1.Құндылық деген не? Адами құндылықтарға бір-екі мысал келтіріңіз



Дата30.10.2022
өлшемі14,08 Kb.
#155727
Байланысты:
5 тапсырма шынар


1.Құндылық деген не? Адами құндылықтарға бір-екі мысал келтіріңіз.
Тәрбие иен оқытудағы адамгершілікке бағытталған идеалдар құндылықтар деп қарастырылады. Оларға: шындық, қайырымдылық, тұлға, бостандық, махаббат, шығармашылық және т.б. жатады. Құндылықтар идеалдарды қабылдау немесе қабылдамау сезімі арқылы айқындалып, ақыл-ой, сана арқылы қабылданады, құрметтеу, қошаметтеу, қабылдау тәрізді ұмтылысты білдіреді. Бұл сезім мен ақыл-ойдың ұштасуын және сол арқылы адамның іс-әрекетін белгілейді. Құндылықтар сезім арқылы қабылданады, сана арқылы түсінуге болады. Соның нәтижесінде тұлға құндылықты игереді де, іс-әрекет етеді. Осы аталмыш құндылықтардың бастау көзі халықтың мол мұрасында. Ол мұра – халық пайда болғалы онымен бірге жасасып, бірге дамып келе жатқан құнды дүниелер.
2.Әлемдегі діндердің ішінен қайсысы дұрысырақ деп санайсыз? Неге екенін түсіндіріңіз.
Әлемде 10 000 түрден астам дін бары белгілі. Жер шары тұрғындарының 84 пайызы ең үлкен делінген 5 дінге сенеді. олар: Христиан, Ислам, Индуизм, Буддизм, және мәлім түрдегі Халықтық діндер. Менің ойымша діндердің ішінде ең дұрысы ислам діні деп санаймын. Қазіргі уақытта әлемде 1,5 млрд-қа жуық мұсылмандар өмір сүреді және жыл өте бұл көрсеткіш өсе түсуде. Еліміздің тарихы мен мәдениеті көптеген ғасырлар бойы Ислам дінімен тығыз байланыста дамып келеді. Ислам - қазақ халқының өзіндік руханияты мен мәдениетінің қалыптасуындағы негізгі қайнарлардың бірі болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет