Тарих сабағында топтық ЖҰмыс арқылы оқушылардың ынтымақтаса жұмыс жасауын қалыптастыру турганбаева Зибаш



Дата18.06.2017
өлшемі85,34 Kb.
#19164
ТАРИХ САБАҒЫНДА ТОПТЫҚ ЖҰМЫС АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЫНТЫМАҚТАСА ЖҰМЫС ЖАСАУЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Турганбаева Зибаш

№93 орта мектеп, Лахалы ауылы, Қазалы ауданы, Қызылорда облысы


Аннотация

Ұзақ жылдар бойы жалпы білім беретін мектептердің алдында оқушыға білім, іскерлік дағдыны қалыптастыру міндеті тұрды. Ал қазіргі мектептердің және ұстаздардың алдында жеке тұлғаны қалыптастыру мақсаты тұр. Сындарлы оқыту теориясы негізінде жұмыс жасау-заман талабы болғандықтан осы кезеңде білім беру саласында оқушылардың бойында өзекті біліммен қатар, тиісті тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру маңызды болуда. Қазіргі оқыту мен оқу үдерістерінің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару. Сондықтан сыныпта өткізілген әр сабақтың нәтижеге бағытталып жүргізілуіне көңіл бөлінуде. Менің мақаламның жаңалығы деңгейлік бағдарламаға сәйкес сыныптағы сабақтардың нәтижеге бағытталып жүргізілуінде және сабақтардағы ынтымақтаса жүргізілген жұмыстардың нәтиже бере бастағанында.
Долгие годы в общеобразовательных школах сформироватьучащихся знаниями было обязанным. А сейчас перед школой и учителями стоит цель сформировать личность учащихся. В основу программы несмотря на множество рассматриваемых в ней научных подходов, заложена конструктивисткая теория обучения, которая становится важным. Особое внимание надо обращать на то, что из числа современных научных подходов, используемых различными системами среднего образования, наиболее популярными являются подходы основанные на конструктивистких теориях. Поэтому, важным аспектом деятельности учителя является стремление понять, осознать необходимость работы с учениками в целях улучщения их понимания. Научная новость моей статьи показывает ожидаемый результат по уровневой программе, сформированность у учеников навыков обучения увлеченными, уверенными, ответственными личностями с развитым критическим мышлением, проявляющимися компетентность.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына кезекті Жолдауында «Өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс» - деген болатын.[1] Бұл әсіресе білім саласында қызмет жасайтын педагогтарға да, білім алушы оқушыларға да тікелей қатысты болып отыр.

Уақыт талабына сай жаңа ізденістер мен тәжірибелердің өте қажеттігі барлық жерде де сезілуде. Бұған себеп қазіргі кезде барлық салада да айтылып және үнемі қолданысқа енген жаһандану болып отыр. Сондықтан адамзат өз дамуының жаңа дәуіріне қадам басқан уақытта жағдайға тез бейімделе алатын және «құзырлы» ұлт қана жоғары деңгейде өмір сүре алатындығын көрсетуде. Халықаралық стандарттарға сәйкес келетін сапалы оқу мен тәрбиелеуге қол жеткізу мәселелері басты орында. Дамыған елдердің білім стандарттарына ұмтылыс жасау және әлемдік үрдістерге кірігу еліміздегі мектептердің де жаңа сапалық деңгейге жылдам өту қажеттілігін туғызуда. Әлемдік бәсекелестік заманда әрбір адамның білім сапасын және қабілеттілік деңгейін, іскерлік мүмкіндігін анықтайтын адам ресурстарын дамыту мәселелері күн тәртібіне өткір қойылып отыр. Олай болса, бәсекеге қабілетті интеллектуалдық күші жетік кадр болмай, әлемдік бәсекеге төтеп бере алатындай экономика, қоғам болмайды.

