Педагогикалық ұжымның дарынды балалармен жүргізетін жұмыстарының жүйесі



Дата01.05.2020
өлшемі0,54 Mb.
#65282
Байланысты:
Практикалық сабақ № 9

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Факультет: Кәсіби-шығармашылық

Мамандық: 5В010700


Педагогикалық ұжымның дарынды балалармен жүргізетін жұмыстарының жүйесі

Орындаған: Калыбекова Ж.К.



Тексерген: Капина Э.Ә.

2020 жыл

Жоспар

  • «Интеллект», «қабілеттілік», «дарындылық», «талант» ұғымдары
  • Дарынды балалармен жүргізетін тәрбие жұмыстарының жүйесі
  • Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстардағы педагогиалық іс-әрекеттің қағидалары мен заңдылықтары

Интеллект (лат. іntellectus — таным, ұғыну, аңдау) — жеке тұлғаның ақыл-ой қабілеті. Ақыл-ой сезімі адамның таным әрекетімен байланысты.

Алғашында бұл термин адам психикасының орынды ойлау функцияларын белгілесе, казіргі кезде оған барлық танымдық үрдістер кіреді. Интеллект - адамның болмысты тануының негізгі нысаны. Интеллект - ақпаратты мақсатты бағытта қайта өңдеуге, реттеуге, оқуға қабілеттіліктің күрделі жүйелерінің танымдық іс-әрекеті. Интеллект функциялары:

  • оқуға деген қабілеттілік;
  • қоршаған болмысының заңдылықтарын белсенді меңгеруге қабілеттілік.
  • Бірқатар психологиялық тұжырымдамаларда интеллект ақыл-ой операцияларының жүйесімен теңестірледі.

Қабілет — тұлғаның қызмет түрлерін атқару тәсілдерін жетік меңгеруінен көрініс табатын, оларды игеру мүмкіндігін шарттастыратын, жемісті нәтижеге қол жеткізу мүмкіндіктерін көрсететін дара - психологиялық ерекшелігі.

Әр түрлі іс-әрекеттер аймағына қажет білім, ептілік- дағдылар бірлігін жеңіл әрі нәтижелі игеруді қамтамасыз етуші жалпы қабілеттер ерекшелігін дарындылық деп атайды. Дарындылық әрбір адамның ақыл-сана, оқу, шығармашылық, көркем-өнер, адам аралық қатынастар түзу және психомоторлық қызметтерінде көрініс береді. Дарынды адамдарға тән қасиеттер: зейінділік, жинақылық, тұрақтылық, әрқашан қызметке дайын болу; мұндай түлғалар, сонымен бірге, мақсатқа жетуде ақылға сай табандылыққа ие, еңбекте шаршап-шалдығуды білмейді, басқалармен салыстырғанда интеллекттік деңгейі анағұрлым жоғары.

Талант (гр. talanton — бастапқыда салмақ, өлшем, кейіннен ауыспалы мағынада — қабілеттер деңгейі) — қабілеттердің ең алдымен, арнайы қабілеттердің дамуының биік деңгейі. Таланттың болуы туралы адам қарекетінің принципті жаңалығымен, бірегейлігімен ерекшеленуге тиіс нәтижелеріне қарап айтуға болады. Адамның таланты айқын қажетсінушілік пен шығармашылыққа бағытталып, әрқашан белгілі бір қоғамдық талап-тілектерді бейнелейді. Осы себепті адамның талантының дамуында оның дүниетанымы, қоғамдық позициясы орасан зор рөл атқарады. Талант деп қандай да бір іс-әрекеттің, әсіресе табысты, дербес түрде шешілуіне жағдай жасайтын аса үздік қабілеттіліктердің ұштасуын атайды.

Бүгінгі таңдағы негізгі мақсат – ұлттық құндылықты әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті, өзіндік жеке көзқарасы қалыптасқан тұлға тәрбиелеу. Ол үшін оқушылардың белсенділігін арттыру, ізденімпаздыққа үйрету және білімді өз бетінше алуы мен қолдана білетін дарын иесін тәрбиелеу керек.

Баланың белгілі бір іс -әрекетке белсенділігі жас кезінен байқалады. «Дарындылық» термині «дарын» сөзінен шыққан, адамның ерекше қолайлы ішкі алғы шарты дегенді білдіреді. Дарындылық білім беру, тәрбиелеу жұмысының әсерінен ғана емес, балалардың өз қүштерін жүзеге асыру кезінде ғана дамиды.


Дарынды балалармен жұмыс жүргізудің мақсаты

1.Баланың шығармашылық қабілетін және өз бетінше шығармашылық ізденісін дамыту.

2.Пәнге терең қызығушылығын арттыру.

3.Оқушының әсерлілік сезімін қалыптастыру.

4.Оқушының белсенділігін арттыру мақсатында даму деңгейін, танымдық белсенділігін арттыра оқыту.

5.Жалпы білім – білік дағдыларын дамыта оқыту.



6.Білімнің бағасын арттыру.

Дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыстың міндеті

1.Оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттыру.

2. Шығармашылық қабілеттерін дамыту, жан-жақты дамуына жеке адамдық ерекше көңіл бөлу.

3. Оқушыны қоршаған ортаны аялауға, ғылыми зерттеу дағдыларын қалыптастыруға тәрбиелеу.

Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс жоспары

1. Дарынды баланы іздеп табу және іріктеу.

2. Тереңдетілген бағдарлама бойынша оқыту.

3. Дарынды балалармен жүйелі түрде қосымша сабақтар өткізу.

4. Проблемалық оқыту әдістерін пайдалана отырып оқыту. Ізденіс жұмыстарын (реферат, баяндама, сөзжұмбақ, ребус, шығарма, өлең шығару т.б), өз бетінше ізденіп оқуды ұйымдастыру, дамыту.

5. Мектепішілік және аудандық, пәндік олимпиадаларға, конкурс- сайыстарға қатыстыру.

6. Жаңа педагогикалық технологияларды пайдалана отырып оқыту.

Оқу – тәрбие жұмысында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың түрлері

1. Оқушыларды мұражайға апару

2. Өнер қайраткерлерімен, ақын – жазушылармен кездесу өткізу.

3. Түрлі тақырыптарда әңгіме, пікірталас, кездесу өткізіп, алған әсерлері бойынша шығарма жазу, ауызша және жазбаша түрде өз ойын еркін жеткізе білу.

4. Ақпараттық құралдар жаңалықтармен таныс болу.

5. Ғылым мен техниканың озық үлгілерін пайдалану.

6. Күрделі тапсырмаларды орындау.

Назарларынызға рахмет!!!



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет