Дәріс тақырыбы және тезистер



бет1/15
Дата02.03.2023
өлшемі78,42 Kb.
#170841
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Дәріс тезистері 3






2.ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ






№ апта

Дәріс тақырыбы және тезистер


дәріс

1 дәріс: Әдебиет теориясының ғылым ретінде зерттейтін мәселелері. Пәннің мақсаты мен міндеттері, өзектілігі, оқыту нысаны


Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

  1. Поэтиканың зерттейтін ғылыми обьектілері

  2. Поэтиканың түрлері: микро, макро, тарихи

Дәрістің қысқаша мазмұны:
Әдебиет немесе сөз өнері дегеніміз не? А.Байтұрсынов оны былай байыптайды: “Сөз өнері деп асылында нені айтамыз? Бір нәрсе турасындағы пікірімізді, яки қиялымызды, яки көңіліміздің күйін сөз арқылы жақсылап айта білсек, сол сөз өнері болады. Ішіңдегі пікірді, қиялды, көңілдің күйін тәртіптеп қисынын, қырын, кестесін келістіріп сөз арқылы тысқа шығару – сөз шығару болады. Шығарма дегеніміз осылай шығарған сөз”. Әдебиет яки сөз өнерінің ғана өмір-болмысты, адамдарды, тіршілік-табиғатты бейнелеуде өре-өрісі кең, шексіз де шетсіз, мүмкіндігі орасан мол. Бұл мүмкіндік әдебиеттің өмірді бейнелеу құралы – сөз екендігіне байланысты. Белинский сөзімен айтқанда “поэзия (бұл жерде күллі әдебиет деген мағынада – С.М.) адамның еркін тілімен берілгендіктен, онда үн де, сурет те және байымды, айқын айтылған түсінік те болмақ. Сондықтан өзге өнердің барлық элементтері поэзияда бар, сөйтіп, ол әрбір өнердегі жеке-жеке тәсілдердің бәрін бірінен-бірін бөлектемей, бірден пайдаланатын сияқты. Поэзия тұтас өнер, соның бүкіл ұйтқысы болып табылады. Және олардың барлық жағын қамти отырып, бүкіл өзгешеліктерін айқын, анық түрде бойына жинақтайды”. “Өнердің алды – сөз өнері” деп саналады. “Өнер алды – қызыл тіл” деген қазақ мақалы бар. Мұны қазақ сөз баққан, сөз күйттеген халық болып, сөз қадірін білгендіктен айтқан. Алдыңғы өнердің бәрінің де (яғни басқа өнер түрлерінің – С.М.) қызметін шама қадырынша сөз өнері атқара алады. Қандай сәулетті сарайлар болсын, қандай сымбатты, кескінді сүгіреттер болсын, қандай әдемі ән-күй болсын, сөзбен сөйлеп суреттеп көрсетуге, танытуға болады. Бұл өзге өнердің қолынан келмейді...”. Бұл ұлттың ұлы тұлғасы, филолог, әдебиетші ғалым А.Байтұрсынұлының тұжырымы. Екі тұжырымда да әдебиеттің сөз өнері ретіндегі барша ерекшелік-қыры анық сипатталған.



№ 2
дәріс

2 дәріс: Көркем әдебиеттің табиғаты.Әдебиеттегі "көркем образ" және "образдылық" мәселелері




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет