25 қазан - Республика күніне сценарий
Зал қараңғы болып, сахнаның шамы жанып тұрады. Патриоттық фанфар қойылады. Интерактивті тақтада слайд жүре бастайды. Слайдтың сөзіне сәйкес үш тұлға шығады: Алихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы. Бір- бірден шығып, үстелдің үстінде бірдеңе талқылап отырады, орындарынан жаймен тұрып, сахнадан шыға береді. Нұрсұлтан Назарбаев келіп, трибунаға қолын қояды. Кезек Қ.Тоқаевқа келгенде онымен бірге артынан Ту ұстаған оқушы және Жасұландықтар бірге шығады. Тоқаевтың сөзінен кейін карта жанып, Ту көтеріледі де, галстук таққан Жасұландықтар Әнұран орындайды.
Фанфар
1-Жүргізуші:
Құттықтаймын қазағым,
Республика күнімен.
Бар ғаламға танылсын,
Әнұраным үнімен.
2-Жүргізуші:
Азаттықтың көк туы,
Желбіресін көгімде.
Бар жақсылық орналсын,
Егемендік елімде.
1-Жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар, бүгінгі Республика күніне арналған кешімізді ашық деп жариялаймыз!
2-Жүргізуші:
1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл еліміздің тәуелсіздік жолындағы тұңғыш қадамы болатын. Биыл 25 қазан – Республика күніне ұлттық мереке мәртебесі берілді.
1-Жүргізуші:
Биыл Қазақстан 13 жылдан кейін алғаш рет Республика күнін тойлайды. Бұл күн мереке қатарынан алынып тасталғанымен, биыл президент Қасым-Жомарт Тоқаев оны қайтадан атаулы күндердің бірі етіп бекітті.
2-Жүргізуші:
25 қазан Республика күні болып кездейсоқ таңдалған жоқ. 1990 жылдың дәл осы күні Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Жоғарғы Кеңесінің жарлығымен Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданған болатын. Декларацияда Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының егемендігі жарияланып, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздері жарияланды.
1-Жүргізуші:
Егеменді мемлекеттіліктің іргелі қағидаттары ретінде Қазақстанның жеке территориясы, азаматтығы, мемлекеттік бюджеті, халықаралық қатынастардағы дербестігі, мемлекеттік рәміздері бекітілді. Еліміздің тәуелсіздігі осы күннен басталады.
2-Жүргізуші:
Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Қазақстанды әлемнің жүзден астам елі таниды. Біздің еліміз дүние жүзіндегі ең ірі мемлекеттермен жан-жақты карым – қатынас жасайды. Егеменді еліміздің еңсесі биік болсын!
«Сақ» биі
1-Жүргізуші:
Қазақ поэзиясының хас шебері Қ.Аманжолов «Не деген бақытты едің, келер ұрпақ» деп жырлағандай тәуелсіз еліміздің бақытты ұрпақтары Республика күніне белсеңді атсалысып, өз үлестерін қосқандары үшін марапаттауға мектеп директоры Сапаралиева Бақыт Жұмабекқызын ортаға шақырамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |