Сабақтарына пікір «№46 жалпы орта білім беретін мектеп»



Дата27.02.2023
өлшемі16,86 Kb.
#170268
түріСабақ
Байланысты:
Зерртеу сабақтарына ПІКІР


«№46 ЖОББМ» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Сарбасова Куралай Балелгазиновнаның
қазақ тілі пәнінен Lesson study зерттеу сабақтарына
ПІКІР
«№46 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сарбасова Куралай Балелгазиновна Lesson study тәсілі негізінде төменде көрсетілген сабақ тақырыптары бойынша зерттеу сабақтарын өткізді.

  1. 30.11.2023ж. «Астана циркі»

  2. 14.12.2023ж. «Алаш қайраткері- Міржақып Дулатов»

  3. 19.01.2023ж. «Қазақстан көлдері»

Зерттеу нысаны ретінде 6 «А» сыныбы таңдап алынған. Топ мүшелері бірлесе жұмыс атқарып, бақылауға алынатын оқушыларды анықтап алған.
А оқушысы /Нұрғазы Мансұр/ сабақта белсенді, үлгерімі өте жақсы.
В оқушы /Тлеубердыева Аяжан/ сабақта үлгерімі жақсы.
С оқушы /Беймбетова Назымхан/ сабақта белсенділігі төмен, мұғалімнің көмегіне сүйенеді. 
1 сабақ: Астана циркі
Мұғалім жаңа тақырыпты ашу мақсатында «Миға шабуыл» әдісі арқылы сұрақты топта талқылатқызды. Бақылауға алынған оқушылар, яғни А оқушысы топта талдау арқылы белсенділік көрсетіп, сұраққа дұрыс жауап берді. В оқушы тақырыпты дұрыс тапқанымен кейбір ашық сұрақтарға кідіріспен жауап беріп отырды. С оқушы топтың көмегіне сүйеніп, сұраққа толық жауап бере алмады. Мұғалім өзінің сабағында Lesson study тәсілі бойынша оқушының мүмкіндіктерін ескере отырып, нәтижеге қол жеткізу үшін қолжетімді, тиімді қадамдар жасауға болатынына көз жеткізді.
2 сабақ: «Алаш қайраткері - Міржақып Дулатов»
Сыныпта топтық жұмыс жүргізілді. Әр топқа жаңа тақырып аясында мәтіндер таратылды. «Өрмекші» әдісі бойынша мәтінде көтерілген мәселені анықтады. Зерттеу сабағы барысында А оқушысы – берілген әдіске мәтінді салып, толықтай жауап берді, В оқушысы – түсінгенін жазғанымен, мәтінде көтерілген мәселені анықтауда қателіктер жіберді. Бірақ оқушыда белсенділік пайда болып, ойын қысылмай еркін айтуға үйренді. С оқушысы – көбінесе топ мүшелерінің көмегіне сүйенді, сабаққа қызығушылығы ояна бастады.
3 сабақ: «Қазақстан көлдері»
Топ мүшелері сабақ беретін мұғалімнің өткен сабағы бойынша ұсыныстарды ескеріп, жоспарды зерттеу тобында тағы да талқылап, қайта жоспарлап, соңғы сабағын өткізді. Бақылауға алынған оқушылар жоспарлағандарындай оқушылар орнында отырып жауап бергендіктен, оқушыларды қобалжу болмады. Бұл сабақта жаңа тақырып аз бөліктерден жұптарға бөлініп берілді. Жұптағы 1-ші оқушы мәтінді оқып, жұбына: «Сен қалай ойлайсың, мәтін не туралы айтып тұр?» немесе «Мәтінде нені әңгімелеп тұр? деген сияқты сұрақтар қойды. Ал 2-ші оқушы түсінгенін өз сөзімен айтты, ал 1-ші оқушы 2-шіге «Өте жақсы түсініпсің, жарайсың!», «Жақсы, бірақ, түсінгеніңді өз сөзіңмен айтып үйрен!» деген сияқты кері байланыстар берді. Сабақта оқушылар бірін-бірі тыңдап, қызығушылықпен жұмыс жасады. Бұл сабақта оқушыларда ой еркіндігі пайда болып, ойларын дұрыс тұжырымдар айтуға тырысты. Мәтінмен жұмыс жасағанда «Интервью» әдісінің тиімділігін байқалды. А оқушысы – жұбымен ынтымақтаса жұмыс жасаса, В оқушысында белсенділік пайда болып, қолын көтеріп сабаққа қызыға қатыса бастағаны байқалды. Сол сияқты С оқушысының да сабаққа қызығушылығы оянып, сабаққа қатыса бастағанын көруге болады.
Мұғалімнің өткізген зерттеу сабақтары зерттелетін жекелеген оқушылардың оқудағы қажеттіліктеріне назар аудара алатындай, олар туралы көбірек білуге, оқушының қажеттіліктерін ескеріп отыруға мүмкіндік бере алды.

Әдістемелік бірлестік жетекшісі,


қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі: Конаева С.Б.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет