Дәріс тақырыбы және тезистер



бет3/15
Дата02.03.2023
өлшемі78,42 Kb.
#170841
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Дәріс тезистері 3

Дәрістің қысқаша мазмұны:
Типтендіру яки көркем жинақтау, сонымен өнер заңдылығы. Бұл қаламгердің жазатын тақырыбына, өзін толғандырған өмір мәселелеріне орай зерттеп-жинаған материалын (тарихи деректері, ауызекі әңгіме, шешендік сөз, архив құжаттары, кино-теледидар хабарлары, қойылымдары, баспасөз материалдары, өмірбаяндық жайлар, естеліктерді, түрлі құжаттар т.б.) шығармасында бейнелер уақытқа, кезеңге, кейіпкерлер болмысына, танытпақ идеясына, көзқарасына сәйкес лайықтап екшеп-елеуі, аса мәнді, қажетті деген дерек, фактілерді, оқиғаларды сұрыптауы. Сөйтіп осындай сүзгіден өткен, таңдалып-іріктелген материалдарды шығарманың сюжеттік-оқиғалық желісінде, көріністерде кейіпкерлер тұлғаларын даралау, мінездерін айқындау, бір-бірімен қарым-қатынасын бейнелеу мақсатында шеберлікпен қолдана білу. Өмір шындығынан алынып, сұрыпталып, жинақталған әрбір дерек, деталь, факт шығарма идеясына сай суреттеліп отырған оқиғалар желісінен, кейіпкерлерді қарым-қатынасы жүйесінен, тартыстан өзінің лайықты орнын алуы шарт. Көріп отырғанымыздай типтендіру, жинақтау процесі өмір материалына, яғни өмір шындығына негізделеді екен. Суреткер әрине, кез келген өмір құбылыстарына, оқиғаларына көңіл аудара бермейді, оны қоғам тіршілігінде орын алған типтік шындық, типтік құбылыстар көбірек қызықтырады, міне ол осы жайларды барынша жан-жақты зерттеп, жинақтап, көркем шындыққа айналдырады. Көркемөнер теориясында типтілік мәселесі, типтік құбылыс немесе типтік шындық деген ұғымдар бар. Бұлар өте келелі, ауқымды әрі маңызды мәселелер. Типтендіру процесінің жай-жапсарын типтілік, типтік шындық ұғымдарымен сабақтастықта ғана толық түсінуге болады.
Ғылымда типтілік немесе типтік шындық, құбылыстар деп қоғам өміріндегі мынадай екі жағдайды айтады.

  1. Өмірде, адамзаттың қоғамдық өмір-тіршілігінде бұрыннан бар, сан ғасырлар бойы қалыптасқан, халықтың, ұлттың өмірінің ажырамас көрінісіне айналған құбылыстар, адамдық қарым-қатынастар, салт-дәстүрлер, шаруашылық кәсібіне, жалпы өміріне байланысты орныққан түсінік-ұғымдар, ерекшеліктер, жайлар.

  2. Қоғам өмірінің тыныс-тіршілігінде бүгін сиректеу кездессе де, даму, өркендеу болашағы мол құбылыстар, жағдаяттар да типтік құбылыстар қатарына жатады.

Ұлттың, халықтың қоғамдық өмірінің бар саласында кең орын алған, оның тарихи өмір-тіршілігінің ажырамас белгі-көрінісіне айналған құбылыстар, көріністер дегеніміз не? Қазақ халқының тарихи өткен өмір өткелдеріне қатысты айтар болсақ, бұл жер дауы, жесір дауы, барымта, халықтық әдет-ғұрып, салт-сана, кәсібіне, тұрмысына байланысты қалыптасқан басқа да жайлар (саятшылық, мал бағу, қыз ұзату, келін түсіру т.б.).Халқымыздың өткен өмір жолдарын негізгі кәсібі мал болғандықтан жер дауынсыз, ескі ұғым, әдет-салт үстемдік еткендіктен жесір дауынсыз, ру мен ру арасындағы немесе билікке таласқан болыс-билер арасындағы бітпейтін бәсеке-бақталастықсыз, барымтасыз елестету қиын. Сондай-ақ ХУІІ-ХУІІІ ғғ қазақ еліне жасалған шапқыншылық жорықтар, үдере көшкен, азып-тозған халық тіршілігі, есін жиып елін жауға бастаған ерлер, батырлар жорығы, қанды шайқастар, қазақ елінің жеңісі, міне бұл жайлар да аталған ғасырларға тән типтік шындық, типтік көріністер. Одан бергі дәуірлердегі отаршылдық кезеңінің өз типтік көріністері, өз типтік шындығы тағы бар.
Сұрақтар:

  1. Әдебиет поэтикасы қандай ғылым салаларымен байланысты?

  2. Әдебиет поэтикасының әдебиет теориясынан айырмашылығы қандай?

  3. Әдебиет поэтикасы мен риториканы не біріктіреді?

  4. Әдебиет поэтикасы мен стилистиканы не біріктіреді?

  5. Поэтикадан зерттеулер үшін аударматанудың маңызы қандай?

№ 4
дәріс

4 дәріс: Көркем шығарма және оның құрылысы. Мазмұн мен пішін бірлігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет