Әлеуметтік интеллект



Дата09.12.2023
өлшемі1,77 Mb.
#196061
Байланысты:
Әлеуметтік интеллект

Әлеуметтік интеллект ұғымына талдау

Интеллект (лат. іntellectus — таным, ұғыну, аңдау) — жеке тұлғаның ақыл-ой қабілеті. Ақыл-ой сезімі адамның таным әрекетімен байланысты.

  • Интеллект (лат. іntellectus — таным, ұғыну, аңдау) — жеке тұлғаның ақыл-ой қабілеті. Ақыл-ой сезімі адамның таным әрекетімен байланысты.
  • Алғашында бұл термин адам психикасының орынды ойлау функцияларын белгілесе, казіргі кезде оған барлық танымдық үрдістер кіреді. Интеллект - адамның болмысты тануының негізгі нысаны. Интеллект - ақпаратты мақсатты бағытта қайта өңдеуге, реттеуге, оқуға қабілеттіліктің күрделі жүйелерінің танымдық іс-әрекеті.

Интеллект функциялары:

  • оқуға деген қабілеттілік;
  • қоршаған болмысының заңдылықтарын белсенді меңгеруге қабілеттілік.

Интеллектіні, өз кезегінде көптеген ғалымдар зерттеген. В. Штерн мен Ж. Пиаже интеллектіні өмірдің қолма-қол жағдайларына биопсихикалық бейімделу ретінде түсіндірді. А.Бине мен Т. Симон алғаш рет 1905 жылы интеллектіні өлшеу үшін тест жасаған болатын М. Вертхеймер мен В. Келер инсайт түсінігін қалыптастырды.

  • Интеллектіні, өз кезегінде көптеген ғалымдар зерттеген. В. Штерн мен Ж. Пиаже интеллектіні өмірдің қолма-қол жағдайларына биопсихикалық бейімделу ретінде түсіндірді. А.Бине мен Т. Симон алғаш рет 1905 жылы интеллектіні өлшеу үшін тест жасаған болатын М. Вертхеймер мен В. Келер инсайт түсінігін қалыптастырды.

Интеллектінің түрі әлеуметтік интеллект

  • Интеллектінің түрі әлеуметтік интеллект

Әлеуметтік интеллект

  • Әлеуметтік интеллект мәселесі шетелдік және отандық ғалымдар еңбектерінде теориялық және тәжірибелік тұрғыдан жан-жақты зерттелді. Олардың басым бөлігінде әлеуметтік интеллектіге адамның өзінің және өзгелердің мінез-құлқын адекватты түсіну және бағалау қабілеті деген анықтама беріледі. Бұл қабілет тиімді тұлғааралық байланыстарды орнату және табысты бейімделу мәселелерін шешеді.
  • Әлеуметтік интеллект – айналадағылармен өнімді іс-әрекетке түсуді анықтайтын және әлеуметтік-психологиялық қатынастарды бейнелеумен байланысты танымдық процестерді реттейтін қабілет.

Э.Торндайк 1920 жылы «әлеуметтік интеллект» ұғымын адамның болжаушылық және операционалдық-коммуникативтік қабілетінің тұлғааралық қатынаста көрінуі ретінде алғаш қолданған еді.

  • Э.Торндайк 1920 жылы «әлеуметтік интеллект» ұғымын адамның болжаушылық және операционалдық-коммуникативтік қабілетінің тұлғааралық қатынаста көрінуі ретінде алғаш қолданған еді.
  • Әлеуметтік интеллект, эмоционалды ашықтық, шынай педагогикалық ізгілік, әлеуметтік-кәсіби жауапкершілік, ерікті батыл әрекеттерге қабілеттілік, коммуникативтілік педагог тұлғасының кәсіби маңызды сапаларына жатады.

Әлеуметтік интеллектінің В.Н.Куницына ұсынған анықтамасы:

  • Әлеуметтік интеллект – интеллектуалдық, тұлғалық, коммуникативтік және мінез-құлықтық бітістері негізінде қалыптасатын, өзіндік реттеу процесінің қуаттылығын қамтамасыз ететін жаһандық қабілет, ол тұлғааралық жағдаяттың дамуын болжауға, әлеуметтік өзара әрекет пен шешім қабылдауда тұлға дайындығын түсіндіруге көмектеседі.
  • Әлеуметтік интеллект туралы алғашқы зерттеулер шетел ғалымдарының (Дж.Гилфорд, Н.Кэнтор, М.Саливен, Р.Стернберг) еңбектерінде кездеседі. Ресейлік (Н.А.Аминов, Ю.Н.Емельянов, В.Н.Куницина, О.Б.Чеснокова, А.Л.Южанинова) және отандық психологияда бұл мәселе тек ХХ ғ. соңында ғана зерттеле бастаған, салыстырмалы түрде жаңа бағыттағы зерттеулер қатарына жатады.

Н.Куницина зерттеулерінде әлеуметтік интеллекттің негізгі төрт аспектісі сипатталады:

Ю.Н.Емельянов, А.Л.Южанинова зерттеулерінде әлеуметтік интеллекттің функциялары сипатталған:

  • Қорыта айтқанда, әлеуметтік интеллект тұлғаның коммуникативті қабілеттерінің танымдық құрамасы болып табылады, ол өзін-өзі тану, өздігінен білім алу, тұлғааралық жағдайлардың дамуын болжай және жоспарлай алу білігін, яғни коммуникативті құзыреттілікті қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет