«Ең үздік сынып жетекшісі-2016» атты облыстық дистанциондық байқауының ережесі жалпы ереже Осы ереже «Ең үздік сынып жетекшісі-2016»



Дата15.09.2017
өлшемі55,61 Kb.
#33474

Келісілді Бекітемін

ҚО ББД ОӘО ҚО ББД ОӘО

директордың орынбасары директоры

_____________ ______________

Г. Копбаева Г. Қожахметова

«___» ________ 2015 г. «___» ________ 2015 г.



«Ең үздік сынып жетекшісі-2016 » атты облыстық

дистанциондық байқауының

ЕРЕЖЕСІ
1.Жалпы ереже

1.1.Осы ереже «Ең үздік сынып жетекшісі-2016» атты (одан әрі Байқау) облыстық дистанциондық байқауының мақсатын, міндеттерін, ұйымдастыру ретін, оның қатысушыларына қойылатын талаптарды, қатысушыларды бағалау және жеңімпаздарды марапаттау тәртібін белгілейді.

1.2. Байқау Қарағанды облысы Білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының 2015-2016 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес өтеді.

2. Байқаудың мақсаттары мен міндеттері

2.1. Байқау педагогтердің шығармашылық әлеуетін қолдау, озық педагогикалық тәжірибелерді тарату және жариялау, педагог имиджін көтеру мақсатында ұйымдастырылады.

2.2. Міндеттері:

- Шығармашылықпен жұмыс істейтін сынып жетекшілерін қолдау, білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын ұйымдастыру деңгейін көтеру;

-Сабақтан тыс уақыттағы тәрбие жұмысы тәжірибесі педагогикалық технологияларының мазмұнын жаңарту бойынша инновациялық идеяларды іздеу;

-Сынып жетекшісінің мәртебесін көтеру, болашақ жас ұрпақты тәрбиелеуде тәрбие міндеттерін шешудегі сынып жетекшісінің алатын орнына көңіл аудару.


3. Байқауға қатысушылар

3.1. Байқауға Қарағанды облысы білім беру ұйымдарының сынып жетекшілері, кураторлары қатыса алады, байқауға облыстық мамандандырылған мектеп-интернаттар педагогтарының қатысуы міндетті болып табылады.

3.2. Қатысушылардың жасына шек қойылмайды және педагогикалық өтілі мен біліктілік санаты есепке алынбайды.

3.3. Байқауға қатысушылар өзінің педагогикалық іс-тәжірибесінен алынған,өзі жасаған материалдарды ұсынады және өзге үшінші (басқа) тұлғалардың интеллектуалдық авторлық құқығын бұзғаны үшін жауап береді.



4. Байқауды өткізу және ұйымдастыру

4.1. Байқауға материалдарды жіберу мерзімі:2015 жылдың 30 қарашасынан 2016 жылдың 16 ақпанына дейін.

4.2. Байқауды ұйымдастыру,жүргізу, сайыстың қорытындысын шығару және жеңімпаздарды марапаттау үшін ұйымдастыру комитеті мен әділқазылар алқасы құрылады.

4.3. Ұйымдастыру комитеті облыс деңгейінде осы Байқау туралы ақпаратты ақпараттық құралдарда жариялайды, байқауға шығармашылық материалдарды қабылдау мерзімін , Байқаудың өткізу күнін белгілейді, әділқазылар алқасының жұмысын қамтамасыз етеді және марапаттау тәртібін реттейді.

4.4. ҚО БД ОӘО байқауды дайындауға және өткізуді басшылыққа алады,

мына мекенжай бойынша орналасқан: Қарағанды қ., 8/2 С.Сейфуллин көшесі, 3 қабат, каб. 303, телефон / факс: 8(7212) 50-61-16. E-mail: gulshat76@list.ru



5. Байқау материалдарына қойылатын талаптар

Байқауды өткізу шарттары

5.1. Байқауға қатысушылар ұйымдастыру комитетіне шығармашылық материалдар пакетін ұсынады:



1 нұсқасы файл папкасына әр беті жеке жеке салынған, А4 форматында жұмыс Microsoft Word мәтіндік өңдегіште орындалады, (Times New Roman шрифті, кегль 14,жоларалық интервал 1) мәтіндік форматта.

2 нұсқасы CD-ROM дискісіне салынған электронды нұсқада. Материал қазақ немесе орыс тілдерінде дайындалады.
Байқауға қатысушылар өз іс тәжірибесінен келесі шығармашылық материалдарды ұсынады:
1.« Жалпы ұлттық Мәңгілік ел идеясын таратудағы сынып жетекшісінің алатын орны» эссесі. Эссе көлемі-350-400 сөз, формат көлемі А4.
2. «Біздің көңілді және тату сыныбымыз» презентациясы, сайыстық жұмыс Microsoft Office Power Point (2003/2007 версиясы, 12 слайдтан аспау керек) форматында орындалған, презентацияда тәрбие жұмысының басым бағыттары, сынып ұжымының ерекшеліктері, сыныптың дәстүрлері және т.б. көрініс табу керек. Балалардың оқу-тәрбие үдерісіне қатысу кезіндегі (жұмыс үстіндегі) фотографиялары қолданылуы қажет. Презентация дикторлық текстпен, музыкамен немесе спецэффектермен сүйемелденуі мүмкін.
3. «Ата-анамен жұмыс»- ата-аналардың қатысуымен өткізілген шаралар: ата-аналар жиналысы, сынып сағаттары, семинар, семинар-практикум, ток-шоу, ата-аналар Кеңесі отырысында қатысқан сөздері, ата-аналық клубтар, кеңестер және т.б.

5.2. Байқауға ұсынылған материалдың сыртқы бетінде міндетті түрде көрсетілуі керек:
-«Ең үздік сынып жетекшісі-2016 » байқауының аты,

-білім беру ұйымының толық аты;

- жұмыстың формасы мен тақырыбы;

- педагогтің толық аты-жөні;

-білім беретін ұйымының мекен-жайы;

- атқаратын лауазымы;

- е-mail және байланыс телефондары.

5.3. Беттің нөмірі сол жақтан төменнен көрсетіледі.

5.4. Суреттер формате *.bmp, *.tif, *.jpg форматтарында орындалуы қажет.

5.5. Мәтіндегі барлық гиперсілтемелер жұмыс істеу керек.


7. Байқау материалдарын бағалау өлшемдері
Байқау жұмыстары төменгі өлшемдермен бағаланады:

7.1. Материалдың талап етілген Байқау мазмұны мен рәсімдеуге сәйкес келуі.

7.2. Материалдың өзектілігі және өзіндік ерекше ерекшелігі.

7.3. Балалардың белсенді және нәтижелі жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған әдістер мен технологияларды қолдануы.

7.4. Материалды жүйелі , қарапайым,нақты түсінікті, методикалық тілмен баяндау.

7.5. Қолданылған технологиялардың өңделу тереңдігі.

7.6. Материалды эффектілі қабылдау үшін қосымша техникалық өңдеу материалдарын,элементтерін , басқа да техникалық мүмкіндіктерді қолдана білу деңгейі.

7.7. Материал мазмұнында инновацияның болуы, идеялардың креативтілігі. Шығармашылық материалды ұсынудағы және рәсімдеудегі шығармашылық, кәсіби және инновациялық қабілеттілік.

7.8. Материалдың технологиялық өңделуі, басқа білім беру ұйымдарында қолдану мүмкіншілігінің болуы.

7.9. Оқушылардың ата-аналарымен байланыстың болуы, оқу-тәрбие үдерісіне ата-аналардың қатысу белсенділігі.

7.10. Қиын оқушылармен ұйымдастырылатын жұмыстың тереңдігі мен маңыздылығы, жеке тұлғалық ерекшелікке байланысты педагогикалық көмек көрсете білу деңгейі.
8. Қорытындылау және марапаттау
8.1.Байқауға қатысушылардың материалдарын бағалауды құзырлы қазылар алқасының құрамына енетін Қарағанды облысы білім беруді дамыту оқу - әдістемелік орталығының әдіскерлері мен білім беру ұйымдарының педагогтары жүзеге асырады.

8.2. Қазылар алқасының шешімі өзгертілмейді және өзгертуге жатпайды. Қазылар алқасының шешімі тиісті хаттамамен ресімделеді.

8.3. Байқауға қатысқан барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі. Байқау жеңімпаздары дипломдармен, алғыс хаттармен марапатталады.

8.4. Байқаудың қорытындысы ҚО БД ОӘО сайтында umckrg.gov.kz



2016 жылдың 25 ақпанына дейін жарияланады.Байқау қорытындысы бойынша үздік жұмыстар"Ізденіс" газетінде жарияланады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет