Жүргізуші: Әнұраным- біздің Отанымыздың салтанатты үні. Өр үні. Өміршең үні. Оның қалықтай көтерілген әуеніне туған жердің рухы мен сазы шымырлай шалқиды. Кеудені мейірлі мақтанышқа бөлейді, арманыңды аялай самғады.
Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады.
Елтаңбам қандай тамаша! Елтаңбамызға көз салсақ ортада қазақтың қарашаңырағы, күн сәулесіндей уықтар шашырай шапағын шашқандай, екі жақтағы қанатты пырақтар арынды да қарымды, жоғарыда бес бұрышты жұлдыз жарқырайды. Жарығымен «Қазақстан» жазуы жарқырай түскендей.
Оқушы: Кәусар Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбат әдемі.
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі.
Мұғалім: Жалауыма қарасам көңілімді мақтаныш кернейді. Ол шарықтайды, көңіл қалықтайды. Жалауым - жасыл байрағым, әлемнің барша елдерімен терезе теңестіріп, асқақ желбіреп тұр.
Оқушы: Бақдаулет Жарасқан байрақтың мәні бар,
Көк аспан, күн- қыран сәні бар.
Көк байрақ ашық күн кеңісім,
Алтын күн белгісі жеңістің.
Мұғалім: Арқаның қақ төріне қоныс тепкен құт мекеннің құйқасы құнарлы, төскейі шұрайлы. Осынау өлкеде жас қала бас қалаға айналды. Келбетіне көрік қосты, келешегіне сенім әкелді. Зәулім үйлер көбейді, оқтай түзу даңғылдары ұзарды. Шаңырағы биіктеп, шаттығы әуелеген қала күннен өсіп келеді. 1997 жылы Ақмола мекені Астана шаһарына, Елордасы Астана қаласына айналды. Қазақстан Республикасының өмірінде бұл – төртінші астана.Алғашқы астанасы - Орынбор қаласы, екінші астанасы - Қызылорда қаласы, үшінші астанасы - Алматы қаласы болса, төртінші астанасы осы Астана қаласы болып отыр.
Оқушы: дамир Заман жаңа,ел жаңа,
Күлімдейді кең дала,
Өз Астанам- өз Ордам,
Сүйенерім сен ғана !
Мұғалім: Далам! Кең-байтақ. Сондықтан ғой, күмбір-күмбір көне күй мен толғауы тоқсан жырларымызда - «Ұшса құстың қанаты талады, шапқан аттың тұяғы тозады, Атырауы – айшылық, Қаратауы толғаған»