Жасөспірімдік кезең психологиясы (16-17 жас). Өтпелі кезең. 15 (немесе 14-16)жас – жеткіншек және жастық арасындағы өтпелі кезеңі. Бұл уақыт 9 сыныпқа келеді. Осы сыныпта ары қарайғы өмірі жайында ойлана бастайды. Жасөспірімнен кәсіби өзіндік анықталу талап етіледі. Бұл жерде ол өзінің қабілеті және бейімділігі туралы ойлану керек, болашық кәсіп туралы көзқарасы болуы қажет. Бұл кезде балалардың көбісі мазасыз, эмоциялы және кез келген таңдаудан қорқады. Сондықтан көбісі оқуды мектепте жалғастырғанды жөн көреді.
Өтпелі кезеңде қабылдау әлсірей түседі.Олардың болашақ
өмірімен байланысты сұрақтарына бағытталуда ересектерге деген қызығушылық пайда болады.
Л.С.Выготскийдің ойынша, өтпелі кезең екі процестен тұрады:
- табиғи- жыныстық жетілуді қоса алғандағы ағзадағы биологиялық жетілу процесі;
- әлеуметтік- қарым-қатынас, тәрбие, әлеуметтендіру процесі.
Бұл процестер өзара байланысты болғанымен, синхронды емес (біруақтылы емес).
- әр баладағы физикалық және психикалық даму әртүрлі қарқында болды (бір бала 14-15 жасында үлкен көрініп, ал басқа бала кіші болып көрінеді);
- жекелеген биологиялық жүйелер мен психиканың жетілуінде ішкі диспропорциялар болады;
- физикалық есеюге сәйкес келмейтін әлеуметтік есею байқалады (әлеуметтік қалыптасудың жетілуі, мамандық алу, экономикалық дербестік және азаматтық тұрғыда өзін-өзі анықтауға қарағанда физикалық жетілуі жылдам жүреді). Жасөспірімдік кезең биологиялық мағынада өтпелі болып табылады. Жасөспірімнің әлеуметтік мәртебесінің баланікінен айырмашылығы сол жасөспірімдер әке шешесі мен мемлекеттің қарауында. Олардың басты харекеті-оқу.
Биологиялық факорларға жыныстық жетілудің, сонымен қатар, барлық мүшелердің, талшықтардың және ағза жүйесінің қарқынды дамуы мен қайта құрылуын жатқызады. Жасөспірімнің ағзасындағы болып жатқан өзгерістерді еске ала отырып, осы жастағы бала әрекетіндегі ерекшеліктерді түсіндіруге болады. Жыныстық жетілу ең басты биологиялық фактор ретінде іс-әрекетке емес, жанама түрде әсер етеді.
Жас өспірім кезіндегі іс-әрекеттің кенет өзгеруі негізгі психологиялық “механизмін” нобайлап, келесідегідей елестетуге болады: жыныстық жетілу кезінде қанда жаңа гармондар пайда болады және олар орталық жүйке жүйесіне әсер етеді. Қарқынды физикалық даму балалардың белсенділігін, физикалық және психикалық мүмкіндіктерін арттырып, олардың өздерін үлкен адамдарша сезініп, дербестікке ұмтылуына қолайлы жағдай жасайды.
Тоғызыншы сынып оқушыларын болашақ өмір кәсіби тұрғыдан қызықтырады. Ата-аналарымен өмірлік жоспарлары, ең бастысы кәсіби жоспарлар талқыланады. Жасөспірім жақын ересек адамына идеал ретінде қарайды. Бітіруші сыныптарда балалардың ынтасы кәсіби өзіндік анықталуға шоғырланады.