Қазіргі қоғамның даму кезеңінде адамның ақыл-ойын бағалау, оның шығармашылық әлеуетін мейлінше көтеру қарастырылуда. Ал біз мектептегі білім сапасының артуы мен дамуына жауапты болғандықтан, кәсіби біліктілік қабілетімізді жетілдіру басты міндетіміз. Бұл міндеттерді шешу педагог кадрларының қолында. Ол үшін не істеу керек? Барлық мектептерде қазіргі уақытта деңгейлік бағдарламамен оқыту жолға қойылған. Біздің мектебімізде де үш деңгей бойынша мұғалімдер біліктіліктерін арттырып келді. Соның негізінде мектебімізде жаңаша оқыту жолдарын қарастырып, МДЖ жоспарын жасап, іс-әрекетті зерттеу жұмыстарын бастап та кеттік. Білім алушыларды өмірге бейімдеу мақсатында сыныптағы сабақтарымызда түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып, олардың алған білімдерін келешекте де іске асыру жолдарын қарастырудамыз. Атап айтсақ:



  • Білім алушының шығармашылық әлеуетін дамытуға жағдай жасау;

  • Шығармашылық әрекет түрлерін, оны дамытудың жолдарын меңгеруіне көмектесу;

  • Өзінің шығармашылық деңгейін анықтап, өз-өзіне баға бере білуіне ықпал ету;

  • Шығармашылықпен дамуына кері әсер ететін кедергілерді жеңе білуді меңгеруіне әсер ету.

Бұндай жұмыстардың үнемі орындалып, білім алушының шығармашылықпен дамуына жағдай жасау мектеп кадрларынан да шығармашылықпен дамуды қажет ететіні айтпаса да түсінікті. Көшбасшы мұғалім ретінде сабақта қолданылатын әдістерді бұрынғыдан өзгертіп, жаңадан жаңа тудыратын жаңа заман сабағын өткізуді қолға алдым. Ал бұл жұмысымның алға жылжуы тек өзіме ғана байланысты екенін түсіндім. Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін мектептегі мұғалімдерге үйрету мақсатында коучингтер өткізіп, олардың сабақтарында үнемі қолдануына жағдай жасалды. Және оның орындалуын үнемі өзім қадағалап отырдым. Мектептегі мұғалімдермен бірлесе кәсіби қоғамдастық құрылды. Осы қоғамдастықтың жұмысын алға апару негізінде жылдық жұмыс жоспары жасалып, мұғалімдердің атқаратын іс-әрекеттері бөлініп берілді. Кәсіби қоғамдастық негізінде мұғалімдердің кәсіби білімдерін жетілдіру қолға алынды. Соның нәтижесінде мектеп мұғалімдері өз сабақтарын топтық негізде жүргізе бастады. Ал топтық жұмыс оқушы білімінің ынтымақтаса жұмыс жасағанда ғана алға жылжитынын дәлелдеді. Шәкірт өздігінен үйренуі керек, сонда ғана оның білімі толығады, өзгелермен бірлесе жұмыс жасап, бұл білімінің өзіне қаншалықты қажет екенін айқындауы тиіс. Қазіргі мұғалімнің негізгі қызметі өзгерді десек те болады. Ол – ұйымдастырушы, ынталандырушы, басқарушы-менеджер, бағыт-бағдар беруші. Әлімов Асхат: «Әр сабақ шәкірттердің бірлескен әрекеттерінен құралуы қажет»[2, 3-бет] - деп көрсетеді өзінің Интербелсенді оқу әдістемесін мектепте қолдану деген еңбегінде. Жаңа деңгейлі бағдарламамен оқып келгеннен кейін өз сабақтарымның өту әдістерін өзгерттім. Себебі, оқушылармен өткізілетін топтық, жұптық, жеке жұмыстардың артықшылықтарын көре бастадым. Оқушылармен жұмыс барысында байқағаным, заманауи оқытудың негізгі 7 модулін сабақта қолдану оқушының өз бетінше дамуына кең жол ашатындығы. Олардың өз беттерінше «білім алуларына» үйрету керек. Сабақта оқушыларға заманауи оқытудың 7 модулі бойынша түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып, олардың жаңа сабақты өздері игеруіне мүмкіндік жасаймын. Сабақты көбіне топтық түрде өткізудің артықшылықтары барын байқадым. Сондықтан білім алушылардың үнемі бірлесе, ынтымақтаса жұмыс жасауына жағдай жасаймын. Сабақ көбіне ойын түрінде өтсе ғана жетік қабылданатынын білдім. Жоспарға сай іс-әрекетті зерттеу жұмыстары жүргізілді. Іс-әрекеттегі зерттеу жұмысымның тақырыбы: Топтық жұмыс жүргізу арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру.

Зерттеудің негізгі мақсаты: Тарих сабағында топтық жұмыс арқылы оқушылардың ынтымақтаса жұмыс жасауын қалыптастыру.

Зерттеудің нысаны: топтық жұмыс негізінде оқушылардың пәнге қызығушылығн арттырумен бірге шығармашылықпен ойлауын, бағалау түрлерін және оларды қолдана білуін үйрету.

Зерттеу жұмысының міндеттері: Топтық жұмыс жасау арқылы оқушылардың дағдыларын қалыптастыру, жаңа технология әдіс-тәсілдерін пайдалану.

Сондай сабақтардың бірі 5 сыныпта Қазақстан тарихынан әңгімелер пәнінен өткізілген сабақтың тақырыбы: Наурыз

Мақсаты: Наурыз мерекесінің тарихы, қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы және мерекенің тойлану жолдарымен таныса отырып, әңгіме жазуға үйрету

Күтілетін нәтиже: Фотогалерея арқылы жаңа сабақтың тақырыбын табады, «Блиц кездесу» арқылы тақырып мазмұнымен танысып, түсінеді, кластер сызып, оқығанын қолданады, мәтел сөздердің және бата-тілектердің мағынасын ашу үшін талдау жасайды, барлық алған мәліметтері бойынша әңгіме жазып, жинақтайды. Бір-бірін, топты бағалайды, сабақ туралы кері байланыс береді.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Негізгі идея: Ұлттық Наурыз мерекесінің тойлануы.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Сын тұрғысынан ойлау, диалогтік оқыту, Блум таксономиясы, психологиялық ахуал орнату, блиц кездесу, фотогалереяға саяхат, қол шапалақтау

Жұмыс түрлері: жеке, жұптық, топтық

Керекті құрал-жабдықтар: оқулық, қосымша материалдар, стикер, суреттер

Бағалау түрлері: бағалау парағы, смаилик, жұлдызша, балық, бағдаршам,

Сілтеме: Артықбаев Ж, Қазақстан тарихынан әңгімелер, 5-сынып, «Атамұра»-2015 ж.

Сыныпта көңіл-күйді дамытуға арналған психологиялық жаттығу жасау. Оқушыларды шеңберге жинаймын. Әр елді атай отырып, амандасу рәсімін жасау. Топқа бөлу.

1-топ: Көкпар.

2-топ: Қыдыр ата.

3-топ: Достық.

Әр топқа бағалау парақтарын, бағалау түрлерін таратамын.


Жаңа сабаққа кіріспе: Сурет галереясына саяхат. Сыныпқа оқушылар көріп тамашалау үшін суреттер ілінеді. Сурет бойынша бір-бірлеріне әңгімелеу керектігін ескертемін. Суреттермен жұмыс жасау арқылы жаңа тақырыпты табады.

Жаңа сабақ: Сабақтың мақсатымен таныстыру. Оқушылардың өз бетінше игеретін тақырыптарын оқулық бойынша бөлу.

1-топ: Қазақтың ұлттық мейрамдары.

2-топ: Наурыз мейрамы.

3-топ: Наурыз көже.

«Блиц кездесу» әдісі бойынша бір-бірлеріне тақырып мазмұнын түсіндіреді. Наурыз мерекесі туралы қосымша сұрақтар қоя отырып, толықтырып, айтады.



  • Оқушылар, қандай ұлттық ойындарды білеміз?

Әр топ өздері білетін ұлттық ойындарды атап, қалай ойналатынын түсіндіреді. Тақырып көлемінде кластер құрады. Жаңа сөздерді жазып алады. Жаңа сөздер:

Наурыз-жаңа күн,

Ұлыс-мемлекет, ел,

Зындан-шыңырау түрме.

Дәптерге орындалған жұмыстарды смаиликпен бағалау. 5 сынып оқушыларын жалықтырып алмау үшін оқушылар «Шырша» сергіту жаттығуын жасайды. Топпен жұмыс: Нақыл сөздердің мағынасын ашу:

1-топ: «Жуанның жіңішкеріп, жеңішкенің үзілер» шағы.

2-топ: «Самарқанның көк тасы да жібиді»

3-топ: «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!»

Оқушылар нақыл сөздерді енді өздері тілек ретінде құрастырады. Әр оқушының құрастырған нақыл сөздерін ерекше атап, мағынасын ашып көрсетемін.

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазып қалдырады. Әр топ өзіне тиесілі нақыл сөздердің мағынасын ашып көрсетеді. Сыныпта ілулі тұрған Наурыз мерекесіне байланысты суреттің бірін алып, «Төрт сөйлем» әдісі бойынша әңгіме құрастырып, оқиды. Әр оқушыдан соң, оқушылар бір-біріне құрмет көрсету мақсатында қолшапалақтап, қошемет көрсетеді. Стикерлер таратылып, оқушылар өздері мерекеге байланысты құрастырған баталарын жазып, топқа оқып береді және бірігіп қоржынға салады. Әр оқушының құрастырған баталарын бағдаршам арқылы топ мүшелері бағалайды. Сабақ соңында оқушылар бағалау парағын толтырып, топтың жинаған бағалау түрлеріне қарай қорытынды баға шығарады. Кері байланыс алынып, сабақтан алған әсерлерін жазу үшін стикерлер таратылады және сыныпта оқылып, өз пікірлерін білдіреді. Үй тапсырмасы беріледі, күнделіктеріне баға қойылады. Сабақ соңында бүгінгі өткен сабаққа өз пікірімді түсіремін. Онда сабақта жеткен жетістіктерім мен келешекте ескеретін кемшіліктерімді көрсетемін. Бұл мен үшін өз қателерім мен жетістіктерімнен үйрену болмақ. Әр сабақ зерттеуді қажет етеді. Сондықтан зерттеу сабақтарымның соңында жүргізілетін сұхбат арқылы А;В;С-деңгейлі оқушылардың айтқан пікірлерін үнемі ескеріп отыру, келесі сабақтың жетістігі болмақ. Олардың әрқайсысының жауапкершілігінің артатынын байқадым. Бірлесе жұмыс жасаудың артықшылығын оқушылардың өздері де сезіне бастады. Ынтымақтаса жұмыс жасау арқылы олардың белсенділігі мен шығармашылығы артады. Сонымен бірге сыни ойлауы дамып, сабаққа деген белсенділігі көрінді.

Еліміздің білім беру жүйесін жетілдіруде көзделіп отырған мақсаттардың ең негізгісі-әрбір жеке тұлғаға білім алудың өмірлік жолын еркін таңдауына мүмкіндік туғызу. Осы мақсатта білім негіздерін өз еркімен үйренетін, іс-әрекет мақсат, міндетін, тәсілін өзінше түсініп, алған білімін өмірде қолдана алатындай жағдайға оқушыны жеткізуіміз қажет. Оқытудың ұтымды технологиясының негізінде бұл мақсатқа да толық жетуге мүмкіндік зор.

Әдебиеттер тізімі:




  1. Назарбаев Н.Ә. Болашақтың іргесін бірге қалаймыз! Қазақстан халқына жолдауы. 2014 жыл // Егемен Қазақстан, 2014 жыл

  2. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. І деңгей

  3. Интербелсенді әдістемені ЖОО –да қолдану мәселелері, А.Әлімов. Алматы, 2013

  4. Тарықжанов Қ.П. Жаңа ақпараттық технологиялардың білім беру саласындағы рөлі. // Қазақстан тарихы әдістемелік журнал, 2013 ж №7

  5. Артықбаев Ж.О. 5 сыныпқа арналған Қазақстан тарихынан әңгімелер оқулығы. Алматы, «Атамұра» 2015 жыл



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет