Жер құқығы қатынастарының мазмұны, пайда болу, өзгеру және тоқтатылу негіздері



Дата07.02.2022
өлшемі14,46 Kb.
#88711
Байланысты:
АДИлет


Жер құқығы қатынастарының мазмұны, пайда болу, өзгеру және тоқтатылу негіздері
Заң әдебиетінде құқықтық қатынастардың, соның ішінде, жер құқығы қатынастарының мазмұны олардың құқықтары мен міндеттерінің өзара қарастырылады. Құқықтық қатынас субъектілерінің өзара байланысқан бұл құқықтар мен міндеттері құқық қатынастарының объектілеріне қатысты субъектілердің өкілеттіктерінің мазмұны болып табылады . Сондықтан да, жер құқығы қатынастарының мазмұнын толық ашу үшін жер құқығы қатынастары субъектілерінің өкілеттіктерінің мазмұнын қарастыру қажет . Ол мынадай өкілеттіктерден тұрады: иелік ету, пайдалану және билік ету, объектіге иелік етуге байланысты құқықтар мен міндеттер, объектіні пайдалануға қатысты құқықтар мен міндеттер және объектіге билік етуге қатысты құқықтар мен міндеттер.
Бұл құқықтар өзара байланыста болғанымен, өзінің мазмұны бойынша әртүрлі сипатта болып келеді . Мысалы,жер учаскесін сыйға тарту , жер учаскесі меншік иесінің жер құқығы болып табылады . Ал жерлерді ұтымды және нысаналы пайдалану — жер учаскесі субъектісінің аталған жер учаскесін пайдалану қатысты құқықтары мен міндеттері болып табылады . Бұл меншік иесінің — құқық субъектісінің жер учаскесіне қатысты иелік ету мен билік ету құқықтарына кедергі жасамайды.
Жер құқығы қатынастары субъектісінің құқықтарын анықтаушы құқықтық негіз болып Қазақстан Республикасының Конституциясының , Жер кодексінің “ Қоршаған ортаны қорғау туралы ” , “ Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы ” заңдардың және Қазақстан Републикасының басқа да заңдары мен заңға сәйкес актілерінің тиісті нормалары табылады.
Жер құқығы қатынастарының субъектілері объектіні иелену, пайдалану және билік етуге қатысты құқықтардың шегінен шығып кетпеуі тиіс. Жер туралы заңнама жер құқығы қатынастары субъектілерінің басқа тұлғалардың мүдделерін және табиғаттың басқа объектілерін қорғау нормаларын бұзатын әрекеттер жасауына тыйым салады . Мысалы , Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 6 - бабының 3 - тармағына сәйкес, жер қатынастары субъектілерінің өздеріне тиесілі құқықтарды жүзеге асыруы де , сондай - ақ басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтірмеуге тиіс.
Жер туралы заңнамада және басқа да заңдарда бекітілген ережеге сәйкес , заңнамамен белгіленген тәртіп немесе лауазымды тұлғаның нұсқауы жер құқығы Мысалы, Қазақстан сәйкес, жерді аймақтарға бөлу кезінде белгіленген, аумақты пайдаланудың нысаналы режимі осы баптың 2 және 3 - тармақтарында көзделген тәртіппен белгіленеді, жер құқығы қатынастарының субъектілері үшін міндетті болып табылады. қатынастарын субъектісі үшін міндетті болып табылады.
Мысалы, жер құқығы қатынастарының объектісіне қатысты өзгерту меншік иесімен немесе жер пайдаланушымен жасасқан сервитутты орнықтыру туралы шартының негізінде немесе жергілікті атқарушы органның актісінің негізінде не сот және заң шығару актілерінде көзделген басқа да реттерде орын алуы мүмкін ( ҚР ЖК 67 - бабы ).
Құқық езгертуші фактілерге жер құқығы қатынастарының мазмұнына Мына жағдайлар жатады: Қазақстан Республикасының актілерінде көзделген негіздер бойынша тұлға жер учаскесіне осы Кодексте белгіленген нормаларға сәйкес оған ( тұлғаға тиесілі болмайтын құқықты азаматтық заңдарында белгіленген ережелер бойынша бір жыл ішінде иеліктен шығарылуға тиіс немесе аталған осы Кодекске сәйкес жерге сондай субъектіге тиесілі болатын құқық етіп қайта рәсімделуге тиіс ( ҚР ЖК 66 - бабы ) . ҚР Жер кодексінің 46 - бабының нормалары да құқық өзгертуші сипатқа ие. Пайда болуы жер құқығы қатынастарымен байланысты құқық тоқтатушы фактілер ҚР Жер кодексінің 81 - бабында көзделген. Ескеріп өтетін жайт, жер құқығы қатынастарының дербес мәндегі актілер санатына жатады . Олар нормативтік мәнге ие болмайды. Меншік құқығы мен жер пайдалану құқығының тоқтатылу негіздерін құқық объектісіне жер учаскесіне ) қатысты туындайтын заңды факт атауы заңды фактілерді көздеп қана қоймай , олар заңды фактілерді нақты жер учаскесімен байланыстырады да.
Егер құқық объектісі — жер учаскесі болмаса, онда аталған заңды фактілер де туындамайды. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 81 - бабының 1 - тармағының 2 тармақшасында айтылған « меншік иесінің меншік құқығынан немесе жер пайдаланушы жер пайдалану құқығынан бас тартқан » деген сөйлемнің орнына « жер учаскесінен бас тартқан » деп атаған дұрыс болар еді. ҚР Жер кодексінің 81 - бабының нормалары жер құқығы қатынастары құқығының тоқтатылу объектісі ретінде жеке және заңды тұлғалардың әлеуметтік құбылыс түріндегі құқығын емес, жеке меншік және жер пайдалану құқығының объектісі жер учаскесін кодексінің 81 - бабының 1 - тармағының 2, 3 - тармақшаларында аталған жағдайларды есептемегенде, қалған барлық фактілер жер құқығы қатынастарының тоқтатылу обьектісі ретінде нақты жер учаскесін таған . Яғни , жер учаскесі жер құқығы қатынастарының пайда болу, өзгергілу және тоқтатылу объектісі болып табылады. Барлық , заңды фактілер екі түрге бөлінеді : оқиға және жүріс - тұрыс.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет