Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.2А
XVIII ғасырдағы Қазақстанның мәдениеті
|
Мектеп:
|
Сағат саны: 1 сағат
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Сынып: 8
|
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
|
Сабақ тақырыбы
|
XVIII ғасырдағы қазақтардың халық шығармашылығы
(Алғашқы сабақтың жалғасы, 2-сабақ)
|
Сабақтың түрі
|
Зерттеу сабағы
|
Зерттеу сұрағы
|
XVIII ғасырда ақын-жыраулар шығармаларында тарихи оқиғалар қалай көрініс тапты?
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
|
7.2.1.1 – салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың құндылықтары мен маңыздылығын анықтау
|
Тарихи концепт (фокус)
| |
Сабақтың мақсаты
|
Қазақ салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың құндылықтары мен маңыздылығын анықтау
|
Бағалау
критерийлері
|
ХҮІІІ ғ. қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының атауларын атайды;
Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының мәнін талдайды;
Дәстүрлі қазақ қоғамындағы өзгерістерді өткен тарихи кезеңдермен салыстырып, бағалайды
|
Тілдік мақсаттар
|
Қазақ салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы ақпаратпен танысады (оқылым мен атылым дағдылары)
Пәнге қатысты лексика мен терминология
Әдет-ғұрып, салт-дәстүр...
Диалог пен жазылымға пайдалы сөз тіркестері:
ХҮІІІ ғ. қазақ халқының салт-дәстүрлері/әдет-ғұрыптары ... .... аталады
Қазақ халқының салт-дәстүрлері/әдет-ғұрыптары құндылығы мынада ..
Бүгінгі күні ол құндылықтардың... ... .... маңызы жойылған жоқ
|
Құндылықтарды дарыту
|
Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының арқылы мемлекет, ұжым, отбасы құндылығын бағалай білуге үйрету
|
Пәнаралық байланыстар
|
Қазақ тілі пәні бойынша білімдері жаңа сөздермен жұмыс және айтылым, тыңдалым, жазылым барысында қолданылады
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Бейнефильм, интерактивті тақтамен жұмыс
|
Бастапқы білім
|
ХҮІІІ ғ. ақын-жыраулар туындыларын тарихи дереккөз ретінде құндылығын біледі
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
5 мин
|
(Б) Ұйымдастыру сәті. Ой шақыру.
БЫМ Слайд арқылы әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерге қатысты кілт сөздер көрсетіліп, оқушыларға төмендегі сұрақтар қойылады:
- Суретті көріп, не туралы ойландыңыз?
Оқушылар жауаптарынан кейін бүгінгі өтетін тақырыптың алдыңғы сабақтағы тақырыптың жалғасы екендігі ескертіледі. Оқушыларды осы сабақта басты зерттелетін мәселеге ойларын шоғырландыруға назар аударылады. Оқушылардың болжам жауаптары арқылы зерттелетін мәселе анықталады.
(М) Сабақ тақырыбы пысықталып, оқу мақсаттары мен бағалау критерийлері оқушыларға таныстырылады. Тарихи концепт пен зерттеу сұрағына назар аударылады.
Тарихи концепт (фокус): Дәлел
Зерттеу сұрағы: XVIII ғасырда ақын-жыраулар шығармаларында тарихи оқиғалар қалай көрініс тапты?
Оқу мақсаты: салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың құндылықтары мен маңыздылығын анықтау
|
Презентация
Әдет-ғұрып, салт-дәстүр туралы суреттер
Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін)
3-том. – Алматы, 2010.
|
Сабақтың ортасы
2 мин
7 мин
Ақпарат талдап, зерттеуге
16 мин
Қорғауға
4 мин
Дайындауға
4 мин
Қорғауға
|
(Б) Жаңа ұғымдардың мағынасын түсіндіру.
Мұғалім жаңа ұғымдардың мағынасын оқушыларға ауызша түсіндіріп кетеді.
Әдет-ғұрып- Белгілі бір халықтың мінез-құлқының, тұрмыс-тіршілігінің бұлжылмас қағидаларына айналған жөн-жосық пен жол-жоралғылары;
Салт-дәстүр- – әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы
Зерттеу мен талдау
(Т) Мәтінмен жұмыс тапсырмасы
Сынып 3 топқа топтасып, топтық жұмыс ұйымдастырылады. Тақырыпқа қатысты мәтін таратылып, топтық жұмыс зерттеу жұмысына бағытталады. Топ оқушылары зерттеу нәтижесін сынып алдында ауызша қорғайды. Әр топ өз жұмыстарын жариялаған кезде, қалған топтар қажетті ақпаратты дәптерлеріне жазып отырады.
1-топ. Қонақжайлық пен өзара көмек жөнiндегi әдет-ғұрыптар;
2-топ. Әдептілік, сыпайылық және жасы үлкендерге құрмет көрсету ғұрыптары
3-топ. Отбасы мен неке әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлері
Дескриптор:
1-топ. Қонақжайлық және өзара көмек жөнiндегi әдет-ғұрптардың кемінде 4-уінің мәнін түсіндіріп, талдайды;
2-топ. Әдептілік, сыпайылық және жасы үлкендерге құрмет көрсету ғұрыптарыңың кемінде 4-уінің мәнін түсіндіріп, талдайды;
3-топ. Отбасы, неке әдет-ғұрптары мен салт-дәстүрлерінің кемінде 4-уінің мәнін түсіндіріп, талдайды.
Кері байланыс. Топтардың бірін-бірі бағалауы. «Екі жұлдыз, бір тілек»
Интерпретация
(Т) «Нақты сол уақытта/белгілі бір уақыт аралығынан кейінгі маңыздылық» тапсырмасы
Топ оқушыларына мәселе бойынша сұрақ таратылады. Мұғалім тапсырма шартын түсіндіреді. Топ оқушылары өздері таңдаған әдет-ғұрып негізінде сұрақты талқылап, өз жауаптарын сынып алдында жариялауға тиіс.
Сұрақ:
- Нақты сол уақытта бұл ... әдет-ғұрып қаншалықты маңызды болды?
- Бұл ... әдет-ғұрып қоғамның қай саласында ( саясатта, экономикада, тұрмыста) маңызды болды?
- Ал уақыт өте келе, бүгінгі күні бұл ... әдет-ғұрптың/ салт-дәстүрдің маңыздылығы өзгерді ме?
Дескриптор:
- Әдет-ғұрыптың кемінде 2-уінің өткен кезеңде маңызды болғанын дәлелдейді;
- Әдет- ғұрыптың кемінде 2-уінің қоғамның қай саласында маңызды болғанын дәлелдейді;
- Бүгінгі күні бұл әдет-ғұрыптың/ салт-дәстүрдің кемінде 2-уінің маңыздылығы өзгергені немесе өзгермегені туралы дәлелдейді
Кері байланыс. Мұғалімнің бағалауы. «Жұлдызшалар сыйлау»
|
Карточкалар
Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық аныктамалық. Кітаптар және басылымдар. Қазақстанның Мәдени мұрасы
http://www.madenimura.kz/kk/culture-legacy/books/book/kazak-edebieti-enciklopedialyk-anyktamalyk?category=all&page=4
Оқулық
Қабылдинов З.Е., Қайыпбаева А.Т. Қазақстан тарихы Жалпы бiлiм беретiн мектептiң 8-сыныбына арналған оқулық. Алматы: Атамұра, 2012.
Қосымша-1
Мәтін-таратпалар
Карточкалар
немесе слайдқа сұрақтар жазылып ұсынылуы керек
|
Сабақтың аяғы
2 мин
|
Рефлексия.
Бүгінгі сабаққа дейін нені білдім.
Бүгін мен нені білдім?
Мен үшін ең қызықты не болды?.
Ұсынысым
|
Стикерлер
|
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
|
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
|
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?
|
|
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
|