Қызығушылықты ояту кезеңі.
Оқушыларға нақыл сөздер ұсынылады. Оқушылар нақыл сөдерге қатысты өзіндік көзқарасын білдіреді.
Еңбегің егіз болса, байлығың сегіз болады.
Еңбегің қатты болса, татқаның тәтті болады.
Еңбегің сайлы болса, ішің майлы болар.
Еңбегің өнімді болса, көңілің сенімді болар. Еңбек адамның екінші анасы.
«Мағынаны тану» кезеңі
Оқылымалды тапсырмасы.
«Еңбекқорлық» сөзіне ассоциация жасайды.
Оқылым тапсырмасы. Топтық жұмыс.
«Мәтінді кешенді талдау» стратегиясы.
1-оқушы: Шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселесін анықтайды;
Осы мәселенің қазіргі таңдағы өзектілігін талдайды;
2-оқушы Мәтіннің мақсатты аудиториясын және автордың астарлы, тұспалды ойын анықтайды;
3-оқушы:Шығарма кейіпкерлерінің бойындағы құндылыққа қатысты фактілер мен көзқарастарды ажыратады;
4-оқушы Шығарма кейіпкерлерін шынайы өмірмен салыстырып бағалайды
Бағалау дескрипторы:
Шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені 2,3 сөйлеммен анықтайды;
Осы мәселенің қазіргі таңдағы өзектілігін 3,4 сөйлеммен талдайды;
Мәтіннің мақсатты аудиториясын және автордың астарлы, тұспалды ойын 4,5 сөйлеммен анықтайды;
Шығарма кейіпкерлерінің бойындағы құндылыққа қатысты фактілер мен көзқарастарды 5,6 сөйлеммен ажыратады;
Шығарма кейіпкерлерін шынайы өмірмен салыстырып,
7,8 сөйлеммен бағалайды
Достарыңызбен бөлісу: |