2021-2022 оқу жылы Тәжірибе көрсету Мақсаты: Оқушылардың информатика пәні бойынша білімін арттыру. Оқушыларды тез шешім қабылдауға, және өз бетімен жұмыстануға баулу
Міндеттері:
Оқушылар өздерін топтық жұмыс дағдысында көрсетеді.
Оқушылар өздерін гуманитарлық бағытта танытады.
Сұрақ- жауаптарға қырағылық танытып жауап береді.
Көз және қол шапшаңдығын қажет ететін тапсырмалар орындайды.
Нәтиже: Оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығы артады, өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарап, оларды тиянақты орындайтын дәрежеге жетеді. Ой- өрістерін дамытады,қырағылыққа үйретеді. Оқушылардың ашылмай жүрген қасиеттерін бақылап, оларды жаңа қырларынан көрсетеді.