Басқару іс-әрекетіндегі зейінділік



бет1/3
Дата12.03.2023
өлшемі20,01 Kb.
#171981
  1   2   3
Байланысты:
тапсырма 4

БАСҚАРУ ІС-ӘРЕКЕТІНДЕГІ ЗЕЙІНДІЛІК


Осыған Зейін өздігінен жеке-дара психикалық процесс те, жеке адамның қасиеті де болып саналмайды. Сөйтсе де ол әрқашан адамның өмір тәжірибесіндегі іс-әрекетіне, таным процестеріне тікелей қатысты болып, оның қызығуын, бағытын көрсетеді.Зейін-кез-келген психикалық процестің тұрақты бір жағы.Сөйтіп ол адам іс-әрекетінің сапалы әрі нәтижелі болуын жәрдемдеседі. Зейін дегеніміз-сананың белгілі бір нәрсеге бағытталып, оның айқын бейнелеуін қамтамассыз етуі. Оны белгілі бір нәрсеге арнайы бағыттау және шоғырландыру қабілеті адамның белсенділігін білдіреді. Психиканың ерекше қасиеті ретінде зейін адамның еңбек процесінде қалыптасады. Мұндағы қажетті шарт- объектіні таңдап алып, сананы сол объектіге бағыттау. Зейін сыртқы орта құбылыстарына да, адамның өзінің ішкі психикалық күйлеріне де бағытталуы мүмкін.

Зейіннің физиологиялық механизмі

Махатма Ганди: «Қазіргі уақытта барлық зейінді аудару өзімшіл ақыл-ойдан гөрі сіздің өміріңізге енуге мүмкіндік береді.»

Зейіннің физиологиялық механизімі өте күрделі.Оның негізі-жүйке-жүйесінің әр түрлі деңгейде тұрған сезгіштік қызметі.Сезгіш дегеніміз-ми қабының төменгі қатарында орналасқан ретикулярлық формациялар деп аталатын анатомиялық және функцияналдылық ерекшелік.Ретикулярлық формацияның өрлеуші, төмендеуші дейтін екі түрлі бар.Ол бір импульстерді сиретіп тежеп, екіншілерін күшейтіп, ми қабығына талғап жеткізіп отырады. Осының нәтижесінде сананың айқындығы реттеледі.

Негізгі бөлім

К.Д.Ушинский: «Зейін адам санасы арқылы қорытылатын және одан өтетін барлық ойды аңғаратын адам жанының жалғыз ғана есігі болып табылады»

Адамды мінез сипатына қарай зейінді,зейінсіз, алаңғасар деп қарастырамыз.Іс-әрекет кезінде зейіннің белгілі бір түрілері қосарланып,зейінділікті тудырады. Еркі күшті,алдына қойған мақсаты айқын,соған жетуіге талпынушы кісіге ырықты және үйреншікті зейін тән. Бұл жағдайда зейіннің ауысуы шабандығы,бөлінуінің нашарлығы сияты кемшілікткр байқала қоймайды. Зейінсіздік - бір нәрсеге ден қоя алмай,үстірт пікір айту,өзге адамның жан дүниесін байқай алмау. Жігерсіздік білім саясыздығы,мейірімсіздік сияқты ерекшеліктер басқа адамдардың тағдарымен санаспайтын немқұрайдылақты туғызады. Адам бір нәрсеге ықыласты, ал өзге сәрсеге ықыласты,ал өзге нәрсеге ықылассыз болуы мүмкін. Бұл адамдардың нәрселерге деген талғампаздығын көрсетеді. Ой талғымның дәлдігі,қолға алған істі аяғыны дейін бітіру,адамның жан дүниесінің босаңдығы, табансыздық көрсету,ұшқалақ мінез-бәрі де адам зейінінің типтік сипаттарын білдіретін қасиет-ерекшеліктер. Зейіннің саналы әрекетпен,адамның мінез-құлқымен,темперамент ерекшеліктерімен байланысты еккендігі адам пихикасысының кез келген ерекшелігінен анық аңғарылып тұрады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет