1.3. Төмен температура жағдайларында ӨСА пайдалануы ІЖҚ шығу көрсеткіштерінің тәуелділігі негізгі функционалдық жүйелердің жұмысшы орта температураларының жоғары талаптарын анықтайды. Жағымсыз температура жағдайларында төмендетілген жылулық жағдайлары әсерінен ІЖҚ жұмыс қабілеттігінің потенциалды мүмкіндіктерін жүзере асыру мен сақталуына қиындық туғызады. Салқын климат жағдайында арнайы агрегаттың іске қосылуы кезінде ӨСА қозғалтқыш жұмысының оптималды жылулық режимінің құрылуы және одан әрі сақталуы қиын болады. Бұл әсіресе дизельдерге қатысты. СО-дағы төмен температура шайырлы және тотықтандырғыш заттардың пайда болуына әкеліп соғады. Бұл жерде күйе қалдығы ұлғайып, піспектердің, піспек сақиналарының және цилиндр жарларының тозуы жеделдейді. ІЖҚ ОЖ +55°С температурасында пайдалану +40°С дейін номиналды жылулық режиміне қарағанда тозуды 4 есе, ал +30°С температурасында 20 есе ұлғаяды.
Пайдаланудың қысқы кезеңі деп қоршаған ауаның температурасы Цельсий градусынан плюс бестен төмен болған кезеңді атайды.
Қысқы мезгілде машиналарды пайдалану ауаның төмен температуралар, бұрқасындар, қатты борандар және тәуліктің жарық мезгілінің қысқартылу кесірінен қиындатылады. Қоршаған ауаның төмен температурасы қозғалтқыштың оталдырылуын қиындатып, оның барлық жүйелердің жұмысына және қалыпты жылулық режимнің сақталуына кері әсерін тигізеді. Қоршаған ауаның төмен температурасы салдарына жанар майдың булануы нашарлайды және ауаның тығыздылығы ұлғаяды, бұл карбюраторлың қозғалтқыштарды іске қосқанда отын қоспасының азуына және оның нашар жануына әкеліп соғады. Дизельдерде отын тұтқырлығының көбеюінен және цилиндрдегі ауа қуаты температурасының төмендеуінен қоспатүзгіш шарттары бұзылады және дизельді отынның өздігінен жалындауы нашарлайды.
Қозғалтқыштың жұмыс барысында өте салқындатуы қоспатүзгішінің нашарлануына және отынның сұйықталуының күшейтілуіне әкеліп соғады, осының салдарынан қоғалтқыш қуаты төмендейді және оның шығыны көбейеді. Отын сұйықтылығы цилиндр жарларындағы майлы үлдірді шайып кетеді және картердегі майды сұйылтады, бұл қозғалтқыш бөлшектерінің тозуын күшейтеді және оның пайдалану мерзімінің қысқартылуына себепші болады. Әсіресе, бөлшектер қозғалтқышты салқандатылған түрде оталдыруы кезінде тез тозады.
Ауаның төмен температуралары кезінде май тұтқырлығының жоғарылауы иінді біліктің айналуына кедергіні көбейтеді, бұл қозғалтқыштың іске қосылуға қажетті иінді білік айналымының жиілігіне жетуді қиындатады.
Қыс мезгілінде қозғалтқыштысенімді іске қосуды қалай қамтамасыз етуге болады? Бұл жерде бірнеше тәсілдер бар.
Бірінші тәсіл – М-5/10 немесе М-5/12 төмен тұтқырлығы бар майларды және SAE 10W-30 таңбаланған телнұсқасын қолдану. Бұндай майлар қазіргі кезде жеткілікті. Олар ауа температурасының -20-25 дейін төмендеген кезде стартерге іске қосылу айналымдарын жетілдіруге жол береді. Егер ауа температурасы көп уақыт төменделіп тұрса, бұл кезде SAE 5W-30 класс тұтқырлығының одан да «сұйық» майларын қолдану тиімді болады.
Бірақ аязбен бірге қозғалтқыштағы майдың тұтқырлығы ұлғаяды, ал 30 радустық аязда М5/10-да май тұтқырлығы қатты болып қатады. Бұндай кезде стартердің іске қосылу кезінде майды магистраль бойынша қуа айдау қиындатылады. Егер қозғалтқышты бұл жағдайда да оталдырылса қозғалтқыш жарты минуттай жұмыс істеген кейін сыналып қалады! Бұл майсорғысының магистраліне лақтырылған май картердегі басқа маймен ауыстырылмайды – сорғының астында ауа шұңқыры пайда болады. Бұл кезде қозғалтқышты лезде сөндіріп тастау қажет, әйтпесе, қозғалтқышты бұзып алу мүмкін.
Автокөлікті бірнеше сағатқа қалдырғанда қозғалтқыштың (капот астында) үстін жауып қойған жөн болады. 20-градустық аязда 5 сағат аралығында тұрған қозғалтқыш бұндай жабынды астында жылы температурада болуы қажет. Аяз күшейген сайн май тұтқырлығының қабілеттері желілік болмайды, бұл жерде әр-бір жаңа градустың маңызы зор болады, бұндай жылыту жабындысы аяз кезінде қозғалтқышты оталдырғанда жақсы көмегін береді. Ең бастысы, жабынды газ шығаратын келте құбырларға түспеуі қажет.
Екінші тәсіл – салқындату жүйесі арқылы қозғалтқышты қыздыру. Қоютылған қозғалтқыш майы құйылған карбюраторлық қозғалтқыштардың іске қосылу дайындығы үшін 75-80 °С дейін қыздырылған су қажет; қоршаған ауаның температурасы -35°С кезінде 2 рет құю, ал температураның -35°С төмен жағдайда 3 рет құю қажет.
Радиатордың қылтасына суды шұқанақ арқылы құю қажет, бұл кезде автокөліктердің және жеңіл тасымалдауыш-тартқыштардың салқындату жүйесіне су құю жылдамдығы минутына 5 литрдей болу керек. Осы жағдайда салқындату жүйесінің ағызба шүмектері ашық, саңылаулары таза, ал радиатор жалюзиі жабық болу керек. Ағызба шүмектерінен жылы су аға бастағанда, шүмектерді жартылай жауып суды ағыза береді. Шүмектен 6-8 литр су аққаннан кейін шүмектерді жауып бүкіл салқындату жүйесін ыстық сумен толтырады, капотты жауып, жүйедегі ыстық суды цилиндр жарларын жақсы қыздыру үшін ұстап тұрады. Одан кейін судың бір бөлігін (салқындату жүйесі сыйымдылығының үштен бір бөлігін немесе екіден бір бөлігін) құйып алады да, жүйені нормаға дейін тағы ыстық сумен толтырады. Салқындату жүйесін ыстық сумен айдап алғаннан кейін қозғалтқышты іске қосу сұйықтығын қолдана отырып оталдырады және бос жүрістегі айналым жай жиілігінде 3-4 минут аралығында қыздырады.
Үшінші тәсіл –қозғалтқыш картерін дәнекерлеу шамымен, газ жанарғысымен немесе басқа да қолайлы тәсілмен қыздырып отырып май температурасын көтеру. Табандықтың қарқынды қызуы (әсіресе, әлуменді) майдың төмен қабаттарының қатты қызуына, қосымдардың термикалық бұзылуына әкеліп соғады. Бұл да майдың көнеруіне әкеліп соғады. Майды осы тәсілмен қыздыру үшін инфрақызыл сәулешығарғыш шілтерді (арнайы қышы бар) қолданған жөн болады.
Отын-ауа қоспасының ысытқышы аязды ауа-райында қозғылтқыштың оталдыруын жеңілдетеді, себебі қыздыру элементі жанармайдың буландыруын шұғыл түрде жақсартады. Бүл тәсілдің мәні кең танымал және оны түсіндірудің қажеті жоқ. Қозғалтқыш жұмыс температурасына жетпей оталдырылған кезде ысытқыш отын шығынының азаюына ықпалын тигізеді. Біздің ПТС орнатылған күш беретін агрегатқа стендтік сынақтар өткізген кезде салқындатқыш сұйықтықтың температурасы +8°С кезінде қыздырылмаған қозғалтқыштың иіндік биліктің бос жүрісі айналым жылдамдығы 1000айн/мин., ал қыздырылған кезде 850айн/мин. кезінде тұрақты түрде жұмыс жасағанда, қозғалтқыш жанармайды үштен сегіз пайызға дейін үнемдеуге (айналым көбейген сайын, үнемдеу көбейе түседі) мүмкіндік береді. Бұл кезде отынның сағаттық шығынын 0.82 ден 0.68 кг/с дейін төмендейді, осыған қоса шығарылған газ кезінде СО шоғырлануы азаяды.
Қозғалтқышты қыздырған сайын ысытқыш ықпалы азаяды. Салқындатқыш сұйықтығының температурасы 40°С дейін жеткен кезде үнемдеу 2- 3 пайыздан төмендейді, ал майдың жұмыс температурасында ысытқыш мәнсіз болады. Бірақ ішке жіберу жинақтағыштың көптеген қосымша құралдарға қарағанда оның зияны жоқ; жұмыс қоспасының ағымына ешқандай кедергі келтірмейді, бұл сынақтау стендтегі қозғалтқыш сипаттамасымен дәлелденді.
Ысытқыш жұмысы үшін тек ысытқыш істейтін отындарды пайдаланады. Жанармайдағы жасайтын ысытқыштар шілтер қазандығынан, электрожелдеткіштен, отын шанашынан, май картерінің табандығынан, құбыржолдардан және басқару пультінен құралады. Жану камерасына электрмагниттік клапан арқылы отын шанашынан жанармай өздігімен ағып, ауа желдеткіш арқылы қыздырылады, ысытқыштың жұмысы кезінде қазандық пен цилиндр жиындарының қаптамалары арасындағы айналым термосифондық болады.
Дизельдік отынмен жұмыс жасайтын ысытқыштар жанармайлы ысытқыштардан біршама ерекшеліктері бар, ол дизельді отын мен жанармайдың физикалық ерекшеліктерімен айқындалған. Бұл ысытқыштардың ерекшеліктеріне қозғалтқышты қыздыру кезеңінде ысытқыш пен қозғалтқыштың салқындату жүйесі арасындағы сұйықтықты мәжбүрлі түрде айналдырылуды, сонымен қатар қозғалтқыш бүріккішіне шанаштан бір электрқозғалтқыштан қосылған отындық және сұйықтық сорғылар мен желдеткіштен құралған сорғы агрегаттың көмегімен отынды мәжбүрлі түрде берілуді де жатқызуға болады
Қазіргі дизельді іске қосылу ысытқыштарының жиынтығына: ысытқыш қазандығы, сорғы агрегаты, отын шанашы, электрмагниттік клапан, отынның электрысытқышы, жоғары кернеу көзі, ұшқындау шамы, басқару пульті кіреді.
Бесінші тәсіл – химикалық құралдарды (аэрозольдарды) қолдану, бұл қозғалтқыштардың төмен температурада оталдырылуына кепілдік береді. Сарапшылардың сөздері бойынша, төмен температураларды қозғалтқыштың ("Blizstart" немесе "Starting fuild" секілді) оталдырылуына кепілдік беретін химиқалық құралдарды (аэрозольдарды) қолдану тиімді, оны -20 °С төмен температураларда қолданған жөн болады. Себебі бұл құралдардың құрамында жеңілбуланатын сұйықтықтар бар, олардың цилиндрлерде жануы сөндірілген оталдыру жүйесінде өтеді.
Ауа сүзгішінің келтеқұбырына тек оталдыру алдында шашылатын аэрозольдер жанармай және дизельдік қозғалтқыштардың шұғыл түрде іске қосылуды қамтамасыз етеді.
Қыс мезгілінде жанармайлы қозғалтқыштарға қарағанда дизельдік қозғалтқыштарды оталдыру қиынға түсетіні анық және біз тек қана дизельдер туралы айтатын болсақ, -27 °С кезінде «Дизель кальтеншультц» отындық қосымының 200 мл сауыты отынның 200 литріне жетуінің 100 пайыз кепілдікті береді. Бұндай көлемдегі «Дизель адитив» қосымы отынның тек 40-60 литріне ғана жеткенімен, -20°С температурасында қозғалтқыштың оталдырылуын ғана қамтамасыз ете қоймай, сіздің автокөлігіңіздің уландырғыш газдың шығарылу деңгейін төмендетіп, отынның октандық санын артады.
Алтыншы тәсіл – қозғалтқышты оталдыру үшін сүйреуді ең шеткі шара ретінде қолдануға болады, яғни иіндік білікті автокөліктің басқару доғалақтарымен шыр айналдыру. Бұндай қозғалтқышты іске қосу тәсілі тек ерекше жағдайда ғана қолдануға болады, себебі жүрісті бөлік, трансмиссия және қозғалтқышға ауыр екпінді салмақ түсіп, ақаулықтарға әкеліп соғуы мүмкін. Қозғалысты берілістер қорабының (БҚ) иінтірегінің бейтарапты күйінде бастау керек. Автокөлік қажетті жылдамдыққа жеткен кезде (15-20км/сағ. жылдамдығы жақсы) жүргізуші БҚ жоғарғы берілісті қосып ілініспе тепкішін жібереді. Егер бұл кезде қозғалтқыш оталдырылмаса, ал қозғалыс жылдамдылығы төмендесе, онда ілініспе тепкішін қайтадан басып, қажетті жылдамдықты алып оталдыру әрекетін қайталайды. Қозғалтқыш оталдырылған кезде, ілініспе тепкішін тез сығып, иіндік білік айналымының орташа жиілігін орнатып, беріліс қосу иінтірегін бейтарап күйге орнатып ілініспе тепкішін жібереді.
Егер бұндай бірнеше әрекеттер кезінде қозғалтқыш оталдырылса, онда сүйреу кезінде қозғалыста цилиндрлерді үрлеп шығады, бұл әрекет үшін дроссель қалқалағышын басқару тепкішін таянышқа дейін басып, ауа қалқалағышын ашады және БҚ жоғарғы берілісін қосады. Бұндай күйде автокөлік 2-3 мин. сүйреленеді.
Қозғалтқышты үрлеп шыққаннан кейін оталдырылуды сүйрелеудің жоғары жылдамдығында қайталайды.
Қозғалтқышты сүйрелеу арқылы оталдырылу әрекеті кейбір жүргізушілердің қателескен әрекеті бойынша БҚ бірінші немесе екінші берілісте емес, жоғарғы берілісін талап етеді. Жоғарғы берілісті қосқан кезде иіндік білік қозғалтқыштың оталдырылуына жететін жиілікке шыр айналдырылады. Мысалы, тікелей берілістің 1500-2000 айн/сағ. айналымдағы 15-20ш/сағ. жылдамдықпен қозғалған ВАЗ автокөілігінің қозғалтқышты оталдырылу қажет емес.
Сонымен қатар, сүйреленген автокөліктің доғалақтары мен иіндік білігін айналдыру үшін БҚ бірінші немесе екінші берілісті қосқанда мықты үлкен күш берілуі мүмкін. Бұндай күшті тіпті сүйреген автокөлікте меңгере алмайды. Бұған басқару доғалақтарының ілінісуі мен жолдың тиісті күші керек. Әйтпесе, сүйреленген автокөліктің доғалақтары сырғып кетеді.