ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
«Жаратылыстану Ғылымдары және Педагогикасы» жоғары мектебі
«Химия» кафедрасы
Жеке тапсырма
Тақырыбы: «Химиялық ыдыстар, олардың жіктелуі және сақтау ережелері»
Орындаған: Жаркинбаева М.
Тобы: ЕП-19-4К
Тексерген: Әлібекова М.
Шымкент 2020 ж.
Химиялық ыдыстар, олардың жіктелуі және сақтау ережелері
Химиялық реакциялар стакандарда, пробиркаларда, колбаларда, арнайы шынылар мен пластиктерде жүргізіледі. Зертханалық құралдар: зертханалық арнайы үстелдер, тартқыш шкафтар, реактивтер тұратын шкафтар, дистилляторлар, центрифугалар, моншалар, кептіргіш шкафтар, муфель пеші, таразылар, микроскоптар, Кипп аппараты, эксикаторлар, реактивтер, спирт шамы, химиялық ыдыстар т.б.
Зертханалық арнайы үстелдерді таза ұстау қажет, артық заттарды үстелге қоймау керек!
Зертханада қолданылатын ыдыстар негізінен:
а) жалпы қолданылатын ыдыстар;
б) арнайы қолданылатын ыдыстар;
в) өлшегіш ыдыстар;
г) фарфор және отқа төзімді ыдыстар болып бөлінеді.
Жалпы қолданылатын ыдыстар: пробиркалар (5-25мл); воронкалар (жай, сұйықтарды құю үшін қолданылатын, фильтрлеуге және бөлуге қолданылатын); стакандар(5-1000мл); колбалар(10-1000мл) жайдақ түпті, жұмыр түпті, конус тәрізді колбалар (Эрленмейер колбасы), Бунзен колбасы; суытқыштар, реторталар, крандар, кристаллизаторлар, сифондар (сұйықтарды құю үшін), бюкстер.
Арнайы қолданылатын ыдыстар: дистилляцияға қолданылатын колбалар; аллонждар – ілмекті түтіктер (суытқышты сұйықтықты қабылдағышпен қосады); дефлегматорлар (фракционды айдауда қолданылады); Кипп аппараты(газдар алу үшін қолданылады); Кьельдаль қондырғысы (азотты анықтау үшін қолданылады); Тищенко шынысы; пикнометрлер; ареометрлер; дөңгелек түпті колбалар; арнайы суытқыштар; заттардың қайнау және балқу температураларын анықтайтын құралдар; эксикаторлар (баяу суыту үшін және ауадан ылғалды, газдарды жұтып алатын заттарды сақтау үшін қолданылады). Бұл ыдыстар тек белгілі бір мақсаттар үшін ғана қолданылады.
Өлшегіш ыдыстар: цилиндрлер, мензуркалар, пипеткалар, бюреткалар және өлшегіш колбалар. Өлшегіш химиялық зертханалық ыдыстар дәл градуирленген, сондықтан оларды қыздыруға болмайды. Өлшегіш ыдыстар да барлық химиялық зертханалық ыдыстар сияқты көлемдері, диаметрі және пішіндері бойынша ажыратылады. Оларға: пипеткалар – сұйықтықтарды (0,1-100мл) және газдарды (100мл жоғары) алу үшін; бюреткалар (1-100мл) – титрлеу үшін және дәл көлемді өлшеу үшін (микробюреткалар, көлем өлшейтін, салмақ өлшейтін, поршенді және газды бюреткалар болады); өлшегіш колбалар (10-2000мл) – сұйықтардың көлемін өлшеуге және сұйық заттардың белгілі көлемін сақтау үшін; өлшегіш мензуркалар мен цилиндрлер (градуирленген, бірақ дәлдігі төмен) жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |