Директордың сөзі
2 жүргізуші:
Адам шыр етіп дүниеге келгенде, кіндік қаны тамған жерін – Отан дейді. Әрбір адамда Отанға, туған жерге деген ыстық сезім, үлкен махаббат болады. Адамзаттың парызы - туған Отанын гүлдендіріп, сақтап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізу. Келесі кезекте мектебіміздің білім алушыларының «Мен қазақпын» атты шығармасын кабыл алыңыздар.
7 сыныптардың монологы (4 оқушы)
2 а сынып білім алушысы Сұлтанбаева Айнараның орындауында «Туған өлкем» әнін қабыл алыңыздар.
«Қазақша би» (Ақбота)
2-жүргізуші:
Сахнада Русланқызы Қарлығаш пен Русланұлы Санжар. «Біз бақытты баламыз» әні
1 жүргізуші:
Отан, Отан!!! Сен болмасаң нетер ем?
Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем!
Қазақстан Республикасына деген әрбір азаматтың мақтаныш сезімі мереке кезінде қалай болса да шалқитындай реті бар. Ата - бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсап өткен Тәуелсіздікке қол жеткізгелі бері еліміз талай – талай асқарлы асуларды бағындырды.
2 жүргізуші:
Жаса менің қазағым,
Көк туымыз желбіреп.
Патриоттық сезіммен,
Жүрегіміз елжіреп – дей келе, Әнұранын, елін, туған жерін сүйетін, елінің өткені мен бүгінін, тарихын тебірене де тереңдей оқып, тарихтың зерделі де шежірелі беттеріне үңілген ұландарымызды өздерінің жүрек жарды өлеңдерін оқу үшін ортаға шақырамыз.
Тақпақ
Хор бастауыш сыныптардың (Шолпан әпки)
Бейбитов Дулаттың орындауында «Мен Қазақпын» әні
1 жүргізуші:
Қыран құсым көк аспанда самғасын,
Желбіресін көк байрағың сан ғасыр,
Жасұландар, берік ұста туыңды
Жарқыратып туған елдің таңбасын.
Жасұландықтардың орындауында «Флешмоб» биін қарсы алыңыздар
2-Жүргізуші: Бірлік, татулық, ынтымақ! Халық осы үш ұғымның қадірін жақсы біледі. Қазақстан Республикасы жүздеген ұлт пен ұлыстың басын біріктіріп, ынтымағын жалғыстырып отырған Ұлы мемлекет.
1-Жүргізуші:
Ата-баба әруақтары жар боп әркез,
Жаса, жайна қазағым, елім менің.
Республика күнінде шаттық болып,
Той думанға ұлассын жерім менің – дей келе келесі кезекті мектебіміздің ұстаздарына береміз.
Ұстаздар хоры
2-Жүргізуші:
Біз туған мемлекетіміздің тәуелсіздігін баянды етуге, қуатын арттыруға, оның игілігіне, халықаралық қоғамдастықта абыройының өсуіне адал қызмет етуге парыздармыз. Қазір Қазақстан – көп елдермен терезесі тең, елдік рәміздері анық, мәртебесі беделді мемлекет.
1-Жүргізуші:
Қызыл бұлттай көрсең қырдың гүлдерін,
Көрсең ашық Ала таудың күндерін.
Жеріңде гүл, көгіңде күн бір жүзген,
Ұлан байтақ Республикам бұл менің.
Бастауыш сыныптардың көрінісі ( акробатика, робот)
2-Жүргізуші:
Жаса Қазақ, жаса деп,
Бірге шықсын үніміз.
Қазағым деп жазылар,
Таусылмасын жырымыз
1-Жүргізуші:
Жиырма бесі қазанның мереке бұл,
Республика күні, елім, құтты болсын!
Қазағымның әр үйі қуанышта,
Саулықтары лайым мықты болсын!
МӘҢГІЛІК ЖАСА, ҚЫРАН ЕЛІМ,
Бірге: ҚАЗАҚСТАНЫМ!
Хлопушка атылады
РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Достарыңызбен бөлісу: |