1.Оқушылар бірлесе ынтымақпен жұмыс атқарып, өлеңнің мазмұнын меңгереді, біріге қорытынды жасайды.
2.Ананың адам өміріндегі маңыздылығын өлеңді оқи отырып ұғынады
3. Өзгелердің пікірін тыңдай отырып, шығармашылықпен жұмыстанады, тіл байлығын арттырады.
Керекті жабдықтар
Интербелсенді тақта, слайдтар, бағалау парақшалары, смайликтер, ноутбук
Қолданылатын әдіс-тәсілдер:
Талдау, салыстыру, іздендіру, шығармашылық жұмыс.
Сабақбарысы:
Сабақ
кезеңдері
Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті
Кіріспе
І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Оқушылармен сәлемдесу.
- Сыныпты түгелдеу, сынып журналына тіркеу."ж"
Сынып "Атом, молекула" ойыны арқылы үш топқа бөлініп отырады. Топ басшысы сайлау. Бағалау парақтарын тарату.
Оқушыларға өткен сабақта С.Жүнісовтың "Құлагер" әңгімесімен танысып толық талдадық. Қазір үйге берілген тапсырма бойынша сұрақтарыңды мына плакатқа жапсырасыңдар. Сосын сол бойынша жауап береміз.
Қызығушылығын ояту
Нұрлан Өнербаев шырқауында "Ана туралы жыр" әнін тыңдау
Осы жерде оқушылардың өздерінің аналары туралы түсірген подкаст видео көрсету.
Олай болса оқушылар бүгінгі сабағымызда кім туралы айтамыз?
- Сабақ мақсаты не деп ойлайсыңдар?
Оқушылар амандасады. Кезекші жауап береді.
"Атом, молекула" ойынынын ойнайды, қызығады. Топқа бөлінеді.
Топ мүшелерін бағалау парақтарына тіркейді.
Оқушылар өткен сабақтарды еске түсіреді. Өз сұрақтарын тақтаға іледі. Сол сұрақтарға жауап береді. Бір-бірін толықтырады.
Ән тыңдайды. Видео көреді, толғанады. Сұрақтарға жауап береді.
Сабақ мақсатын айқындайды.
Сұрақтарға жауап береді. Бір-бірін толықтырады.
Тұсаукесер
Сабақтың мақсаты:
1."Ана" өлеңінің мазмұнын ашу.
2. Ана сөзінің қасиетін анықтау
3. Өлеңді түсініп оқу арқылы топтық тапсырма орындау
Дәптерімізді ашып күннің жадын жаңа тақырыпты жазғызу.
2. Жаңа сабақ
Деңгейлік тапсырма
Ақын Қ.Мырзалиев өмірі мен шығармашылығына байланысты таныстырылым.
Дәптермен жұмыс. Жыр жинақтарының аттарын дәптерге жазғызу.
Айлана деңгейлік тапсырма бойынша Қ.Мырзалиев өмірімен таныстырады
Қол шапалақтайды.
Ақын шығармаларының жинақтарын дәптерге жазады.
Айланаға екі жұлдыз, бір ұсыныс айтады.
Негізгі бөлім
1. Білу. "Ана" өлеңін ноутбуктан тыңдату.
Өлеңді үттштікте, төрттікте оқып, талдау.
2. Түсіну.
Өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашқызу.
3. Қолдану. Постер қорғау.
І топ. Өлең ішінен тірек сөздерді тауып жазу
ІІ топ.Ана тақырыбында нақыл, қанатты сөздер жазу. (Қосымша материалдар пайдаланту)
ІІІ топ. "Ана" сөзін топтастыру
ІҮ. Ана туралы басқа ақындардың өлеңдерін тауып оқып, екі өлең ұқсастығы мен айырмашылығын айқындату
(магнит тақтасын пайдалану).
Бағалау. Түсініктеме беру арқылы бағалау. Ынталандыру Қол шапалақтау.
Өлеңді мұқият тыңдайды.
Үштікте, жұпта өзара талдайды.
Өлең мағынасын талдап, идеясын ашады.
Топпен бірігіп жұмыстанады.
1-топ тірек сөздерді табады.
Ана
Өлең дастан
Қуандым
Көз жанары
Еркелеп
Ақ сүт
Отан
2-топ Мақалдар жазады.
Алты ұл тапқан ананы "ханым" десе болады.
Сыйласа білген адамды "жаным" десе болады.
Алып анадан туады,
Ат биеден туады.
Ана алақанының аясы,
Ақ шынардың саясы.
Ана алдында құрмет,
Ата алдында қызмет
Топтастырады.
Басқа ақынның ана туралы өлеңін тауып екі өлең ұқсастығы мен айырмашылығын табады, жазады.
Кезек шығып постерлерін қорғайды. Бір-біріне қол шапалақтайды.