Жазбаша қорытындылар беру



Дата30.11.2023
өлшемі14,95 Kb.
#194326
Байланысты:
Адвокат


Адвокат — тек қорғаушы ғана емес, сондай-ақ сот iсi саласына тартылған кез келген тұлғаның заңды құқықтары мен мүдделерiн қамтамасыз ететiн тәуелсiз кепiл, сондықтан да адвокаттың қылмыстық процеске қатысуы барлық уақытта Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының құқығын тиiмдi қорғауға ықпал ететiн болады. 
Айыпталушыға заң көмегiн көрсете отыра, адвокат қылмыстық сот iсi мiндеттерiн шешуге көмектеседi. Бұл қорғаушысыз (адвокатсыз) оның қатысуы мiндеттi iстi тергеу немесе қараудың заңды елеулi бұзушылық болып табылатындығымен түсiндiрiледi. 
Қылмыстық iстiң барлық сатысында айыпталушыға (сезiктiге) қорғану үшiн заңмен құқықтардың ауқымды жиыны берiледi, олардың маңызды шарты iс жүргiзу нормалары мен қылмыстық сот iсi ережелерiн, атап айтқанда, айыптау және қорғану тараптарының бәсекелестiгi мен тең құқықтығы принциптерiн қатаң сақтау, iстiң мән-жайын жан-жақты, толық және объективтi зерттеу болып табылады. 
Айыпталушыға қорғану құқығының берiлуiне байланысты қылмыстық iске қорғаушының мiндеттi қатысу негiздемесiн; адвокаттың қорғаушы ретiнде қатысуын болдырмайтын жағдайды; қорғаушыны шақыру, ауыстыру және тағайындау тәртiбiн; қорғаушының iс жүргiзудегi жағдайын, мiндеттерi мен құқықтарын қарау қажеттiгi туындайды. 
Қазақстан Республикасының адвокатура қызметiнiң негiзгi бағыттары әр түрлi заң көмегiн көрсетуге жәрдемдесу болып табылады. Олар: 
— шешiлiмi кәсiби заң бiлiмiн талап ететiн мәселелер бойынша консультациялар, түсiндiрмелер, кеңестер, жазбаша қорытындылар беру; 
— талап қою арыздарын, шағымдар мен құқықтық сипаттағы басқа құжаттарды жасау
— адвокаттардың анықтау және алдын ала тергеу iстерi кезiнде, сезiктiлердiң, айыпталушылардың және сотталға адамдардың қорғаушылары, жәбiрленушiлердiң, азаматтық талап қоюшылардың, азаматтық жауапкерлердiң өкiлi ретiнде қылмыстық iстер бойынша сотқа қатысуы; 
— соттар мен мемлекеттiк органдарда азаматтық және әкiмшiлiк құқық бұзушылық iстерi бойынша өкiлдiк ету; 
— азаматтар мен ұйымдарға заңда тыйым салынбаған басқа да заң көмегiн көрсету. 
Адвокаттың қылмыстық сот iсiне қатысуы – адвокаттық қызметтiң негiзгi бағыттарының бiрi. Мұнда адвокат қызметi негiзiнен айыпталушыларды (сезiктiлердi) қорғау мiндетiн жүзеге асырумен байланысты. Оның кәсiби тәжiрибесiмен құқықтық бiлiмi қорғайтын адамына аса бiлiктi көмек көрсетуiне мүмкiндiк бередi. Қоғам мен мемлекет бiрде-бiр азаматтың жеткiлiктi айғақсыз қылмыстық жауапкершiлiкке тартылмауын және сотталмауын көздейдi. 
Ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбiр адам ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған кезден бастап адвокаттың (қорғаушының) көмегiн пайдалануға құқылы. 
Заң сезiктiлердiң және қылмыс жасағандығы туралы айыпталғандардың, сондай-ақ сотталғандардың қорғану құқығын қамтамасыз етедi. Осы құқықтық қорғаушы ретiнде заңмен қажеттi кепiлдiктер берiлген адвокаттар жүзеге асырады. Атап айтқанда, қылмыстық iстi жүргiзу заңы сот талқысы кезiнде (сот талқысы және ақты iс бойынша шығарылған үкiмдердiң заңдылығы мен қисындылығын iзiнше тексеру сатысы), сондай-ақ алдын ала тергеуде немесе анықтауды жүргiзу кезiнде, сонымен қатар қадағалау тәртiбiмен iстi қарау кезiнде адвокатқа (қорғаушыға) берiлетi құқықтардың үлкен шеңберi айқындайды. 
Адвокаттар (қорғаушылар) iске қатысуға айып тағылған немесе сезiктi адам мойындаған сәттен — ұстау жүргiзiлген я болмаса айып тағылғанға дейiн бұлтартпау шарасы қолданылған сәттен бастап жiберiледi. Бұл жағдайда ол ұстау хаттамасымен немесе қамауға алынған түрiндегi бұлтартпау шарасы таңдалғандығы туралы қаулымен таныса алады. Қорғайтынн адаммен оңаша жүздессе, одан жауап алуға қатыса алады және т.б. Жүздесу саны мен олардың ұзақтылығы шектеусiз. Конституцияның 16-бабының 2-тармағы тұтқындалған адамға сотқа шағымдану құқығын бередi. Бұл құқықтардың көлемiмен мазмұнын реттеу ұдайы жетiлiп отырады. 
Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнде анықталға көп жағдайда, қылмыстық жауапкершiлiкке тартылған адамның қорғаушысы болуға мiндеттi. Егер бұл азамат немесе оның туысқандары не заңды өкiлдерi адвокатты шақыруға ынта бiлдiрмесе, адвокат тергеушiнiң, прокурордың немесе соттың қаулысы бойынша тағайындалуға тиiс. Мұндай адвокатта айыпталушы немесе оның жақын туысқандары шақырған адвокаттардың құқығын пайдаланады. Оның еңбегi толығымен республикалық бюджет қаражатынан төленедi. 
Қылмыстық iстi қарауға қатысқан адвокат айыпталушыны ақтайтын немесе жауапкершiлiгiн жеңiлдететiн жағдайды анықтау мақсатында заңда көзделген барлық қорғау құралдарымен тәсiлдерiн пайдалануға және айыпталушыға қажеттi қорғау мен заң көмегiн көрсетуге мiндеттi. 
Адвокат қылмыстық iстi қараған кезде тек айыпталушының қорғаушысы ғана емес, сондай-ақ жәбiрленушiнiң мүддесiн бiлдiрушi, азаматтық талап қоюшы, азаматтық жауапкер ретiнде қатыса алады. 

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет