Отаным - алтын бесігім
(танымдық сайыс ойыны)
Мақсаты:
Елін, жерін, Отанын сүюге, еліміздің Тәуелсіздігін қорғауға тәрбиелеу.
Оқушылардың ой - өрісін дамыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу.
Қазақ тілі мен ағылшын тілін меңгеруге қызығушылығын арттыру.
Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті оқушылар, қадірменді ұстаздар! Еліміздің Тәуелсіздік алғанына 20 жыл толуына арналған «Отаным - алтын бесігім» атты танымдық сайыс ойынын тамашалауға шақырамыз.
1 оқушы:
Күн шаңырақты күміс отау далам бар,
Сүйсініңдер суретіне қарандар.
Туып өскен Отаным - Қазақстан,
Күлімдеп гүл жайнаған күн шығыстан.
2 оқушы:
Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұңысқан.
Ата бабам аңсап өскен бақытым,
Айналайын, Қазақстан - гүлстан.
Жүргізуші:
Береке де осында,
Мереке де осында.
Болып жатыр той - думан,
Білгірлердің қасында.
Ал, қанекей жас достар,
Босқа қарап тұрмаңдар.
Бастап сайыс өнерін,
Алыстарға самғаңдар.
Жүргізуші: Ал енді ортаға 7 және 8 - сынып оқушыларынан құралған сайыскер топтарды шақырамыз. Қарсы алайық. Сайыстың бірінші бөлімі «Таныстыру» деп аталады. Әр топ өздерінің топтарыныңатауымен, ұранымен таныстырады.
Жүргізуші: Сайыстың екінші бөлімі «Полиглот» деп аталады. Әр топқа 10 сөзден беріледі. Олар сөздерді қазақ ағылшын тілдеріне аударады. Әр дұрыс жауап бір ұпаймен есептеледі.
1 топ 2 топ
Страна столица
флаг герб
город знаменитый
красивый дружба
большой национальность
мир много
гордый праздник
независимый символы
государство граница
общество народ
Жүргізуші: Сайыстың үшінші бөлімі «Мақалдарды түсін» деп аталады. Әр топқа үш тілде мақал беріледі. Олар мақалдарды аударады немесе басқа тілдегі баламасын табады. Әр дұрыс жауап бір ұпаймен есептеледі.
1 топ мақалдары: 2-топ мақалдары:
Ас атасы - нан. Еңбек - адамның екінші анасы.
Знание - сила. Не ищи сто рублей,
а ищи сто друзей.
Жүргізуші: Сайыстың төртінші бөлімі «сөз құрастыр» деп аталады. Әр топқа ағылшын тілінің әріптер карточкасы беріледі. Олар сол әріптерден мына сөздерді құрастырады: Қазақстан, Президент, Астана, домбыра, бауырсақ. Әрбір дұрыс құрастырған сөз бір ұпайға ие болады.
Жүргізуші: бесінші сайыс ән айту сайысы; әр топ өзі дайындап келген қазақша, ағылшынша, өлеңдерін айтады. Әр ән бес ұпаймен есептеледі.
Жүргізуші: алтыншы сайыс «сөйлем құрастыр» деп аталады. Бұл сайыста оқушылар берілген сөздерден екі сөйлем қазақша, екі сөйлем ағылшынша құрастырады.әрбір дұрыс құрастырған сөйлем бір ұпаймен есептеледі.
1 топ 2 топ
Оқушы, жазды, қаламмен. Ағаштар, өседі, орманда, биік.
Ойнады, доппен, інім. Таза, суы, өзеннің.
Жүргізуші: Жетінші сайыс «жұмбақ шешу» деп аталады. Әр топқа екі қазақша, екі ағылшынша жұмбақ беріледі. Әрбір дұрыс жауап бір ұпаймен есептеледі. Әрбір дұрыс жауап бір ұпаймен есептеледі.
1 топ 2 топ
1.Мұртты болып туады, 1.Қар сияқты аппақ,
Мұртын күнде жуады. Өзі сондай тәтті - ақ.
2.Қолы жоқ -сурет салады, 2.Қыста жерді жауып кетті,
Тісі жоқ -тістеп алады. Ал көктемде ағып кетті.
Жүргізуші: Сегізінші сайыс. «Капитандар сайысы». Бұл сайыста берілген тақырыпқа қазақша, ағылшынша монолог құрастыру керек. Берілетін тақырыптар: «Мектеп», «Отбасы», «Қазақстан», «Менің досым», «Жыл мезгілдері». Әрбір дұрыс құрастырылған монолог бес ұпаймен есептеледі.
Жүргізуші: Міне, сайыстың мәресіне де келіп жеттік. Сөз әділқазылар алқасына беріледі. Бүгінгі сайысқа қатысып, өз білімдерін көрсеткен оқушыларымызға алғысымызды білдіреміз. Қазақстан деген алтын Отанымыздың білімді жастары көбейе берсін.
Достарыңызбен бөлісу: |