«ЖЕЛТОҚСАН ЖЕЛІ ЫЗҒАРЛЫ ... »
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
Қыз өссе–елдің көркі-деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.
Исраил Сапарбай
Жуырда әл‑Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті халықаралық қатынастар факультеті «Тура Би» шешендік өнер клубының мұрындық болуымен Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына арнап «Платиналы Тарлан» сыйлығының, Түркі поэзиясы халықаралық фестивалінің, Қазақстан Жазушылар одағының І.Жансүгіров атындағы сыйлығының лауреаты ақын, композитор, елші Исраил Сапарбаймен өтетін «Желтоқсан желі ызғарлы ...» атты тәуелсіздіктің 20 жылдық мерейтойына арналған кездесу өткізді. Бұл шараны белгілі бір датаға байланысты өтізілген қатардағы жиын, я ақынның жырларын тыңдаумен шектелген романтикалық сұхбат деп қараған дұрыс болмас. Ақынмен жүздесуге түрткі болған оның желтоқсан оқиғасына арнап шығарған «Мен қазақ қыздарына қайран қалам...» деп басталатын жыры. Бұл ән Н. Өнербаевтың орындауында көпшіліктің құлағында болар.
Тәуелсіз елімізде дүниге келген ұрпақ биыл жиырмаға толып отыр. Олар үшін желтоқсан оқиғасының тарихқа айналып бара жатқаны да ақиқат. «Бұл азаттық бізге оңай келді ме?» деген сұрақ әрбір жасты, әр уақытта ойландыру керек деп есептейміз. Сондықтан осы сауалды желтоқсан оқиғасын көзімен көрген, көріп қана қоймай, өзінің ақындық жүрегімен, бар болмысымен сезінген, көзқарасын, ішкі толқынысын «Қазақ қызы» атты жырымен жеткізген қазақтың талантты ақыны Исраил Сапарбайға қойғанды жөн көрдік. Ақынның желтоқсан оқиғасына арнап жазған «Қыз мұңы» атты спектаклінің премьералық қойлымы да тәуелсіздіктің жиырма жылдығымен тұспа‑тұс келіп отырғаны бұл ойымызды шегелей түсті. М.Әуезов атындағы театрда қарашаның 26 жұлдызында болған қойылымға барған студенттер мен ұстаздар қауымы тәнті болды десек, артық айтқандық емес.
Ақын болашақ мәмілегерлермен екі сағатқа жуық салиқалы сұхбат құрды. Олардың сұрақтарына көңілі толғандығын білдіріп, Дәулет Мелдеханов, Арайлым Байжігітова бастаған біраз студенттерге өзінің қолтаңбасымен жыр жинағын сыйға тартты. Жастар да өз кезегінде «желтоқсан оқиғасына» қатысты арнайы дайындаған қойылымдары мен ән шашуын тарту етті. «Махаббат шайыры» атанған ақынның азаматтық үні, азаматтық болмысы, тереңнен тартқан әңгімесі нағыз таланттың жан‑жақты болатындығын тағы бір дәлелдеді.
Кездесу соңында кафедра меңгерушісінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Бөрібаева сөз сөйлеп, ақынға факультет деканының К. Шакировтың атынан университтет жайлы естелік альбом сыйлады.
Кездесу тәуелсіздігіміздің мән‑маңызын бағалауда студенттерге ой салатындай мазмұнды әрі қызықты өтті.
ның ұйымдастыруымен университтет деңгейінде Бұл жиынды ұйымдастыруға қатысқан және ат салысқан, кафедра меңгерушісі Байтоқаева А.Ш., ректораттың тәрбие бөлімінің қызметкері Канафиева Ш.Е., «Тура Би» шешендік өнер клубының жетекшісі Б.Ақбұзауова және кафедра оқытушылары: Бөрібаева С., Омарова М., Смағұлова Г., Құлжанова Б., халықаралық қатынастар және филология факультетінің студенттері.
Мәжіліс «Желтоқсан оқиғасына» қатысты бейнекөріністі тамашалаған соң, «Тура Би» шешендік өнер клубының жетекшісі Б.Ақбұзауованың кіріспе сөзімен басталды. Ақын желтоқсан оқиғасына қатысты «Қазақ қызы» өлеңінің шығу тарихын тілге тиек ете отырып, 1,5 сағаттай студенттердің сұрақтарына өз пікірін білдірді. Ақын, неғұрлым, мазмұнды сауал қойған студенттерге өз алғысын білідіріп, өлеңдер жинағын өз қолтаңбасымен сыйлады. Өз кезегінде студенттер желтоқсан оқиғасына арнап қойған шағын концертін ұсынды.
Кездесу соңында кафедра меңгерушісінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Бөрібаева сөз сөйлеп, ақынға факультет деканының К. Шакировтың атынан университтет жайлы естелік альбом мен қалам силады. Кездесу тәуелсіздігіміздің мән‑маңызын бағалауда студенттерге ой салатындай мазмұнды әрі қызықты өтті.
«Тура Би» шешендік
өнер клубының жетекшісі Б.Ақбұзауова
«Тура Би» ғылыми шешендік өнер клубының «Мұстафа Шоқай – түркі әлемінің алыбы» атты зияткерлік сұхбатының
Есебі
2011 жылғы қазанның 18 жұлдызында халықаралық қатынастар факультеті дипломатиялық аударма кафедрасының «Тура Би» ғылыми шешендік өнер клубы мұрындық болуымен «Мұстафа Шоқай – түркі әлемінің алыбы» атты зияткерлік сұхбат өткізді.
Бұл жиынды ұйымдастыруға қатысқан және ат салысқан, кафедра меңгерушісі Байтоқаева А.Ш. және оқытушылар: Бөрібаева С., Омарова М., Смағұлова Г., Құлжанова Б., Ақбұзауова Б., х/құқық –12, 18 орыс топтары, аймақтану, х/қ‑11 топтарының студенттері және клуб мүшелері.
Зияткерлік сұхбатта студенттер Байжігітова А., Ержанова Алтынай., Жөкенова А., Жүнісова А., Мұстафа Шоқайдың өмірбаяны, саяси қызметке араласуы, Думадағы мұсылман фракциясындағы хатшылық қызметі жайлы айтып өтсе, Өміржанова С., Мұстафаның інісі жазған хатын оқып, Зияданова Айдана Мұстафаның эммиграциядағы қызметі жайлы жан‑жақты қызғылықты ақпарат ортаға салды. Азат Түркістан мемлекетін құруды мұрат еткен Мұстафа Шоқай сынды алаш ардагері туралы айтылған ойларды 2‑курс студенті Мелдеханов Дәулет өзінше қорытындылады.
Мәжіліс «Мұстафа Шоқай» атты фильмді көрумен қатар жүріп отырды. «Түркінің ұлы алыбы Мұстафа Шоқайға 125 жыл» деп жазылған портреттік биллборд, қабырға газеті бұл жиының салтанатын арттыра түсті.
Жиын соңында доцент М. Омарова, кафедра меңгерушісінің орынбасары С. Бөрібаева, ректораттың тәрбие бөлімінің қызметкері Канафиева Ш.Е. Мұстафа Шоқай жайлы ойларын ортаға салды.
Жиын өзінің алдына қойған мақсаты – түркі әлемін біріктіруді мақсат еткен, сол жолда саналы өмірін сарп еткен, тағдыры жұмбақ, халқымыздың бірегей ұлы Мұстафа Шоқайды жастарға танытуда жасалған маңызды бір қадам деп бағаласақ артық болмас.
«Тура Би» шешендік
өнер клубының жетекшісі Б.Ақбұзауова
Достарыңызбен бөлісу: |