Қр іім тжк мөҚҚ бөлімшелері жылына сан-алуан шығулар атқарады


Агрегаттарды алдын-ала қосу дайындығы үшін қолданатын қыздырғыштар мен ысытқыштарды талдау



бет7/28
Дата06.02.2022
өлшемі5,78 Mb.
#37913
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28
2.3 Агрегаттарды алдын-ала қосу дайындығы үшін қолданатын қыздырғыштар мен ысытқыштарды талдау
Салқын автокөлікті алдын-ала қыздыру үшін әртүрлі алдын-ала іске қосу қыздырғыштары қолданылады: электрлік, отындық, дизльді отындық қыздырғыштар және дербес қыздырғыштар [1].
Қыздырғыштар мен ысытқыштардың негізгі түрлері 1 кестеде көрсетілген.
Қыздырғыштар мен ысытқыштардың негізгі түрлері
2.1 кесте

Қыздырғыш түрі

Қуат көзі

Жылутасушы

Мақсаты

Электрлік

220 В желілік кернеу

Сұйықтық

Қозғалтқыштың алдын-ала іске қосылу қыздырылуы

Ауа

Кабинаны, салонды қыздыру

-

Аккумуляторды қуаттау

220 В желілік кернеу, 12/24 В борттық кернеу

Дизельдік отын

Отынмен қамтамасыз ету жүйесінің элементтеріндегі отынды қыздыру (сүзгі, шанаш, отын тартқыш және т.б.)

Отындық

Жанармай, дизельдік отын, газ

Сұйықтық

Отынның іске қосылу қыздырылуы




Ауа

Салонды, кабинаны және орынжайларды қыздыру

Жылуды шоғырлайтын

«термоста» жылулық аккумуляторында сақталатын сұйықтық энергиясы

Сұйықтық

Қозғалтқыштың алдын-ала іске қосылу қыздырылуы

Сұйықтық қыздырғыштар алдын-ала іске қосылу, ұзақ уақыт қолданысты дербес және дербес емес. Алдын-ала іске қосылу қыздырғыштар қозғалтқышты тек тез алдын-ала оталдырылуын қыздыруға ғана арналған. Әдеттегідей, бұл жылуды өндіру бойынша өте күшті қазандықтар. Олар салқындату жүйесін ғана емес, қозғалтқыштың майлы табандығын да қыздырады. Бірақ бұндай өндірілімнің бір елеулі кемшілік бар – электрқуаттың және отынның көп тұтынуы. Бұндай қыздырғыштардың қозғалтқышты оталдыру алдындағы жұмыс уақыты әдетінде 15 – 20 минутты құрайды. Оны одан да көп уақыт қодану тиімсіз болып шығады, себебі бұндай кезде қозғалтқыш қыздырулы болады және аккумулятордың толық бәсеңдеп кету қаупі туындайды. Алдын-ала іске қосылу қыздырғыштары тек әскери техника үшін қолданылады. Олардың қолданылуы оңай әрі сенімді және аз сезгіш электроникасы бар. Ұзақ уақыт қолданысты дербес қыздырғыштар қозғалтқыш пен салон ішін қыздыруға ғана емес, оған қоса тұрақ кезінде ұзақ уақыт қыздыру және қозғалыс кезінде салқындату жүйесін қосымша қыздыруға арналған. Бұндай қыздырғыштардың жұмысын электронды жиынтықтар басқарады. Ал отын мен электрқуаттың аз жұмсалуымен қоса жоғары тиімділікті қамтамасыз ету үшін кейбір модельдердің бірнеше қуат сатылары бар. Қыздырғыштардың электронды басқаруы, оның қолдану мүмкіндіктерін көбейтті. Бұл автокөлікті берілген уақыт бойынша алдын-ала қыздыру үшін таймерлерді қолдану және қыздырғыштарды дистанциондық құралдардың, дабылдардың, пейджингтің және GSM байланыстың көмегімен қашықтықтан қосу. Сонымен қатарсалондағы температураны қадағалау үшін терморегуляторды қолдану және климат-бақылау жүйесіне қосылу мүмкіндігі.


Жүкжолаушылар транспортының ішкі жану қозғалтқыштарының жылу дайындығы үшін Eberspacher, Webasto компанияларымен өндірілген алдын-ала қосу дербес қыздырғыштары кең пайдалануда. Қозғалтқышты алдын-ала іске қосу қыздырылуы үшін қолданатын Hydronic (компания Eberspacher) жүйесінің кемшілігі бар, ол электрқуатының көп мөлшерде жұмсалуы. Жүк автокөліктері мен автобустар үшін Webasto (Thermo 50, Thermo 90S(T), Thermo 90S(T)D, DBW2016) компаниясының қыздырғыштары кең қолданыста. Бұл қыздырғыштар жанармай мен жылу қуаттылығы 5,0; 2,0-7,6; 1,8-7,6; 16кВт сәйкес дизельдік отындарда жұмыс істей алады.
Аталған қыздырғыштардың техникалық сипаттамаларына қарайтын болсақ, оталдыру алдындағы жұмыстың ұзақтығы салдарынан ӨСА-ны ішкі жану қозғалтқыштарының алдын-ала қосылу дайындығы үшін қолдануға мүмкін емес екенін көре аламыз. Дербес қыздырғышпен қыздырудың ең аз уақыты 10 минут аралығында, бұл ТЖ орнына ӨСА-ның шұғыл шығу талаптарын ескеріп отырсақ, қыздырғыштардың қолданылуы жөнсіз болатынына көз жеткізуге болады.
«Webasto» фирмасының дербес қыздырғыштары қазіргі өрт сөндіру автошандарының сорғы бөлігін қыздыру үшін қолданылады. ӨСА қозғалысы және тұрақ (жұмыстың сационарлық режимі) кезінде жұмысқа қосылып, сорғы бөлігін қыздыра алады. Бұл кезде жылу ысырабын минимизациясын, ӨСА агрегаттарын қыздырудың қазіргі тиімді техникалық шешімдерді қолданудың қуатсақтаушы технологияларын қамтамасыз ететін сукөбік коммуникацияларымен өрт сөндіру сорғысының, сорғы бөлігінің құрылымдық орындалуы қажет.

Каталог: public -> uploads -> OBNOVLENIE SAITA 2015 -> DIPLOMY
DIPLOMY -> Қр іім тжк мөҚҚ бөлімшелері жылына сан-алуан шығулар атқарады
DIPLOMY -> Дипломдық ЖҰмыс (жоба) Күндізгі оқу бөлімінің курсанты Ж. Н. Жолдасбеков
DIPLOMY -> Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар камитеті «Көкшетау техникалық институты» рмм
DIPLOMY -> Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің «Көкшетау техникалық институты» рмм
DIPLOMY -> «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Көкшетау техникалық институты» рмм
DIPLOMY -> Өрт кезінде аса қауіп палаталар орналасқан қабаттардан төнеді, өйткені онда тәулік бойымен әртүрлі жағдайдағы науқастар болады
DIPLOMY -> Мазмұны кіріспе 4 1БӨлім. ҚАланың ҚЫСҚаша сипаттамасы
DIPLOMY -> Мазмұны кіріспе 4 1БӨлім. ҚАланың ҚЫСҚаша сипаттамасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет