Эпикалық шығармаларда баяндаушы қандай роль атқарады?
№13
дәріс
№13 дәріс:ХҮІІІ ғасырдағы ағартушылық дәуір эстетикасы
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары): Дәрістің қысқаша мазмұны: Әдіс деген атауды әркім әр түрлі айқындайды: біреулер көркемдік әдіс десе, біреулер шығармашылық әдіс, енді біреулер жай әдеби әдіс дейді. Мұның бәрі — бір ұғым.Әдіс деген сөзге, ұғымға, мағынаға байланысты көзқарастар көп:В.Щербина: "әдіс — шығармашылық тәсіл" десе, кейбір ғалымдар әдісті суреткердің дүниетанымына байланыстыра байыптаса, біреулер бұған қарама-қарсы, "әдістің таза дүниетаным категориясымен қабыспайтынын" (Л.Новиченко) дәлелдеп жатады.Г.Абрамович "әдіс — шындықты суреттеудің жалпы принципі" десе, Л.Щепилова "әдіс — өмірді образ арқылы көрудің айрықша типі" дейді.Сондай-ақ, Ф.Головенченко "Әдіс пен ағымның арасында анық шекара жоқ" десе, В.Сорокин әдісті ағымға қоса тексере тұра, екеуінің ара жігі айқын екенін, яғни "әдіс — ағымнан әлдеқайда кең ұғым" екенін айтады. Көркемдік әдіс — алдымен, шындықты шын мәніндегі суреткердің өз көзімен образды түрде тану жолы, содан соң, өзі таныған шындықты бар өнерін төге, бар шеберлігін сала көркем жинақтап, өзгеге таныту жолы. Көркемдік әдіс — өнер туындысында адам образын жасауға, сол арқылы шындықгың сырын образды түрде ашута қажет өмір деректерін белгілі бір эстетикалық талғам биігінен тандаудың, қорытудың және жинақгаудың өзгеше принципі, сайып келгенде, өмір шындығын өнер шындығына айналдыра саралап, белгілі бір қоғамдык идеал тұрғысынан қайта туғызудың айрықша типі.