5.3.2.1-Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау.
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушы орындай алады: Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстыра бағалайды.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып, бағалап, жаза алады. Кейбір оқушылар орындай алады: Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып дәлелдейді.
Психологиялық ахуал орнату. «Күншуақ» әдісімен бір-біріне жақсы тілектер тілеу арқылы сыныпта психологиялық ахуалды қалыптастыруларын ұсынады. Оқушылар бір-біріне күннің шуағы арқылы сабаққа тілек айтады.
Үй тапсырмасын қайталау
Ашық сұрақтар.
1. Тоқтарбайдың ұлы кім?
2. Қобыландының құрасын ата.
3. Тоқтарбайдың жылқышыларының, тоқсан құлының бастығы кім?
4.Көбікті ханның қызының есімі?
5.Көктім Аймақ ханның қызын ата.
1-тапсырма:Жырдағы кейіпкерлердің портреті мен іс-әрекетін талда.Өз пікіріріңді білдіре отырып, кейіпкерлердің іс-әрекетін шынайы өмірмен салыстыра сипатта.
2-тапсырма.Шығарманың тарихын құндылығын анықта.
Реалистік арқауы бар Оғыз – Қыпшақ ұлысы кезінде туа бастаған. Қазан аты оғыздардың сол дәуірде туған “Қорқыт ата кітабында” да кездеседі. Жырдың бергі жердегі мазмұны монғол, иран, жоңғар шабуылы, одан қалса, қазақтардың кейінгі кезеңдерде қалмақтармен болған күрестеріне негізделген.
жырдағы тарихи құндылық
3-тапсырма. «Ерлігі еліне арналған...» эссе жазу Ерлік дегеніміз -батылдықтың , батырлықтығ белгісі мен нәтижесі .Ерлік жасау бәрінің қолынан келе бермейді .Осы бір ерлік деген ұлы нәрскені елі үшін жасаған қаншама батырларымыз бар десеңші .Бүгін сондай батырларымыздың бірі де бірегейі Қобыланды батыр туралы сөз қозғамақпын .
Бауыржан Момышұлы - бәріміз білетіндей Ұлы ОТан соғысының ардагері ,Кеңес одағының батыры .Бауыржан атамыз жастайынан елін , жерін , Отанын қорғау үшін соғысқа аттанды ,Өз ерлігін көрсетіп командир де атанды .Бауыржан атамыздың арқасында қазақ халқы мен қарғыз халқының айырмашылығын біліп , түсінгендер көп болды .Аталып отырған тарихи тұлға қазіргі Қазақстанның мемлекет болуына көп көмегін тигізді деп айта аламын.
Қорытындылай келе , елімізде ерлігімен елеусіз қалып жатқан қаншамам адардар бар . Өйткені ерлік деген кішкентай әрекеттен де тұруы мүмкін .Сол себептен ерлік жасап , адамдарға көмектесіп жүрейік .Себебі , жасаған жақсылық та ерлік те қайта айналып келіп өзімізге көмектесетіні айдан анық.
Дeскриптор -.жырдағы кейіпкерлердің портретін анықтайды.
-шынайы өмірмен салыстырады,
-өз пікірімен сипаттайды,
Дeскриптор - құндылығын анықтайды;
-өз ойын жүйелі жеткіеді.