Іс қағаздарын жүргізу процесінің қорытындылану кезеңі орындалған құжаттарды сақтауға жəне пайдалануға дайындау болып табылады. Пайдаланылатын құжаттарды ретке келтіру мен сақтаудың басты мақсаты Қазақстан Республикасының ұлттық мұрағат қорын толықтыруға жəне оны анықтамалық жұмысында пайдалану үшін жағдай жасау. Орындалған құжаттарды сақтауға жəне пайдалануға дайындау мыналарды қамтиды: ● құжаттың ғылыми жəне тəжірибелік құндылығына сараптама жасау; ● істерді ресімдеу; ● тұрақты жəне ұзақ мерзімді сақталатын құжаттарды сипаттау; ● құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.
Оқылым. Жазылым.
Іс қағаздарындағы құжаттардың құндылығына сараптама жасау іс номенклатурасындағы құжаттарды жасау, оларды қалыптастыру кезінде жүргізіледі. Құжаттардың құндылығына сараптама жасауды, оларды мемлекеттік сақтауға беруге іріктеуді жəне дайындауды ұйымдастырып, жүргізу үшін, сондай-ақ құжаттардың əртүрлі істерге жатқызылуының дұрыстығын бақылау жəне əдістемелік көмек беру үшін тұрақты жұмыс істейтін сараптау комиссиясы құрылады. Оның ережесі жасалып, онда комиссияның функциясы, құқықтары мен жұмыс тəртібі анықталады.
Орындалған құжаттарды мұрағатқа сақтауға дайындау іс қағаздарын жүргізу процесінің қорытынды кезеңі болып табылады.
Құжаттарды мұрағатқа сақтауға не жоюға іріктеу іс қағаздарын жүргізу жылы аяқталғаннан кейін жыл сайын жүргізіледі.
Құжаттарды мұрағатқа тапсыруға дайындаудың бірінші кезеңі - оларды сақтау мерзімін анықтаудан тұрады, ол құжаттың ғылыми жəне практикалық құндылығын сараптау барысында жүргізіледі.
Құжаттардың ғылыми жəне практикалық құндылығын сараптауды
басшы тағайындаған мекеменің арнайы сараптау комиссиясы жүргізеді.
Комиссияның мақсаты –құжаттарды сақтауға іріктеп алу жəне сақтау мерзімдерін белгілеу, сондай-ақ ғылыми-тарихи құндылығы жоқ жəне практикалық маңызын жоғалтқан құжаттарды жоюға іріктеп алу. Комиссияның құрамына құрылымдық бөлімшенің іс қағаздары қызметінің жəне мұрағаттың білікті мамандары кіреді.
Комиссия құжаттарға мынадай сақтау мерзімдерін белгілеуі мүмкін:
- қысқа мерзімді сақтау мерзімдері – 10 жылдан аз (мысалы 1
жыл, 3 жыл немесе 5 жыл);
- ұзақ мерзімді сақтау мерзімдері – тұрақты сақтауды қосқанда 10
жылдан астам;
- бірқатар құжаттар сақталмайды – олар жойылады. Типтік басқару құжаттарының тізбесіне сəйкес бірқатар құжаттарға белгіленетін сақтау мерзімдері мынадай: -өндірістегі қайғылы (кездейсоқ) оқиғаларды тіркеу журналы
75 жыл сақталады; - қызметкерлердің жеке істеріне де 75 жыл сақтау мерзімі
– қызметкердің жасы белгіленеді; - мысалы, қаржыландыруға байланысты құжаттар (қаржыландыру жоспары, қаржыландыру сметалары, қаржылық есептер) тұрақты сақталады; - кепілдік хат – 3 жыл; - қаржы-шаруашылық қызметті тексеру актілері – 5 жыл; - кассаны тексеру актілері – 3 жыл жəне т.б.