Сабақтың түрі: Сыныптан тыс жүргізілетін сайыс сабақ



Дата15.09.2017
өлшемі92,72 Kb.
түріСабақ
Тақырыбы: «Озық ойлы оқушы».

Наукебаева Сайлаугул Жубандыковна

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы

Абай атындағы орта мектебі
Мақсаты: Оқушылардың информатика сабағында алған білімдерін бекіту, алгоритмдік ойлау машықтарын қалыптастыру, логикалық ойлауды дамыту мақсатында сабақты «Озық ойлы оқушы» атты сайыс түрінде өткізіп отырмын. Ондағы мақсатым оқушылардың ой еңбегін, жұмыс жасауын қалыптастыру, өз ойын нақты әрі сауатты білдіруге үйрету.

Сабақтың түрі: Сыныптан тыс жүргізілетін сайыс сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, практикум, көрсете баяндау, топпен және жеке жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: - Интерактивті тақта, слайд, компьютерлер, үлестірмелі материалдар.

Қатысушылар: Озық ойлы оқушы сайысына 9 «а», «ә», «б», «в» сыныптарынан 4 оқушы қатысады.


Барысы:

Кіріспе сөз: Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар! Елбасының 2030 жолдауы – егемендіктің кілтін ұстар жастардың жарқын болашағына апарар үлкен сүрлеу. ХХІ ғасырдың білімді, ойлы ұрпақтары, осы жоспарды болашақта іске асырушы, еліміздің экономикасына үлес қосушы сендерсіңдер деп білемін. Қазақстан болашағы – білімді ұрпағында. Ендеше, сендер болашаққа бүгін де өз үлестеріңді қосып, еңбек еткелі отырсыңдар. Сол еңбектеріңді, осы уақытқа дейін информатика пәнінен алған білімдеріңді ұшқыр ойларыңмен, шешендік тілмен өрнектеп ортаға саласыңдар. Сонымен сайысқа қатысушылар, бүгінгі «Озық ойлы оқушы» атты сайысымызға қош келдіңіздер! Сайыста әрбір айналымнан сүрінбей, ойланып, нақты жауап берген оқушы «Озық ойлы оқушы» атына ие болады. Ойын 5 айналымнан тұрады.
Жоспары:

  1. «Сен білесің бе?».

  2. «Ғажайып ұяшық».

  3. «Полиглот».

  4. «Тапқыр болсаң шешіп көр».

  5. «Қас қағым сәт».

Сайысымызды бастамас бұрын бүгін сайысымыздың әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейін:



Әділ қазылар алқасы:









Олай болса сайысымызды бастаймыз. Барлық қатысушыларға сәттілік.
1-кезең. «Сен білесің бе?». Бұл кезеңде барлық сайыскерлерге ортақ 10 сұрақ беріледі, әр сұрақтың 4 жауап нұсқасы бар. 2 минут уақыт беріледі. Әр оқушы өз орнында, берілген қағаздағы сұрақ тұсына өз жауаптарын жазады. Кез келген оқушы уақыт біткеннен кейін сұрақтарды жауаптарымен оқиды. Дұрыс жауапқа 1 ұпай.

  1. ХVІ – ХVІІ ғасырда пайда болған есептеуіш құрал.

  1. Лограифм сызғышы

  2. Паскаль машинасы

  3. Есепшот *

  4. Арифмометр

  1. Ең алғашқы программист кім?

  1. Ада Лавлейс *

  2. Герман Холлерит

  3. Сергей Леведев

  4. Блез Паскаль

  1. Ехсеl-дегі кітапты не құрайды?

  1. Беттаер *

  2. Жазулар

  3. Өрістер

  4. Формулалар

  1. «Логика алгебрасының» атасы кім?

  1. Д. Нейман

  2. Чебышев

  3. Д. Буль *

  4. Аристоель

  1. Файл аты қандай бөліктерден тұрады?

  1. Аты және қосымша аты

  2. Аты және өлшемі

  3. Аты және типі *

  4. Өлшем және типі

  1. Сандарды атау және жазу ережелері мен әдістерінің жиынтығы не деп аталады?

  1. Дизьюнкция

  2. Коньюнкция

  3. Санау жүйесі *

  4. Инверсия

  1. Бірінші ЭЕМ қай жылы жасалды және ол қалай аталады?

  1. 1836. МИНСК

  2. 1946. ЭНИАК *

  3. 1951. ІВМ

  4. 1949. ЭНИАК

  1. Адам мен компьютер арасындағы қарым – қатынас тәсілі...

  1. Интерфейс *

  2. Драйвер

  3. Операциялық жүйе

  4. Команда

  1. Файлдың типі неше символдан тұрады?

  1. 5

  2. 4

  3. 3 *

  4. 8

  1. Ресей ғылымдары Чебышев пен Однер ойлап тапқан құрылғы.

  1. Марк-1

  2. Есепшот

  3. Калькулятор *

  4. БЭСМ


2-кезең. «Ғажайып ұяшық». Сайыскерлерге 4 түрлі тақырып беріледі. Әр тақырыпта 10, 20, 30, 40 сандары ұяшықтарға бөлінген. Ұяшықтағы сұраққа жауап берсе, сол ұяшыққа тиесілі ұпайды иеленеді. Ұяшықтағы ұпай көбейген сайын сұрақ та күрделене түседі.

  1. Алгоритм (10)

Алгоритм дегеніміз не?

Алгоритмнің қасиеттерін ата.

Алгоритмнің үзіктілік қасиеті.

Алгоритмнің нәтижелік қасиеті.

Жалпыламалық және ортақ қасиеті.

Алгоритмнің формалды жазылуы.



  1. Ұлы ғалымдар (20)

Есептеуіш техникасының қарқындап дамуы ХІХ ғасырдан басталады. 1833 жылы бұл ғалым бағдарлама арқылы басқарылатын «Аналитикалық машина» жобасын жасады. Сондықтан да оны қазіргі компьютердің «атасы» деп те атайды. (Чарлз Бэббидж)

  1. Тарих (30)

Дүниежүзі бойынша алғашқы 1846 жылы Бэббидж машинасына бағдарлама жазған бұл ғалым – әйел бірінші программист болып саналады. Бұл әйел атақты Байронның қызы. (Ада Лавлейс)

  1. Ақпарат (40)

Ақпарат информатика пәнінің ең іргелі түсініктерінің бірі. Ақпараттың өлшем бірлігі болады. Кез – келген ақпаратты өлшеу арқылы сол ақпараттың көлемін білеміз, мысалы 290 беттік кітаптың бір бетінде 39 жол, әр жолда 67 символ бар, оны сыйымдылығы 1,44 Мбайт дискетке орналастыруға бола ма?

39*67=2613 символ = 2613 байт.

Кітаптың ақпараттық көлемі 2613*290=757770байт = 757770:1024 Кб=740 Кб.

740:1024=0,722 Мб яғни орналастыруға болады.


3-кезең. Жеті жұрттың тілін біл: Келді кезек полиглотты шешуге

Жауаптарын үш тілде де беруге

Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз

40 ұпай шәкірт саған несібе.



Келесі кезең «Полиглот». Бұл кезеңнің ерекшелігі оқушылар берілген сұрақтарға қазақша, орысша жауап береді. Егер 3 тілде айтса, 15 ұпай алады.


  1. Фонограф бағдарламасы қандай мәліметті өңдеуге мүмкіндік береді

(дыбыс, звук, sound)

  1. Жіпке ілдім мен өзім

Кіп – кішкентай күн көзін (шам, лампочка, lаmp)

  1. Ақпараттың қайнар көзі (табиғат, природа, nаture)

  2. Ас адамның арқауы, ал компьютердің асы...(тоқ, ток, сurrеnt)

  3. Компьютерде берілетін командаларды жарық қаламымен басқаруға негізделген құрылғы (тышқан, мышь, mоusе)

  4. Қоршаған ортадан алынатын және оған берілетін мәліметтер тобын не дейміз?

(ақпарат, информация, Informtion)

  1. Терезені жабу батырмасының аты. (жабу, закрыть, сlose)

  2. Оның жұмысы үшін аздаған ғана жад қажет, өте кішкентай мәтіндік редактор.

(кітапша-блокнот-notebook)

  1. Жолдар мен бағандарда реттеліп берілетін ақпарат? (кесте, таблица, таbel)

  2. Экранның төртбұрышты қоршаулы аумағы? (терезе, окно, windows)

  3. Дүниеге тұмсықсыз – ақ келеді,

Дегенменен тұмсығынан өледі. (қарындаш, крандаш, Реnсіls)

  1. Өшіргенді жинаған, уақытша сақтаған. (себет-корзина – basket)


4-кезең. «Тапқыр болсаң шешіп көр». Логикалық есептер және сұрақтар беріледі. Оған 5-минут ішінде дұрыс әрі жылдам жауап беруі тиіс. Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.


  1. Квадраттың жазылуы? ( sqr)

  2. Мен 10001 жасымда мектеп бітірдім, ал 10110 жасымда академия бітіріп, электронды сарайда қызымет еттім. Ол кезде сендер бар болғаны 111 жастасыңдар.

11110 жасымда ғылыммен айналысып, 11 жылдан кейін ВИРУС атанып сиқырға ұшырадым. Мені сиқырдан құтқару үшін осы есепті шешу керек.

Жауабы: 10001-17 жас 111-7жас 10110-22жас 11110-30жас 11-3жыл

Сонымен 17 жасында мектеп бітірген. Ол кезде сендер 7 жастасыңдар. 22 жасында академия бітіріп, 30 жасында ғылыммен айналысқан. 3 жылдан кейін ВИРУС атанған. Сонда 33 жасында ВИРУС атанған.

  1. Тұрақты қалай жазылады? (соnst)

  2. Біздің мектепте 1101111010 оқушы бар. Ал, біздің топта 1100 оқушы бар. Мен бүгін сайыста жеңімпаз болатыныма сенемін.

Жауабы: Мектепте 634 оқушы бар, біздің топта 12 оқушы бар. Мен бүгін сайыста жеңімпаз болатыныма сенемін.

  1. Қайталау операторы? (For)

  2. Менің мекен – жайым: Абай көшесі №10111 үй. Мен 1001 сыныпта оқймын. Арманым оператор болу.

Жауабы: Менің мекен – жайым: Абай көшесі №23 үй. Мен 9-сыныпта оқимын. Арманым оператор болу.

  1. Таңдау операторының жазылуы? (саsе)

  2. Мен 10 000 жастамын. 111 жасымда мектеп табалдырығын аттадым. Арманым программист болу.

Жауабы: 16 жастамын, 7 жасымда мектеп табалдырығын аттадым арманым программист болу.
5-кезең. «Қас қағым сәт». Сұрақтар қойылады. Оған 2-минут ішінде дұрыс әрі жылдам жауап беруі тиіс. Әрбір дұрыс жауап 1 ұпай.

Сұрақтары.



  1. Алгоритмді белгілі бір машинада орындау үшін сол программалау тілін машина тіліне автоматты түрде аударатын түрлендіргіш программа? /транслятор/

  2. 1968 – 1971 жылдары швейцариялық ғылым Никлаус Вирт оқып – үйренуге қолайлы программалау тілін ойлап тауып, бұл программалау тілін атақты француз ғалымының атымен қояды. Бұл қандай тіл? /Паскаль/

  3. 1024 килобайт 1.........неге тең? /мегобайт/

  4. Алгоритмді графиктік жолмен жазу /блок-схема/

  5. Әрекеттердің орындалуы қандай бір шартқа тәуелді болуы /тармақтық/

  6. Белгілі бір әрекеттер тізбегі бірнеше рет қайталануы /циклдік/

  7. Әрекеттердің тізбектей орындалуын сипаттайтын алгоритм /сызықтық/

  8. Паскаль тілінде «:=» қандай оператор? /меншіктеу/

  9. ІХ ғасыр ортасында Азия ұлы араб математигі Әбу Жафар Мухаммед ибн Мұса

әл-Хорезми (763-850) есімінің латынша жазылуынан қандай термин шықты

/алгоритм)



  1. Адам мен компьютер арасындағы қарым – қатынас /Интерфейс/

  2. Программалау тілінде жазылатын алгоритм. /Программа/

  3. Интернет желісі қай жылы пайда болды? /1969 жылы/


Қорытындылау: Сонымен бүгінгі сайысымыз өз мәресіне де келіп жетті.

Әділқазылар қорытынды шығарады.

Қазылар орнықтырар әділдікті

Кімдердің жауаптары кәміл шықты



Білім мен тапқырлықты көрсеткен

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты –деп әділқазыларға алқасына береміз. Оқушылардың 5 кезең бойынша алған ұпайларын есептеп, жүлделі орындар беру, ең жоғары ұпай жинаған оқушы « Озық ойлы оқушы» атанады. Жеңімпазды құттықтау, марапаттау. Талаптарыңа нұр жаусын! Сіздерге өмірде сәттілік, жеңіс тілеймін!
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет