«Жеке меншік құқығын беретін актілер ресімдеу және беру» мемлекеттік қызмет регламенті



бет1/3
Дата29.11.2022
өлшемі105,36 Kb.
#160327
түріРегламент
  1   2   3
Байланысты:
Келімбет Нұрайым

 «Жеке меншік құқығын беретін актілер ресімдеу және беру» мемлекеттік қызмет регламенті.

Орындаған: Келімбет Нұрайым

Тобы:Кд 20-10К

Алматы қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 11 маусымдағы N 2/537 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2012 жылғы 9 шілдеде N 943 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 29 наурыздағы N 1/294 қаулысымен күшін жойған:

  • 1. Негізгі ұғымдар
  • 1. Осы Регламентте келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады: жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты - жер, құқықтық және қала құрылысы кадастрларын жүргізу мақсатында қажетті, жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамаларын қамтитын құжат; жер учаскесіне құқық белгілейтін құжат - осылардың негізінде жер учаскесіне құқықтар туындайтын, өзгертілетін немесе тоқтатылатын заңдық фактілердің (заңдық құрамдарының) басталғанын растайтын құжат, оның ішінде шарттар, соттардың шешімдері, атқарушы органдардың құқықтық актілері, мұрагерлікке құқық туралы куәлік, меншік құқығымен жер учаскесіне иеленген немесе уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын сатып алған мемлекеттік емес заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру кезіндегі табыстау актісі немесе бөлу балансы; жер учаскесіне жеке меншік құқығы - азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың өздеріне тиесілі жер учаскесін осы Кодексте белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде иелену, пайдалану және оларға билік ету құқығы;

жергілікті атқарушы органдардың шешімдері - Алматы қаласының жергілікті атқарушы органының жер учаскесіне құқық беру туралы құқықтық актілері; жер учаскесі - Жер кодексінде белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекара ішінде бөлінген жер бөлігі; жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган - жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын Алматы қаласының жергілікті атқарушы органының құрылымдық бөлімшесі; жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган - жер қатынастары саласындағы реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган (бұдан әрі - орталық уәкілетті орган); мамандандырылған кәсіпорын – мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін мамандандырылған республикалық мемлекеттік кәсіпорын “Жер ресурстары және жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік ғылыми өндірістік орталық” (“АлматықалжерҒӨО” МЕК), орталық уәкілетті орган оған қатысты мемлекеттік басқару органы болып табылады; ҚФБ – құрылымдық-функционалдық бірліктер: уәкілетті органдардың жауапты тұлғалары, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері, мемлекеттік органдар, ақпараттық жүйелер немесе олардың кіші жүйелері; ХҚО ЫАЖ – Халыққа қызмет көрсету орталықтары үшін ықпалдастырылған ақпараттық жүйе. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет