Өлшегіш ыдыстар. Өлшегіш ыдыстарәр түрлі дәлдіктегі сұйықтықтардың көлемін өлшеу үшін қолданылады. Дәлдігі онша жоғары емес көлемді өлшеу үшін өлшегіш мензуркалар мен цилиндрлер, дәл көлемді өлшеу үшін пипеткалар мен бюреткалар,өлшегіш колбалар, ал ерітінділердің (сұйықтықтардың) аз мөлшерін қосуға не алуға пипеткалар қолданылады.
Өлшегіш цилиндрлер мен мензуркалар дәл көлем алу үшін қолданылмайды. Мензуркалар (латын тілінен «өлшеу» деген сөзден) – конус тәрізді шкаласы бар, зертханада сұйықтықтың көлемін өлшеуге арналған. Өлшегіш цилиндрлерді шыныдан не полиэтиленнен не полипропиленнен жасайды. Сыртқы қабырғасында шкаласы болады. Өлшегіш цилиндрлер мен мензуркалар көлемі 1 литрге дейін болады. Пипеткалар әр түрлі сыйымдылықты болады (1-100мл-ге дейін). Сұйық затты алғанда оны пипетканың белгісінен біраз жоғарырақ алу қажет, сосын сұқ саусақпен жауып, сұйықтықты баяу (ақырындап) ағызады, төменгі мениск белгіге жеткенде, саусақпен қаттырақ қайтадан жабады. Керек көлемді пипеткамен басқа ыдысқа құйғанда үрлеуге болмайды, пипеткадан сұйықтық өзі ағуы қажет. Өлшегіш колбалардыанықталатын зат бар ерітіндіні белгілі көлемге дейін сұйылтуға және титрленген ерітінділер (титрант) жасауға қолданады.Өлшегіш колбаларды жақсылап жуады, бірақ оларды пипеткалар мен бюреткалар сияқты анықталатын зат бар ерітіндімен шайқауға болмайды.Өлшегіш колбаға алдымен ерітіндіні воронка арқылы құйып, соңынан пипетка арқылы тамшылатып құйып, белгіге дейін жеткізу керек. Ерітінді көлемі өлшегіш колбаның белгісіне жеткен соң, ерітіндіні жақсылап шайқау керек, ол үшін колбаны жауып, 4-5 рет төнкеріп, шайқайды.