Жекешелендірудің екінші ағымы аясында
сауда-саттықты өткізу туралы ақпарат
2014 жылдың 7 қазанында Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында (www.gosreestr.kz мекен жайы бойынша Интернет желісінде орналастырылған интернет-ресурс) 3 кәсіпорындар бойынша коммерциялық тендер тәсілімен сату өткізілді, нәтижесінде «Ақтөбе өңірлік ақпараттандыру және білім сапасын бағалау жөніндегі ғылыми-тәжірибелік орталығы» МКҚК сатылды. Сату сомасы 1 857 300 тенгені құрады.
Кәсіпорын мынадай жағдайларда сатып алынды:
Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні:
1. Білім беру сапасын бағалаудың заманауи технологияларын ендіру.
2. Білім сапасын бағалау процедураларында қатысатын білім беру жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру.
3. Білім беру саласында компьютерлік телекоммуникациялардың аймақтық және локалдық жүйелерін ақпараттандыру бағдарламаларына сәйкес зерттеулерді орындау, әзірлеу және ендіру.
4. Ұлттық білім беру деректер базасы бойынша сүйемелдеу.
5. «elening» жүйесі бойынша методикалық көмек.
6. онлайн сабақ бойынша методикалық көмек.
Достарыңызбен бөлісу: |