Тапсырма 1 Төменде көрсетілген терминдерді салыстырыңыз.
Менеджер
Басшы (лидер)
Тапсырма береді
Шабыттандырады, қолдайды
Өзгенің мақсаты үшін жұмыстанады
Ортақ мақсат үшін тер төгеді
Әрекет негізі: жоспар
Әрекет негізі: алдын-ала болжау
Жүйе бойынша әрекет етеді
Адамдарға сенеді
Дәлел қолданады
Эмоцияға ерік береді
Бақылайды
Сенеді
Қозғалысты қолдайды
Қозғалысқа күш береді
Кәсіби маман
Энтузиаст
Шешім қабылдайды
Шешімді жүзеге асырады
Істі дұрыс атқарады
Дұрыс істерді ғана қолға алады
Тапсырма 2 Табысқа жетудің ең ірі 16 заңдылықтарды атаңыз. 1. Басымдық берілетін мақсатты нақтылы-нұсқалы тұрғыда құра білу. Мұнымен бірге бұл іс-әрекеттен әр студенттердің жөн-жосықсыз, мақсатсыз өмір сүрулерін үнемі жоспарлауға, өзін-өзі тәртіптеп, еңбегінің еш кетпеуіне жағдай туғызады деген парасатты тұжырым туындайды.
2. Өзіне-өзінің кәміл сенімде болу.Ата-бабамыздан қалған рухани құндылықты осы сенім деп білеміз.Мұнымен бірге табысты болуға кедергіәрқайсымыздың көңіліміздегі өз ісімізге деген кірбең-күмән. Күмәнның болуы алты түрлі үрей-қорқу екенін абыздардан бастап Шәкәрім Құдайбердіұлына дейінгі ұлт жанашырлары және даналардың айтып кеткен ескертулері ол мынадай жіктемеде беріледі. Аталған алты қорқу: 1) кедейліктен қорқу; 2) аурудан қорқу; 3) кәріліктен қорқу; 4) сыннан қорқу; 5) адамдардың 558 Торайғыров университетінің Хабаршысы, ISSN 2710-2661 Педагогикалық сериясы № 4. 2020 пікірінен, олардың өзіне деген құрмет-сүйіспеншілігінен айрылып қалуынан қорқу; 6) өлімнен қорқу. Міне, бабаларымыздың «нартәуекел» бастамашыл қадамдарға бару себебінің негізі осы алты қорқудан бойларын аулақ ұстағандығынан екеніне мән беру көзделеді.
3. Бар рухани-заттық қорлардың ең құндысын сақтай білу дағдысын өркендету. Студенттерге келтірген сүбелі пайда мен жеке басымыздың табыстарынан кірген кірістеріңізді интеллектуалды әлеуеттеріңіздің үнемі өсіп отыруына қор ретінде сақтау. Жеке мүмкіндігіңіздегі тапқан жалақыларыңызды алдымен кәсіби құзыретке бағдарлап, одан өз отбастарыңызға құт әкелуге бейімделу және бір қордан келесісін қосып отыруға дағдылану. Бұл заңдылық болмай, әр студенттердің рухани-заттық қоры сақталмаса, ешуақытта берекеміз де болмайды деген ғаклия пікір үстем болуы қарастырылады.
4. Бастамашылдық пен лидерлік сапаларды бойға жия білу қаблетін ұштау. Әрбір студент өз мүмкіндігінде бастамашыл,лидерлік мінез танытуға тиіс. Оның басты себебі бастамашыл іс-әрекетіңіз сіздің кәсібилігіңізді айқындайды, ал лидерлікке бір рет ие болған тұлға өзін-өзі оған бейімдей беруге ынталы болады деген парасатты ақылы жастардың өз орнын таба білуіне бағдар жасайды.
5. Қиялдай және армандай беруді үнемі өркендетіп отыру.Егер сіздің киял-армандарыңыз өздеріңіздің табиғи мүмкіндіктеріңіздің аумағына жуық сәйкесіп келсе,онда сіздердің арман-қиялдарыңыздың орындалары сөзсіз. Ал құр қиял-арман болып,оған интеллектуалды әлеуетті прагматикалық сапаға айналдырмасаңыз, ондай арман-қиял ешқашан іске аспайды деген нұсқалы уәж басымдықта келуі.
6. Энтузиазм. Бұл – қасыңдағыларыңыздың сіздермен қарым-қатынасқа түсу барысындағы сіздердің бастаған іс-әрекетіңізге қолдау көрсетуі. Оның басты индикаторы сіздердің идеяларыңызды, мұраттарыңызды жүзеге асыруы. Бұл -ынтымақтастық одақ құрудың ең бір сыннан өткен амалы.
7. Өзін-өзі бақылау. Жетістік пен табысқа жету үдерісіндегі энтузиазмдық іс-әрекеттің балансын есептей алу іскерлігін ұштау қабілеттілігін өркендету түбегейлі мәселелерді түбірімен жаңаша шешуге септігін тигізеді деген ұстанымды басшылыққа алу арқылы ішкі интеллектуалды әлеуетті қорландыра отырып ілгерілеуі.
8. Алған жалақы мөлшерінен табыстылықты артық көрсету, шын мәнісіндегі қызмет жетістігі жалақы мөлшерінен артық болып отыруытабыстылық заңының ең маңызды тұсы. Студенттердің адами капиталының табыстарының айналымы жыл сайын өсіп отыруының бір тізгіні деп қарастырылады. Ол үшін қабылданатын студенттердің сандық-сапалық 559 Вестник Торайгыров университета, ISSN 2710-2661 Серия Педагогическая № 4. 2020 көрсеткіштері үнемі алдыңғысынан өрлеу динамикасына сәйкесіп, өндірісмекемелерде олардың аброймен қызмет етуі басты қадам деген тұжырым түйеді.
9. Тұлғаның даралық сипатының көпшілік назарына ілігіп отыруы(жыл сайын). Табыстылықты қамтамасыз етудің бұл – тірек нүктесі.Студенттердің адами капитал еңбегін атқару әр тұлғаның өзіне-өзінің сараптамалық пайыммен алға ілгерілеуін есептеп отыруына маңыз беру - басқарудың басты инструменті, ол әрбір табысқа кедергі келтірер қиындықтарды дер кезінде жеңіп отыруға бағдар жасайды.
10. Ойлау, парасаттау, пайымдау, бағамдау, тұжырымдау, түйіндеу секілді интеллектуалды әлеуетті ұдайы өркендетудің шеберлігін ұштау және оның дәлдігі мен нұсқалылығы. Табыстылыққа жету барысында кездесетін бұрыштардың ең бір өткір ұштарынан фактілер мен мәлеметті дұрыс жинау арқылы «апатқа» ұрынбай өтудің мәні зор. Бұнда студенттердің тұлғасы әрбір деректің дәйектілігінің маңыздылығын айқындайды, басымдық пен қосымшаны ажыратарлық тұжырым-түйіндер құруға дағдыланады.
11. Шыдамдылық, толеранттылық. Шыдамды да төзімді адамның сүйінші алдында деп есептеген Жүсіп Баласағұни ілімінің бүгінгі заманауи мүддесіне де жат емес. Әрбір тұлға өзінің ой-парасатын үнемі ретке келтіріп, негізсіз күдік тудырмауға бағыт жасау қажеттігіне тоқталып отыру кадрлар жайлы басымдықтағы түсінік. Сол себепті адасқандарға, кетіп қалып қайта оралып жатқандарға айырқша ілтипат танытып, кешірім жасай алу да осындай толеранттық пен данышпандар уағызына құлақ түретін шыдамдылық.
12. Алтын ереже. Бұл ереже әрбір тұлғаның өзінің адами капиталы құзыретін өркендету барысындағы жалпы адами заңдылықтарды меңгеріп, өздерінің ұжымдарымен үндестікте болуын қамтамасыз етеді.
13. Студенттер, қызметкерлер бір-біріне ықпал жасауында конструктивтік ақыл-ой, парасат-пайым, бағам, тұжырым, түйін сөздер арқылы әсер етуіне қолайлы жағдай туғызу. Конструктивтік ақыл-ой, бағам заңын іске асыруда әрбір тұлға өзінің ұстанымын басқалар да саналы тұрғыда қолдап, оған үлестерін сәйкестілікте қосуларына құптаушылық білдіру көзделеді.
14. Сәтсіздіктен сабақ алу. Сәтсіздікке томаға тұйықтық таныту әлсіздердің іс-әрекеті. Әрбір сәтсіздіктен болашақ жоспар құруда сабақ алып,оның келесіде қайталанбауының алдын-алу қажеттілігіне маңыз беру басқарудың басымдығы.
15. Күш-қуат жинау дағдысын ширату. Әрбір студенттің тұлғасында қозғаушы күш боларлық жағдай жасау студенттерің саясаты екені байқалды. Өзінде қауқар мен күші жоқ студенттер өндіріс пен мекемелерге жұмысқа орналасқан нарықтық талапқа сәйкес келмеуінің алдын алады. Сол себепті 560 Торайғыров университетінің Хабаршысы, ISSN 2710-2661 Педагогикалық сериясы № 4. 2020 оқытушылар күш-қуат сенімділіктің болмауынан арылудың бір амалы-жинаған білім қоры,ол сенімділікті арттырып, адамға күш береді деп тұжырымдайды. Біліми жіктемеден құралған күш-қуат адамның физиологиялық күш-куатымен астасып келуін тұлғаның өзі ғана қадағалай алады.
16. Студенттерге білім мен пән бойынша ғылыми негізді болашақ адами капиталының құзретін ұдайы өркендетуіне бағдар жасалуы. Бұл орайда білімді ғылыми негізде жинақтау тәсілі зерделеу, жіктеу, деректемені дәйектілікпен меңгеру, жүйелеу және басқалармен қарым-қатынасқа түсу үдерісінде оны сәтті қолдана білу «өзіне ғана тән прагматикалық тәжірибені» қорландыру тәсілдерін ширату деп есептеледі.