Сценарий тақырыбы : Қазақшаңыз қалай? Сценарий түрі : танымдық ойын Сценарий мақсаты



Дата12.03.2018
өлшемі64,97 Kb.
#39119
түріСценарий
"Қазақшаңыз қалай?" танымдық ойыны

Сценарий тақырыбы: Қазақшаңыз қалай?

Сценарий түрі: танымдық ойын

Сценарий мақсаты:1. Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтап, ой-өрісін, білім деңгейін көтеру.

2. Түрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың тіл байлығын, ойлау қабілетін, қазақ тілінде еркін сөйлеу шеберліктерін жетілдіру.

3. Оқушылардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыру. Отанын, туған жерін, елін сүюге, халық дәстүрлерін сыйлауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер, интерактивті тақта, кеспе қағаздар.

І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың назарын танымдық ойынға аудару.

ІІ. Негізгі кезең.
1-жүргізуші:Құрметті әріптестер, оқушылар!
Бүгінгі «Қазақшаңыз қалай?» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Тіл сайысын өткізудегі мақсатымыз - басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге құрметпен қарауын, сонымен қатар, теледидарда жүргізілетін қазақша хабарға қызығушылықтарын арттыру.

2-жүргізуші:Қадір Мырза Әлі айтқандай, ұлы қазақ даласында 130-дан астам басқа ұлт өкілдері бір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатқаны бәрімізге мәлім. Қазақстан жерінде тұратын әр адам Отанын сүю, мәдениеті мен тілін білу және оларды қастерлеу қасиетті борышы екенін сезіну қажет. Осындай мақсатпен біздің мектебіміздің 3-ші сыныптар арасындағы «Қазақшаңыз қалай?» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.

1-жүргізуші:Бүгінгі сайыс мынадай кезеңдерден тұрады.
Жүрісі:
1. Таныстыру
2. Дода.
3. Сандар, суреттер

4. Алға, Эверест! Кім жылдам? (адам іздеріне жасырынған сөздердің соңғы әріптерімен сөздер жалғап алға озып шығу)


5. Сен білесің бе? (Жұлдызшалардағы әр түрлі деңгейдегі ұпайлар бойынша қызықты деректермен танысып, жауап беру)

6. Кім тапқыр? Әріптер сайысы. (Берілген әріптер бойынша сұрақтарға жауап беру )


7. Эврика! Берілген суретті топ мүшелері топ басшысына ымдап тапқызу керек

8.«Өнерпаз болсаң...»- үй жұмысы. Ән шырқау

2-жүргізуші: Сайыскерлердің білімін таразылап, өздеріне баға беруші әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1-жүргізуші:
Беташарын сайысымыздың бастайық,
Көрермендерді бір серпілтіп тастайық.
Таныстырсын сайыскерлер өздерін.
Өнеріне ду қол соғып қостайық.

2-жүргізуші:


Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Ана тілін білмеу қандай заңдылық?!
Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда,
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік!

І кезең. Таныстыру.


І-топ. «Жасқыран»
Қалықтап көкте жас қыран,
Халықпыз сөзге тоқтаған.
Тілімен топты жаратын.
Тобымыз біздің - «Жасқыран»

ІІ-топ. «Топжарған»


Шығарар намыс топты алдан,
Дуалы ауыз тілге арман.
Сайысқа келдік біліммен,
Тобымыз біздің - «Топжарған»

ІІ кезең. «Дода»
Бұл кезеңде әр топқа 10 сұрақ қойылады. Берілген сұрақтарға тоқтаусыз, дұрыс әрі жылдам жауап беру керек.
І топқа:
1. Қазақ әліпбиінде неше әріп бар? (42)
2. Қазақтың үш биін ата: Қазыбек, Әйтеке, Төле би
3. Қыста не жауады? – қар
4.Қыз Жібектің ғашығы? - Төлеген

5. Сүтті іше ме, жей ме? - ішеді


6. Қазақтың ұлттық аспаптарын ата ? – жетіген, домбыра, қобыз, сыбызғы, сазсырнай
7. Абай Құнанбаевтың шын аты кім? – Ибрагим
8. Бір жылда неше ай бар? – 12 ай бар
9. Наурызда пісірілетін басты тағам? – наурызкөже
10.Қазақтың ұлттық үйі? – киіз үй
ІІ топқа:
1. Абай Құнанбайұлы кім? – ақын
2. Қазақ тілінде етістік қайда тұрады? – сөйлемнің соңында
3. Қыс айларын ата: желтоқсан, қаңтар, ақпан
4. Қазақтың ұлттық ойындарын ата: тоғызқұмалақ, аударыспақ, казақша күрес, ақсүйек, асық ату.
5.Үш бәйтеректі ата ? – Сәкен, Ілияс, Бейімбет
6. Маймылдың орысшасы? – обьезяна
7. Тамақты бұзбайтын салқын жәшік? – тоңазытқыш
8. Бір жылда неше күн бар? 365 күн
9. Жүз жасаған ақын? - Жамбыл
10.Абай жолы эпопеясының авторы?М.Ә.

ІІІ кезең- «Сандар, суреттер»

1-топқа:

1)1986-жыл – Қайрат Рысқұлбеков Желтоқсан оқиғасына қатысты

2)1-желтоқсан – Тұңғыш Президент күні

3)1941-1945-жыл- Ұлы Отан соғысы болды

4) 45 – Абай 45 қара сөз жазды.

2-топқа:

1.(870-950 жж.) - Әбу Насыр әл-Фарабидің өмір сүрген жылдары

2.15-қараша -Ұлттық валюта – теңге күні. 

3.1992 жылы - Қазақтың тұңғыш ғарышкері Т.Әубәкіров ғарышқа ұшты. 

4.1991-жыл, 16-желтоқсан – ҚР-ның тәуелсіздігі күні


ІҮ кезең.Алға, Эверест «Кім жылдам?»
1-топ:Бас сағаттерезе - етік – киім – мейірімді – ірімшік – кілт - табиғат

2-топ: Жұмыртқа – аяқ – қонақ – қайшы – ыдыс – сыпырғыш – шалбар – раушан – нан


V. «Сен білесің бе?» (Қызықты деректер бойынша )
Тақтада жұлдызшаларда бал мен сұрақтар берілген. Берілген сұрақтарға ойланып, дұрыс жауап берейік. 5 5 5 5 5 5 ұпай
1-топ: 1. Қай елде орден-медальдар жоқ? (Щвейцария)

2. Қай елде конституция жоқ ? - Ұлыбританияда

3. Ең суық астана? – Улан-Батор.

2-топ: 1. Бірде-бір өзені жоқ мемлекет - ? Сауд Арабиясы

2. Адамнан телефон көп қала ? - Вашингтон
3. Қай елде жол полициясы жоқ? - Малайзияда
ҮІ кезең. «Кім тапқыр?» Әріптер сайысы.
Топтың әр мүшесі әріп таңдап алып, қойылған сұрақтарға сол әріптен басталатын сөздермен жауап береді.
І топқа:(ә, е, т, о, с)
1. Қазақ тілі пәні ұнай ма? – әрине
2. Досың кім? - Әсел
3. Сіз қайда тұрасыз? - Етікте

4. Бүгін қандай күн? – Екінші күн


5. Сіз қайда барасыз? - Театрға
6. . Қандай түс ұнайды? - таппадым

7 Жігіттер сырға таға ма? – оны білмедім


8. Бос уақытыңда не істейсің? - ойнаймын
9. Қандай тағамдар ұнайды? – сұйық тағамдар
10. Жасың нешеде? – сегізде

ІІ топқа: (а,ө, ж, м , қ)
1. Дүкеннен не сатып аласыз?  - алма
2. Есімің кім? – Айгүл
3. Аспанда не бар? – өзен
4. Мектеп мұғалімдері қандай? – өте жақсы
5. Сіз кіммен таныстыңыз?  - Жанармен

6. Алма тәтті ме? – жоқ


7. Кім болғың келеді? - мұғалім
8. Адамдар неден қорқады? – маймылдан
9. Сыныбыңда неше оқушы бар? - қырық
10. Қандай қаланы білесің? - Қарағанды

ҮІ кезең. «ЭВРИКА!»
Бұл кезеңде топ басшылары тақтада берілген суреттерді іс-қимылмен, ыммен түсіндіреді.
1-топқа: Көбелек(бабочка), аю (медведь), қолшатыр(зонтик), доп(мяч).

2-топқа: қасқыр(волк), кілт(ключ), ат(лошадь), балмұздақ (мороженое)



ҮІІ кезең. ЛОГИКА ӘЛЕМІ:

1-топқа:

Торда 12 құс отыр. Оның 11-і ұшып кетті. Торда қанша құс қалды? (12 құс. Тордан ұша алмайды)

Киіз үйдің бұрышында тышқан отыр.Бұл рас па ? (Теріс, себебі, киіз үйде бұрыш болмайды.)



2-топқа:

Көл бетінде 6 үйрек жүзіп жүрді. Аңшы біреуін мылтықпен атып тастады. Көл бетінде неше үйрек қалды?( 0, қалғандары ұшып кетті )

2 адам шахматты 2 сағатта ойнаса, 1 адам неше сағат ойнайды?  -( 2 сағат ойнайды)

ҮІІІ кезең.»Музыкалық нота» Әр топқа әннің үзіндісі беріледі. Соған орай әннің аты мен орындаушысын табу керек.

1-топқа: 1) «Әлия» әні, орныдаушысы – Роза Рымбаева

2) «Елім менің» Бекболат Тілеухан

2-топқа – 1)Ұстазым менің – Динара Қырықбаева,

2) « Отан-Ана» әні, Батырхан Шүкенов
«Өнерпаз болсаң...»
Оқушылардың дайындап келген өнеріне тоқталайық. «Менің Қазақстаным« әнім оқушылар бірге шырқайды.
1-жүргізуші:
«Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың сайысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты», - дегендей, сайыскерлерімізді бағалау үшін әділ қазыларымызға сөз берейік.

ІХ. Қорытындылау.
2-жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар, «Қазақшаңыз қалай?» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Тіл - әр ұлттың қайталанбас байлығы. Тіл бар жерде ұят та, ел де, жер де болмақ. Тілден артық қазына, тілден артық қасиет жоқ екеніне тағы көз жеткіздік. Сау болыңыздар!




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет