Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар Сұрақтар:
№14
дәріс
№14 дәріс:ХІХ ғасырдағы орыстың классикалық сыны және Плеханов эстетикасы
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары): 1. Үшінші жақтан баяндалатын әдеби туындылардың көркемдік
ерекшеліктері.
2. Көркем әдебиеттің классикалық өнердің басқа түрлерінен
айырмашылықтары мен ұқсастықтары.
3. Өнер мен ғылым – болмыс шындығын танудың екі жолы.
Дәрістің қысқаша мазмұны: Әдеби бағыт, ағым, мектеп, бұлардың мақсаты ортақ (қоғамдық өмір шындығын таныту) десек те, олар бір ұғымдар емес, бір-бірінен соншалықты алшақ құбылыстар да саналмайды, керісінше бірімен-бірі тығыз байланысты қатар өмір сүретін құбылыстар.
Алдымен, әдеби бағыт пен әдеби ағым мәселесіне тоқталайық. Әдеби бағыт дегеніміз не? Әдеби ағым деп өнердегі қандай құбылысты танимыз? Бұл ретте В.А.Богдановтың мына бір пікірі назар аударарлықтай: “Біздің әдебиеттану ғылымымыз әдебиеттің тарихи даму заңдылықтарын зерттей келе бұл дамудың екі жетекші “координаттарын” анықтады: ол әдеби бағыттар (белгілі бір эстетикалық бағдарлама ұстанған жазушылардың шығармашылық бірлігі) және әдеби ағымдар (өмір-болмысты идеологиялық тұрғыдан ұғып-түсінуде ортақ көзқарастағы қаламгерлер бірлігі). Бұл пікірден әдеби бағыт пен ағымның әдеби дамудың жетекші тенденциялары екендігі, олардың айырмашылықтары мен өзара жақындығы да айқын аңғарылады. Әдебиет туралы ғылымда бағыт, ағым жайлы пікірталастары да бар. Соның бірі – әдеби бағыт бірінші ме, әдеби ағым бірінші ме деген мәселе. Орыстың бірсыпыра жетекші әдебиетші, теоретик ғалымдары (Г.Н.Поспелов, Н.А.Гуляев, А.И.Ревякин, В.И.Кулешов т.б.) мәселені орыс, еуропа әдебиеттері тарихымен байланыстыра қарастыра келе, бұл ұғымдардың өзара сабақтастығын, әдеби бағыттың біріншілігін анықтап дәлелдеді. Бір әдеби процесс аясында қоғамдық, көркемдік-эстетикалық сұраныс-қажеттіліктерге орай әуелі әдеби бағыттың туып қалыптасатындығы, оның дами, өркендей келе өз ішінен бірнеше әдеби ағымдарға бөлінетіндігі – өнер заңдылығы. Әдеби бағыт та, әдеби ағым да – тарихи категориялар, оларды белгілі бір кезеңнің қоғамдық шындығы туғызады, белгілі бір уақытта әдеби бағыт та, ағым да өнер сахнасынан кетеді. Тағы бір ескеретін нәрсе әдебиет зерттеушілері, әдебиет теоретиктері классицизм, сентиментализм, тіпті романтизм сынды мәшһүр әдеби құбылыстарды кейде бағыт, енді бірде ағым деп те атайды.
Сұрақтар: 1. Поэтиканың түрлері: микро, макро және тарихи.
2. Жазушының шығармашылық психологиясы.
3. Көркем шығарманың тууына себепші болатын мотивтер.