Қр іім тжк мөҚҚ бөлімшелері жылына сан-алуан шығулар атқарады



бет1/28
Дата06.02.2022
өлшемі5,78 Mb.
#37913
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28

Кіріспе
ҚР ІІМ ТЖК МӨҚҚ бөлімшелері жылына сан-алуан шығулар атқарады. Жол қозғалысының қарқынды өсу жағдайында өрт сөндіру автокөлігінің (ӨСА) өрт орнына барар жылдамдығы үнемі төмендеп отырады, бірінші оқпан беру уақыты ұзарады, бұл зардапшегушілер мен материалдық залал санының көбеюіне әкеліп соғады.
МӨҚҚ бөлімшелерінің шұғыл-техникалық іс-әрекеті сыртқы ортаның өзгерген әсерлері кезінде негізгі, арнайы және көмекші өрт сөндіру автокөліктерінің көмегімен орындалатын энергия жұмсалуының түрлі операцияларының бірнеше түрлерімен ерекшеленеді.
Өрт сөндіру автокөлігінің тиімді жұмысының негізгі агрегаты – қозғалтқыштың сенімділігі болып табылады. Өрт сөндіру автокөлігінің пайдалану сенімділігінің көрсеткіштерін арттырудағы ғылыми және тәжірибелік жетістіктерге қарамастан, қазіргі уақытта бұл мәселе нақты іштен жанатын қозғалтқыш (ІЖҚ) және оларды пайдалану режимдері үшін маңызды болып келеді. Сенімділік мәселесін шешу үшін қажетті жағдайдың бірі – қозғалтқыштың жылу жағдайын оңтайландыру, олардың бөлек бөлшектерінің температуралы жағдайын жақсарту болып табылады. Қозғалтқыш сенімділігі, оның жұмыс жасау тиімділігі, ІЖҚ бөлшектеріндегі қалдықтардың (күйе, лак, дақ) пайда болуы жылу жағдайының деңгейіне бағынысты.
Осыны ескере отырып, ІЖҚ жылу жағдайын оңтайландыру мәселесі оларды әзірлеу және пайдалану кезінде ең бастысы болып табылатыны анық.
Қазіргі уақытта ІЖҚ қолданудың барлық кезеңдерінде сенімділігін арттыру, жылу жағдайын жақсарту, талдау саласында мол тәжірибе жиналып, маңызды жетістіктер бар. Алайда, зерттеу жұмыстарының бас бөлігі ІЖҚ әзірлеу, өндіру кезеңінде өткізілген, ал жылу жағдайына байланысты қозғалтқыштың пайдалану сенімділігіне (ең бастысы, автокөлікті) аз уақыт бөлінген.
Жану камераның бөлшектер бетіндегі күйенің, қозғалтқыш майымен әрекеттесетін бөлшектерде лактар мен дақтардың пайда болу мәселесі ІЖҚ жылу жағдайымен тығыз байланысты. Қалдықтар қозғалтқыштың жұмысын бұзады. Автомобиль қозғалтқыштарының үлгісінде ІЖҚ бөлшектер бетіндегі дақтардың пайда болуын зерттеу жұмыстарының талдауы, қортытындыларды жинақтау да ең маңызды мәселердің бірі.
ІЖҚ әзірлеу және өндіру барысында құрылымдық және технологиялық шешімдердің дұрыстығы автотранспорттық құралдардың (АТҚ) құрамында пайдалануын қадағалау және оларды нақты қолданылу қорытындылары бойынша бағалануы қажет. Көбінесе өрт сөндіру автокөліктері қозғалтқыш бөлшектерінің жылу жүктелуі сын деңгейінен жоғары жағдайында пайдаланылады, бұл олардың бұзылуына әкеліп соғады. Мысалы, өрт сөндіру автокөлігін толық жүктеу немесе шамадан артык тиеу және олардың шұғыл бұрылысқа көтерілу кезінде болады. Бұл жағдайлар пайдаланудың есептік жағдайларының бұзылуына әкеліп соғады, алайда бұл жағдай шарасыз болады. Бұл жағдай ыстық мезгілде көтерілудің жарқын үлгісі болып табылады. Бұндай жағдай өрт сөндіру автокөліктерінің күш беретін қондырғыларын тәжірибелік органдардың ұсынымдары бойынша әзірлеу кезінде есепке алынуы қажет.
Бұл мәселені қозғалтқышты пайдалану кезінде қозғалтқыш құрылымының кейбір мезгілдік өзгерістер, мезгілдігінің түзетілуі және техникалық әсерлердің күтімі арқасында шешуге болады.
Жұмыс мақсаты – төмен температура жағдайында және жылу салмағының жоғары режимдерінде жұмыс жасайтын өрт сөндіру автокөліктері қозғалтқыштарының тоқтаусыз жұмысын және төзімділігін арттыру үшін техникалық шешімдерді әзірлеу.
ІЖҚ пайдалану сенімділігінің көрсеткіштеріне әсер ететін негізгі факторлар – бұл олардың жылу жағдайы, жылу жүктелген бөлшектерінің температуралық жағдайы. Барлық транспорттық құралдардағы ІЖҚ бөлшектеріндегі температура деңгейі және оның әсерінен пайда болатын температуралық кернеу олардың жұмыс қабілетін, тоқтаусыз жұмысын және төзімділігін анықтайды. Сонымен қатар, жұмыс процессінің тиімділігі және шыққан газдардың улағыштығы қозғалтқыштың жылу жағдайына байланысты. Автомобиль қозғалтқыштарының көбісінің салқындату сұйықтығы және моторды майларының температурасының оңтайлы деңгейі 85-95°С интервалында жатыр. Бұлардың жоғары немесе төмен деңгейлерде қозғалтқыштардың поршеньдік-цилиндрлік топтағы (ПЦТ) бөлшектердің тозуы артады.
Басқа жағынан қарағанда, цилиндр жақтарының төмен температурасы (өндірілген газдары шығуының төмен нүктесі) олардың механикалық-таттанып тозуын арттырады. Отын-ауа қоспасының жану жылдамдылығы төмендейді және қоспа құрылысы нашарлайды, бұл қозғалтқыш жұмысының улағыштығын арттырып үнемделуі мен тиімділігін төмендетеді.
Сонымен қоса, поршень мен цилиндрдің төмен температураларында қоютылған су булары картер майына еніп қоспалардың қарқынды коагуляциясын және «қойыртпақ (шлам)»-шөгінділердің түзелуімен тұнба гиролизін құрастыратынын айта кету қажет. Бұл тұнбалар май каналдарын, майтұндырғыш торларын ластайды, бұл жағдай майлау жүйесінің дұрыс жұмысын бұзады.
Зерттеу анализдері, қыста ауаның жылуфизикалық ерекшеліктеріне байланысты ІЖҚ іске қосылудың қыздырылу кезеңі артады, оның қуат сапасы күрт төмендейді, ӨСА орташа қозғалыс жылдамдығы азайып, өрттен зардапшегушілер санының және материалдық шығындардың көбеюіне әкеліп соғатынын көрсетті.
ӨКЖҒЗИ-да (ВНИИПО) өткізілген зерттеулердің қорытындылары бойынша қоршаған ауаның жағымсыз температура кезінде өрт орнына ӨСА келу уақытын қысқарту үшін ІЖҚ іскеқосылудың қыздырылуын жеделдету жолы арқылы болатын ӨСА қозғалтқыштарының пайдалану тиімділігін арттырудың өзекті ғылыми-тәжірибелік мәселесінің шешімі ұсынылды, бұл қоғам және ұлттық экономика үшін маңызы зор.
Агрегаттардың және жүкжолаушы көліктер жүйесінің іскеқосылу дайындау ысытқышының негізгі түрлеріне талдау өткізілді. Жылу шағылдыратын қалқан қолданылуымен өрт сөндіру автокөлігі үлгісінің жылулық дайындығының эксперименттік зерттеудің сипаттамасы ұсынылды. Жылу шағылдыратын қалқан қолданылуымен өрт сөндіру автокөлігі үлгісінің жылулық дайындығының энергосақтауыш жүйесі ұсынылды. Сонымен қатар, бұл жұмыста өрт сөндіру автошандарының арнайы агрегаттардың жылулық дайындығының мәселелері қарастырылуда. АШ-5,0-50/5 (533709) өрт сөндіру автошанының сорғы бөлігінің жылулық дайындығының эксперименттік зерттеу қорытындылары ұсынылды. Көбіктүзгіштің тұтқырлығының температурасына қарай өзгеру тәуелділігінің эксперименттік зерттеу қорытындылары көрсетілді. Цистернаның және сорғы бөлігінің жылытудың энергосақтауыш жүйесінің құрылымы және тұрақты көбікқоспалауыштың берік пайдаланылуын қамтамасыз ету бойынша ұсынымдар берілді.
Аталған жұмыста, Ақтөбе облысында төмен температура жағдайында пайдаланылатын өрт сөндіру автокөлік қозғалтқыштарының, олардың агрегаттарының жылулық жағдайын оңтайландыру бойынша техникалық шешімдері ұсынылды.


Каталог: public -> uploads -> OBNOVLENIE SAITA 2015 -> DIPLOMY
DIPLOMY -> Қр іім тжк мөҚҚ бөлімшелері жылына сан-алуан шығулар атқарады
DIPLOMY -> Дипломдық ЖҰмыс (жоба) Күндізгі оқу бөлімінің курсанты Ж. Н. Жолдасбеков
DIPLOMY -> Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар камитеті «Көкшетау техникалық институты» рмм
DIPLOMY -> Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің «Көкшетау техникалық институты» рмм
DIPLOMY -> «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Көкшетау техникалық институты» рмм
DIPLOMY -> Өрт кезінде аса қауіп палаталар орналасқан қабаттардан төнеді, өйткені онда тәулік бойымен әртүрлі жағдайдағы науқастар болады
DIPLOMY -> Мазмұны кіріспе 4 1БӨлім. ҚАланың ҚЫСҚаша сипаттамасы
DIPLOMY -> Мазмұны кіріспе 4 1БӨлім. ҚАланың ҚЫСҚаша сипаттамасы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет