Кулкараева Бағила
Тыңдалымға арналған сабақ жүйесінің мысалы:
Тыңдалым төрт тілдік дағдылардың бірі. Оқылым сияқты ол да қабылдаушы дағдылар қатарына жатады. Тыңдалым дегеніміз тілге сай әрекет ету, яғни тілдің дыбыстық мағынасын түсіну. Ол үшін біз контекстіні, тілді және әлем туралы білімді пайдаланамыз. Тыңдалым ауызекі сөйлеу тілін қамтығандықтан, оның тілі жазба тілден өзгеше болып келеді. Тыңдалым түрлері: Әңгімелесу(диалог), әңгімелер(оқиға), хабарландыру, әндер, нұсқау(инструкция), лекция және жарнама және т.б. Тыңдалым дағдылары бірнеше ішкі дағдылардан тұрады: Мазмұнын түсіну үшін тыңдау – жалпы мазмұнын, идеясын түсіну үшін тыңдау. Нақты ақпараттарды алу үшін тыңдау - тыңдалымдағы қажетті ақпараттарды алу үшін тыңдау. Мысалы, теміржол вокзалында өзіңізге қажет уақытты немесе пойызды білу үшін сол ақпаратты ғана тыңдайсыз, басқа ақпаратты қажет қылмайсыз. Детальді түрде тыңдау- әрбір сөздің мағынасын түсіну үшін әрбір сөзін зер салып тыңдау, түсіну. Мысалы, маңызды жаңалыҕтарды айтып жатырған кезде оны дұрыс түсіну үшін әрбір сөзін мұқият тыңдап шығасыз. Cөйлеушінің қарым-қатынасын анықтау үшін тыңдау – сөйлеушінің көңіл-күйін не айтқысы келіп отырғанын түсіну үшін тыңдау. Интенсивті тыңдалым – сөйлеу барысындағы сөйлемдердің грамматикалық құрылымын, белгілі бір тақырыпқа арналған сөздерді талқылау үшін тыңдау. Мұндағы мақсат оқушылардың тілді дұрыс қолдана білудегі білімін арттыру. Мысалы, белгілі бір грамматикалық тақырыптарды өткен кезде тыңдалымды пайдалану, бірақ бұл жерде басқа дағдыларды араластырмайсыз. Экстенсивті тыңдалым - үлкен көлемді мақала немесе шығармаларды(роман, әңгіме) тыңдау. Тыңдалымға арналған сабақ жүйесінің мысалы: 1.Тыңдалым алдындағы тапсырма: тақырыпты таныстыру; тыңдалымдағы маңызды сөздерді үйрету; тақырыпқа қатысты сұрақтар құра отырып, сол тақырыптағы оқушы білімін қозғау. 2. Тыңдалым тапсырмасы: әртүрлі тыңдалым дағдыларын қалыптастыруға арналған жаттығулар тобы; олар жалпы мазмұнын түсінуден бастап, детальді түсінуге бағытталады. 3. Тыңдалымнан кейінгі тапсырма: тыңдалымдағы тақырып туралы сұрақтардан тұрады және ол сұрақтарға өз көқарастарын білдіре отырып, тәжірибелерімен байланыстыра отырып жауап берулері тиіс. Сонымен қатар сұрақтар жауап беру барысында тыңдалымдағы сөздерді пайдалана алатындай құрылуы қажет.
Мысалы:
Жаман жолдас
Екi дос кiсi жолдастасып келе жатып, бiр аюға ұшырапты. Бұл екi кiсiнiң бiреуi әлсiз, ауру екен, екiншiсi мықты, жас жiгiт, аюды көрген соң бұл жiгiт ауру жолдасын тастап, өзi бiр үлкен ағаштың басына шығып кеттi дейдi. Ауру байғұс ағашқа шығуға дәрменi жоқ, жерге құлады да созылып, өлген кiсi болды да жатты: есiтуi бар едi, аю өлген кiсiге тимейдi деп. Аю бұл жатқан кiсiнiң қасына келiп иiскелеп тұрды да, дыбысы бiлiнбеген соң тастап жөнiне кеттi. Мұнан соң манағы жолдасы ағаштан түсiп, аурудан сұрапты: – Достым, аю құлағыңа не сыбырлап кеттi? Ауру айтты дейдi: – Аю құлағыма ақыл сыбырлады, екiншi рет тар жерде жолдасын тастап қашатын достармен жолдас болма дедi, – дейдi.
Ыбырай Алтынсарин
Мәтінге байланысты тест тапсырмалар:
1. Мәтіндегі антонимдерді табыңдар
a) Мықты, жас
b) Мықты, ауру
c) Мықты, әлсіз
d) Мықты, жаман
2. Мәтінге сай мақалды белгілеңдер:
a) Күлме досқа, келер басқа
b) Жаман жолдастан таяғым артық
c) Жолдасы көптің – олжасы көп
d) Ер қанаты – ат
3. Аю ауру, әлсіз жігітке не істеді?
a) Құлағына сыбырлап кетті
b) Ақыл сыбырлады
c) Қорқытты
d) Иіскеп, жөніне кетті
4. Екі жолдас кімге ұшырайды?
a) Аю
b) Ауру, әлсіз жігітке
c) Мықты, жас жігітке
d) Ешкімге
5. Аю келгенде мықты жігіт қандай әрекет жасады?
a) Аюмен жекпе-жекке шықты
b) Ағашқа шығып кетті
c) Өлген кісі болып жата қалды
d) Қаша жөнелді
Еңбекпен тапқан тиын
Біреудің ерке ұлы
Достарыңызбен бөлісу: |