Педагогикалық іс-әрекет дегеніміз



Дата07.02.2022
өлшемі19,78 Kb.
#96455
Байланысты:
Педагогикалық іс


Педагогикалық іс-әрекет дегеніміз - мұғалімнің оқу-тәрбие істерін нәтижеге жеткізетін әрекеттер құрылымы.

Қоғам дамуымен түрлі елдерде түрлі оқыту сатыларда , оқыту мазмұнында, оның мақсаттарында өзгерістер болған, – мұғалімдер мен педагогтардың педагогикалық іс-әрекеттері арқылы әлеуметтік-мәдени тәжірибені беріп отырған. Ал педагогтің білім мен ақпаратты тасымалдаушы ғана болуы бүгінгі күнде жеткіліксіз. Ендеше бүгінгі мұғалім жоғары педагогикалық және психологиялық мәдениетті меңгеруі міндетті.


Мазмұны жағынан іс-әрекеттерді:

  • танымдық (қоршаған әлем туралы білімдермен қарулану, дүниені танып білу);

  • зерттеушілік (белгісіз құбылыстарды зерттеу процессі);

  • коммуникативтік (қарым-қатынас орната алу, тіл табыса алу процестері);

  • білім берушілік {басқаларға білім беру процесі);

  • өзгертушілік (қоғамды өзін жетілдіру процесі) болып ажыратылады,

Мұғалімнің іс-әрекетінің құралдары мыналар болып есептеледі:
1. Ғылыми білімі;
2. Білімді тасығыштар ретінде оқулықтағы мәтіндер, бақылаулар, практикалық сабақтардағы қатысулар, экскурсиялар, және т.б;
3. Көмекші құралдар ретінде: техника, , компьютер және т.б.
Н.В.Кузьмина педагогикалық іс-әрекет құрылымында 3 компонентті көрсетеді:
- құрылымдық, оқу материалын таңдау, педагогикалық процесті жоспарлау және құру, өз әрекеті мен оқушылар әркеетін жоспарлау,
- ұйымдастырушы, оқушылардың әр түрлі іс-әрекетпен айналысып, ұжым және біріккен іс-әрекетті ұйымдастыру
- коммуникативті
Педагогикалық іс-әрекеттің негізгі мақсаты –білім алушының дамуы болып табылады, оның ақыл-ойының шыңдалуы, жеке тұлға ретінде қалыптасуы.
К.Д. Ушинский айтқандай, «мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады».
Педагогикалық іс-әрекеттің өнімділігінің бес дәрежесін ажыратады:
«І – (минималды) репродуктивті; педагог өзі білгенін өзгелерге айтып бере алады; продуктивті емес.
ІІ – (төмен)бейімделуші; педагог өз хабарламасын аудитория ерекшелігіне бейімдей алады; аз продуктивті.
ІІІ – (орташа) локалды модельдеуші; педагог оқушыларды курстың әр бөлімдері бойынша білімге, дағдыларға, іскерліктерге үйрету стратегияларына ие (яғни, педагогикалық мақсат қою, іздестіру нәтижесі бойынша өзіне жауап беру және оқушыларды оқу-танымдық іс-әрекетке біртіндепен енгізу; орташа продуктивтілік.
IV – (жоғары) оқушылардың жүйелі модельдеуші білімдері; педагог жалпы пән бойынша оқушылардың дағдылар, іскерліктер ізденістегі білімдер жүйесін қалыптастыру стратегиясын меңгерген; продуктивті.
V – (ең жоғарғы) оқушылардың жүйелі модельдеуші іс-әрекеттері мен мінез-құлықтары; педагог өз пәнін оқушы тұлғасын қалыптастыру, оның өзін- өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі оқытуға, өзін-өзі дамытуға қажеттіліктерін қалыптастыру құралына айналдыру стратегиясын меңгерген; жоғарғы продуктивтілік .

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет