«№28 мектеп-гимназия» мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Тәрбие сағаты:
«Ынтымақ – достық кепілі»
Сынып жетекшісі: Ж.С Махамбетова
2021-2022 оқу жылы
ЫНТЫМАҚ - ДОСТЫҚ КЕПІЛІ.
тәрбие сағаты
Мақсаты: Бүгінгі күні Қазақстан халықтар бірлігі күні екенін оқушыларға жеткізу; ұлы қазақ даласында басқа ұлт өкілдерінің бір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықта өмір сүріпжатқанын ұғындыру; Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Мұғалім: Қазақ осы - айтатұғын елге сыр,
О, ағайын, халық емес ол кесір.
Қазақ осы - аңғал-саңғал жабусыз,
Қазақ осы - ағыл-тегіл, көл-көсір.
Қазақ осы - дала дейтін, күн дейтін,
Қазақ осы - өнер алды тіл дейтін.
Қазақ осы - карасың ба, ақсың ба,
Қоңырсың ба, жатырқауды білмейтін, - деп жырлаған Қадыр Мырзалиев ағамыз. Сол айтқандай, ұлы қазақ даласында басқа ұлт өкілдерінің бір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатқаны сіздерге мәлім. Бүгінгі кездесуіміз - Қазақстандатұрып жатқан басқа ұлт өкілдеріне деген сыйластығымыз.құрметтілігіміз, парасаттылық пен имандылығымыздың айғағы.
Көрнекілігі: интер тақта, нақыл сөздер,еліміздің рәміздері, әр ұлттың киімі, гүлдер.
Барысы:
Мұғалім: Қазақстан халқы Ассамблеясы - 1995 жылғы 1 наурызда Қа зақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган. Ел Президенті Н.Ә. Назар баев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіз діктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жа риялады. Сіздер білесіздер, кең байтақ Қазақстанда 136 ұлт өкілдері тұрып жатыр. Әрине, бұл қазақ халқының ұлылығынан, "Кең болсаң, кем болмай сың" дегендей қазақ халқының пейілінің кеңдігінен басқаұлт өкілдерінің тұрып жатқан жайы бар.
Қазіргі уақытта Ассамблея құрамында 394 мүше бар.
Ассамблеяның басты ерекшеліктерінің бірі оның еліміздің жоғары заң шыға ру органында - Парламентте этностық топтар мүдделерінің кепілді өкілдік етуін қамтамасыз етуі болып табылады.
«Бірлік бар жерде бақыт бар», «Ынтымақ-достық кепілі»
Отан - әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Адам жүрексіз өмір сүре алмайды. Отан - біздің туған жеріміз, өзіміздің туған-туысқанымыз, дос- жаранымыз бен тұратын еліміз.
Біздің Отанымыз — Қазақстан. Бүгінгі Қазақстан дүние жүзіндегі көптеген мемлекетер таныған ел. Оның өз Елтаңбасы, Туы, Әнұраны бар. Еліміз өз егемендігін, тәуелсіздігін 1991 жылы 16 – желтоқсанда алды.
Достарыңызбен бөлісу: |