Жеке гистология пәні бойынша емтихан сұрақтары



Дата28.11.2022
өлшемі24,76 Kb.
#160149
түріҚұрамы
Байланысты:
жүрек қантамыр жүйесі111


Жеке гистология пәні бойынша емтихан сұрақтары
(2022/23 оқу жылы)


I. Жүрек-қантамыр жүйесі

1. Жүрек қабырғасының құрылысы (қабықтары, қабаттары, олардың тіндік


құрамы).
2. Миокард: тіндік және жасушалық құрамы(кардиомиоциттер түрлері).
3. Артериялар қабырғасының құрылысы (қабықтары, қабаттары, олардың
тіндік құрамы).
4. Артериялардың морфологиялық классификациясы. Негізгі типті артерия-
лар құрылысының сипаттамасы. Гемодинамика мен артериялар
қабырғасының құрылысының байланысы.
5. Веналардың морфологиялық классификациясы. Негізгі типті веналар
құрылысының сипаттамасы. Веналар құрылысының артериялардан
айырмашылығы.
6. Микроциркуляторлық арна туралы түсінік (анықтамасы, микротамыр-
ларды дұрыс бірізділігі бойынша атап беру? Қысқаша сипаттамалау).
7. Жүректің өткізгіш жұйесі (ЖӨЖ) және атиптік кардиомиоциттер туралы
түсінік. ЖӨЖ-дің анатомиялық құрамдастары, олардың жасушалық
құрамы, функциялары.


II. Тынысалу жүйесі.Тері және оның туындылары

8. Кеңірдек қабырғасының құрылысы (қабықтары, қабаттары, тіндік


құрамы, эпителийлі қабатының жасушалық құрамы).
9. Бронхтар қабырғасы құрылысының жалпы үлгісі. Калибрі әртүрлі
бронхтардың қабырғасының құрылысының заңдылықтары.
10. Өкпенің респираторлық бөлімі туралы түсінік. Өкпе ацинусының
респираторлық бөлімнің құрылымдық-функциялық бірлігі ретінде
құрылысы.
11. Өкпе альвеолдарының құрылысы (жалпы түрі, жасушалық құрамы) және
қызметі.
12. Терінің жалпы құрылысы және оның тіндік құрамы. Эпидермистің
жасушалық құрамы.


III. Асқорыту жүйесі

13. Асқорыту түтігі қабырғасының жалпы құрылысы (қабықтары, қабаттары


олардың тіндік құрамы).
14. Өңеш қабырғасының қызметіне байланысты құрылысы (қабықтары,
қабаттары олардың тіндік құрамы).
15. Асқазан қабырғасының қызметіне байланысты құрылысы (қабықтары,
қабаттары олардың тіндік және жасушалық құрамы). Асқазан бездері.
16. Жіңішке ішек қабырғасының атқаратын қызметіне байланысты құрылысы
(қабықтары, қабаттары, олардың тіндік және жасушалық құрамы). 12-елі
ішек құрылысының ерекшеліктері.
17. Жуан ішек қабырғасының атқаратын қызметтеріне байланысты
құрылысы (қабықтары, қабаттары, олардың тіндік және жасушалық
құрамы).
18. Бауырдың паренхималы-үлесшелі мүше ретінде құрылысы. Классикалық
бауыр үлесшесінің құрылысы.
19. Бауыр құрылысы жайлы альтернативтік көзқарастар: порталды
үлесшелер, бауыр ацинусы.
20. Ұйқыбездің аралас секрециялық мұше ретінде құрылысы (экзокринді
және эндокринді бөліктері). Лангерганс аралшықтарының жасушалық
құрамы және жасушаларының қызметі.


IV. Несеп және жыныс жүйесі

21. Бүйректің паренхималы зоналы (аймақты) мүше ретінде құрылысы.


Бүйректің қыртыс және милық заты. Бүйректің қызметтері.
22. Нефрон бүйректің құрылымдық-функциялық бірлігі ретінде. Нефронның
құрылысы (бөлімдері, олардың қабырғасының жасушалық құрамы,
қызметтері). Бүйрек денешігі.
23. Несеп шығару жолдары мүшелерінің (несепағар, қуық) қабырғасының
жалпы құрылысы. Кілегейлі қабығының эпителий қабатының ерекшелігі.
24. Аталық жыныс безінің паренхималы үлесшелі мүше ретінде құрылысы.
Интерстициялық эндокриноциттер. Атабез қызметтері.
25. Иреленген шәует өзекшесі аталық жыныс безінің құрылымдық-
функциялық бірлігі ретінде (қабырғасының құрылысы, жасушалық
құрамы, функциялары).
26. Аналық жыныс безінің паренхималы зоналы мүше ретінде құрылысы.
Қыртыс және милы заты. Анабез қызметтері. Овариалдық цикл туралы
түсінік.
27. Жатыр және жатыр түтігінің құрылысы мен қызметі. Менструалдық
цикл туралы түсінік.


V. Қан жасаушы және иммунды жүйе

27. Гемопоэз туралы түсінік. Қан жасаудың унитарлық теориясы. Дамушы


жасушалардың кластары және олардың қысқаша сипаттамасы.
28. Миелоидты және лимфоидты тіндер туралы түсінік. Сүйектің қызыл
кемігінің қан жасаудың орталық мүшесі ретінде құрылысы мен қызметі.
29. Тимустың – айырша бездің құрылысы мен қызметі, оның қан жасауға
және иммуногенезге қатысуы. Лимфоциттердің антигентәуелсіз
пролиферациясы мен дифференциялануы туралы түсінік.
30. Қан жасау мен иммуногенездің перифериялық мүшелері (құрамы, жалпы
құрылысы, қызметтері). Лимфоциттердің антигентәуелді пролиферациясы
мен дифференциялануы туралы түсінік.
31. Лимфа түйіндерінің құрылысы мен қызметі.
32. Көкбауырдың құрылысы мен қызметі.


VI. Эндокриндік жүйе

33. Ішкі секреция (эндокриндік) бездерінің құрылымдық-функциялық


сипаттамасы. Эндокриндік жүйе мүшелерінің классификациясы.
34. Гипоталамус эндокриндік жүйенің орталық мүшесі ретінде.
Гипоталамустың нейросекреторлық ядроларының құрылысы және
функциялары (орналасуы, жасушалық құрамы).
35. Гипофиздің құрылысы және қызметтері. Гипофизтәуелді және
гипофизтәуелсіз эндокриндік бездер туралы түсінік.
36. Қалқанша және қалқанша маңы бездердің құрылысы, қызметі.
37. Бүйрек үсті бездің паренхималы зоналы (аймақты) мүше ретінде
құрылысы. Бүйрек үсті бездің қызметтері.
VII. Нерв жүйесі

38. Ми жарты шарлары қыртысының цитоархитектоникасы және


миелоархитектоникасы.
39. Жұлынның жалпы құрылысы. Сұр затының жасушалық құрамы. Сұр
заттың ядролары.
40. Жұлынның нерв түйіндерінің құрылысы мен қызметі. Жұлын
ганглийлері нейрондарының аксондары мен дендриттерінің
топографиясы.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет