Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы Білім беру саласы: Қатынас Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Көркем әдебиет Тақырыбы: Құстың ұясы. Мақсаты: «Құстың ұясы» әңгімесінің мазмұнын түсіндіру



Дата21.07.2020
өлшемі13,74 Kb.
#63493

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Қатынас Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті:Көркем әдебиет Тақырыбы: Құстың ұясы. Мақсаты: « Құстың ұясы» әңгімесінің мазмұнын түсіндіру. Балаларға құстар жөнінде түсініктер беру, құстардың жыл мезгіліне байланысты бөлінетінін айту.Көрнекілігі: Құстардыңсуреттері,Қолданылатын әдіс – тәсілдері:Түсіндіру, көрнекілік, сұрақ-жауап, әңгімелеуСөздік жұмыс:

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивация-лық

қозғаушылық

Балалар, кәне бәріміз дұрыс отырып , оқу іс-әрекетіне көңіл аударалық.

Балалар бәрі тәрбиешіге назар аударады. Өтілгенді қайталайды.

Ұйымдастыру-шы-іздестіру


«Жұмбақ» жасырамын.

1.Екi айыр құйрығы,

Қияқ мұрт қанаты,

Ұшқырлардың жүйрiгi.  

2.Тақылдатып,

Мазаны ап,

Ағаштарды тазалап,

Ормандарды емдейдi,

Зиянкестi жазалап.    

3.Талдың басында,

Жемi бар қасында.

Там тұр саялы,

Достарға аялы.  

Жаңа оқу іс-әрекеті: Бүгін біз «Құстың ұясы» әңгімесімен танысамыз. Әңгімені оқып, мазмұнын түсіндіру. «Құстар туралы бейнетаспадан көрсетіп, мағлұмат беремін.

Суретпен жұмыс

Балалар сұрақтарға жауап бере отырып, жылжымалы суреттермен әңгімені қайталатады.

«Музыкаға ырғақты қимыл»

Жұмбақтың шешуін табады.

(Қарлығаш)


(Тоқылдақ)

(Құс ұясы)
Жаңа оқу іс-әрекетін түсінеді.Бейнетаспа тамашалау, әңгімелеу.

Суреттер арқылы тапсырманы орындатады. Балалар тәрбиешінің көмегімен әңгімені қайталайды, сұрақтарға жауап береді.

Cергіту сәтін қимылмен жасайды

Рефлексивті-коррекция-лаушы

Ойын: «Құстар қайда тұрақтайды?» Шарты:Сипатына қарай қай құс екенін табу. -Балалар бүгін біз не туралы әңгімелестік?Құстардан қандай үлгі алуға болады екен?Балаларды мадақтау

Ойынға қызыға қатысады. Сұрақтарға –жауап береді.

Күтілетін нәтиже: Біледі: Балалар ертегі желісін біледі. Үйренеді:Негізгі ойды анықтай білуге шығарманы зейін қойып тыңдап, ондағы кейіпкерлердің көңіл-күйін сезінуге үйренеді,Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Ертегі мазмұнын ретімен айту дағдысын, жағымды, жағымсыз кейіпкерлерді айыра білуге дағдыланады,халық ауыз әдебиетінің туындыларын тыңдауға деген қызығушылығы артады,ертегіні жүйелеп айта білуді меңгереді.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет