Жедел гематогенді остеомиелит Орындаған: Джанаев Нуриман Тобы: 608



бет1/4
Дата17.11.2023
өлшемі0,58 Mb.
#191777
  1   2   3   4
Байланысты:
Жедел гематогенді остеомиелит

Жедел гематогенді остеомиелит

Орындаған: Джанаев Нуриман

Тобы: 608


Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті
Остеомиелит (Osteomyelitis — сүйек миының қабынуы) — Сүйек миында болатын инфекциялық қабыну процесі (миелит), сүйекке және сүйек қабығына тарап, сүйектің некрозын тудырады. Оның нәтижесінде секвестрлер пайда болады. «Остеомиелит» термині медициналық әдебиетте XIX ғасырдың 30-шы жылдарынан бастап кездеседі. Алғашқы рет оның түсіндірмесін XIX ғасырдың 60-шы жылдары Н.И. Пирогов берген.
Остеомиелитті келесі топтарға жіктейді:
I. Этиологиясы бойынша: 1) спецификалық емес;
2) спецификалық остеомиелиттер.
II. Инфекция түсу жолдарымен:
1) Гематогенді;
2) Гематогенді емес: а) жарақат арқылы; б) оқ – дәрі арқылы;
в) жұғысу арқылы.
III. Клиникалық ағымы бойынша:
1) Гематогенді: а) жедел (улану түрі, септикопиемиялық, жергілікті түрі); б) біріншілік созылмалы; в) екіншілік созылмалы;
2) Гематогенді емес: а) жедел; б) созылмалы
Гематогенді остеомиелит – балалардағы көп таралған іріңді ауыр аурулардың бірі. Балалар хирургиясында жатқан аурулардың 6 – 10% — ін гематогенді остеомиелит құрайды. Жедел гематогенді остеомиелитпен тек балалар және жасөспірімдер ауырады, себебі: остеомиелит олардың анатомо – физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты, өсіп келе жатқан сүйектерді зақымдайды.
Сүйек – эпиметафизарлы шеміршек пластинкасы, яғни өсу зонасы арқылы ұзарады. Бұл жерде интенсивті түрде пайда болатын сүйектің қанмен қамтамасыз етілуі жақсы болады, әсіресе метафиз жағынан. Қан тамырлардың көп болуы олардың жалпы қуысы жоғарылап, бұл жерде қан айналыс баяулайды. Осының нәтижесінде осы ошақта микроорганизмдердің тұнуы болады.
Т.П. Краснобаев жедел гематогендік остеомиелиттің клиникалық формаларының жіктелуін ұсынған.
— Токсикалық (адинамикалық, найзағай тәрізді, тиф тәрізді)


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет