Жеке және тұлғалық ерекшеліктерді талдау. Өзіңді және басқаларды түсіну



Дата26.12.2021
өлшемі15,5 Kb.
#105937
Байланысты:
Эссе.


Жеке және тұлғалық ерекшеліктерді талдау.

Өзіңді және басқаларды түсіну

Жеке адам мен тұлғаның арасында өзіндік ерекшеліктер бар. Ең алдымен, жеке адам мен тұлғаның айырмашылығына тоқталсақ. Менің ойымша, жеке адам, яғни индивид деп барлық адамдарды айтамыз. Яғни, адам осы өмірге келе салғаннан бастап жеке адам болады. Ал тұлға деп осы жеке адамды сипаттайтын ұғымды айтамыз. Яғни, тұлға ол қоғамда өзіндік атқаратын ролі бар, ой-пікірі бар саналы әрекет иесі. Қазақта бұрынғы кезден келе жатқан «он үште отау иесі» деген сөз бар. Бұл мақалдың негізгі мағынасы тұлға болып дамумен тікелей байланысты. Осы мақал негізінде қазақ ұғымындағы тұлға азды-көпті көргені бар, жауапкершілігі бар, таңдау жасай алатын, қоғам алдында жауап бере алатын адам болып табылады.



Жеке тұлғаның өзіндік ерекшеліктері бар. Ол ерекшеліктерге психологиялық ерекшелік те жатады. Адамның тұлғалық ерекшеліктеріне тоқталып өтсек.Ең бірінші ерекшелігі - адам бағыттылығы болып табылады. Әр жеке тұлғаның өмірге деген көзқарастары әртүрлі. Әртүрлі болуының себебі жеке тұлғаның айналысындағы адамдар, қоршаған орта, өмір сүру жағдайы және көрген-білгендері бір-біріне ұқсамайды. Жалпы бағыттылық - адамның алдына қойған мақсатты анықтайды. Сол мақсатты орындау барысында адам әртүрлі әрекеттер жасайды. Екінші ерекшелігі – қабілет болып табылады. Жоғарыда айтылған себептерге байланысты, сонымен қатар жеке тұлғаның өзіндік дамуына және қабылдауына сәйкес әркімнің қабілеті әр деңгейде. Қабілетті арттыруда талант пен еңбек басты рөл атқарады және бұл жерде еңбектің маңызы зор. Енді үшінші ерекшелікке келсек. Үшінші ерекшелігі – мінез. Жоғарыдаға екі ерекшеліктің себептеріне байланысты, сонымен қатар генетикалық және т.б себептерге байланысты әр жеке адам немесе тұлға бір-бірінен ерекшелінеді. Негізінде, мінездің қалыптасуына қоршаған орта мен айналасындағы жағдайлар өз әсерін тигізеді.

Өзіңді және басқаларды түсіну тақырыбына тоқталайық. Өзіңді және басқаны түсінудің маңызы – қоғаммен байланыс орнату, қарым-қатынасты нығайту, белгілі бір мақсатқа жету болып табылады. Өзіңді түсіну дегеніміз өзіндік тәжірбиені меңгеру деген сөз. Адам өзін өзі түсіну арқылы бойындағы жақсы қасиеттерді анықтап, өз мүмкіншілігін, қабілетін арттыра алады және сол арқылы мақсаттарын анықтап оған жете алады. Егер адам өзін түсінбесе өзінің күшті және әлсіз жақтарын дұрыс пайдалана алмайды. Сәйкесінше бұл адамды жеңіліске ұшыратады. Өзіңді түсінумен қатар басқаны түсінудің де маңызы зор. Қоғаммен қарым-қатынас орната алу үшін және оны нығайту үшін айналаны түсіне білу қажет. Қаншалықты түсіне алуы адамның санасына, түсінігіне байланысты. Қоғам – адамның өмір сүру тәсілі. Қоғам жеке адамдардан ғана тұрмайды, ол сол жеке адамдардың өзара қарым-қатынасын көрсетеді. Сол себепті де басқаларды түсіне білудің маңызы зор.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет