел жадында қалған күн.
Жасай берсін ұлы күн үміті боп елімнің,
Желбіресін көк туы- нағыз көркі жерімнің!
Мәңгі болсын, баянды болсын
22 жыл ғұмырың!
Құтты болсын, мықты болсын
Тәуелсіздік тұғырың!
Бишілер тобы ;
2 Вед: 1989 жылы 22 қыркүйекте қазақ тілі мемлекеттік мәртебесін алды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі болып жарияланды.
Томирис: Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала,
әр адамда өз анасынан басқа да,
Жебеп тұрар, демеп тұрар арқада
Болу керек құдіретті төрт АНА.
Туған жері-түп қазығы, айбыны,
Туған тілі- сатылмайтын байлығы,
Туған дәстүр, салт-санасы, тірегі,
Қадамына шуақ шашар үнемі.
Бейбарыс: Және туған тарихы, еске алуға қаншама
Ауыр әрі қасіретті болсада,
Төрт АНАҒА жағдай жасай алмаған
Пенделердің басы қайда қалмаған?
Диляра: Төрт анасын қорғамаған халықтың
Ешқашанда бақ жұлдызы жанбаған.
Қасиетті бұл төртАНА – тағдырыңның тынысы,
Төрт АНА үшін болған күрес- күрестердің ұлысы!
Қазақша ән /вокал «Туған жер»./қыздар/
2вед: 1997 жылы Тіл туралы Заң қабылданды.
Марал: Қуан далам! Қуанатын күн бүгін .
Серпіп таста мұңды жүрек түндігін ,
Тіл туралы Заңым енді күшіне,
Паш еткендей кескен жаңа кіндігін .
Қуан балам ,қуанатын күн бүгін.
Наргиз: Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Ана тілін білмеу қандай заңдылық ?
Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік!
: Құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар ! Осы өткен өмір жолдарымызға қарасақ әр жылдың өз шежіресі,сыры, тарихы, қасиеті бар.
1991 жыл 1 желтоқсан – Н.Ә Назарбаев Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып сайланды.
2: В 1991 году 1 декабря был выбран Президентом Республики Казахстана Назарбаев Н.А.
Ән «Жаса қазақстан»
Полина: Ата-бабам тұлпар мініп ,ойқастап,
Әрбір сөзі кесек-кесек ой тастап.
Тәуелсіз ел Президенті сайланды;
Қазағымның НҰРСҰЛТАНЫ ел бастап.
Руслан: Дүр сілкінді желтоқсанда қоңыр аймақ,
Өйтпесе тілім қайтіп қанат жаймақ?
Ұран жазып ,қып-қызыл ту көтеріп,
Жастар шықты алаңға «Елімайлап».
Алаңға шығып , ойын айтты жастарым,
Қиындық пен қатерге тігіп бастарын.
Содан барып, тоңы еріді кеңестің,
Содан кейін еркіндікті бастадым.
1вед: 1991 жылы 16 желтоқсанда- Қазақстан өз Тәуелсіздігін жариялады.
Алматы- Тәуелсіздіктің бастауы. 1986 жылы жастар өздерінің демократиялық құқықтарын қорғау үшін алаңға шықты. Бүгін біздің қонағымыз сол желтоқсан оқиғасына қатысқан Толқынбек Жұртұлы келіп отыр.
2вед: 1991жылы 22 мамырда Қазақстан ЮНЕСКО құрамына енді.
1вед: 1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қабылданды.
Танец старшие классы
Аружан: «Қазақстан жалауы» өлеңі:
Аспан түстес көгілдір
Тік бұрышты матаның
Ортасында төгіп тұр,
Күн жаяды шапағын
Астында оның қалқыған
Қыран құстың бейнесі
Азат елдің шалқыған
Көңілі деп білерсің.
Төрегелді: «Елтаңба » өлеңі: Алтын қанат көмкерген
Шаңырақ бар, уық бар.
Әсем бейне сен көрген,
Жай бейне емес, ұғып ал!
Көгілдір түс аясы ,
Бейбіт дала елесі .
Шаңырақ –жұрт панасы,
Уықтар- күн сәулесі
1993 жылы қарашаның 15-нде Ұлттық валюта –тенге айналымға кірді.Биыл ұлттық теңгемізге 20 жыл толып отыр.
Катя: Әнұран бар ұрпаққа өсиет шашқандай,
Теңгеміз бар тайға таңба басқандай.
Көк байрағым көкте биік желбіреп,
Бірлікке бізді шақырып жатқандай.
Достарыңызбен бөлісу: |