«Жердің дәл үлгісі» деген сұраққа сауалнамаға қатысқан 90 оқушының 85 оқушысы глобус деп жауап берді.Яғни оқушылар жердің дәл үлгісі глобус екендігін біледі.
«Жер бетіндегі ойпаттарға жиналған табиғи су айдыны» деген сұраққа сауалнамаға қатысқан оқушылардан 83 оқушы мұхит деп жауап берді. 4 оқушы теңіз,3 оқушы көл деп жауап берді.
«Жер шарындағы мұхиттар саны» деген сұраққа сауалнамаға қатысқан оқушылардан 90 оқушыда дұрыс жауап берді.Яғни бұл көрсеткіш оқушылардың есте сақтау қабілетінің жоғары екендігін білдіреді.
«Мұхиттардың ішінде ең тұздысы» деген сұраққа саулнамаға қатысқан огқушылардан 56 оқушы үнді мұхиты деп белгілеген.Бұл көрсеткіш мұғалімнің оқушылармен көп жұмыс істеуін талап етеді.
«Жан-жағын мұхиттар мен теңіздер қоршап жатқан орасан зор ауқымды жер бөлігі» деген сұраққа сауалнамаға қатысқан оқушылардан 86 оқушы құрлық деп жауап берді. Бір қарағанда бұл сұрақтың жауабы күдік ұялатуы мүмкін.Бірақ балалардың басым бөлігі дұрыс жауап берді.
«Дүниежүзінде неше құрлық бар?» деген сұраққа сауалнамаға қатысқан оқушылардан 83 оқушы 6 құрлық деп жауап берді,7 оқушы мұхит жауабын белгіледі.Қарап отырсақ,оқушылардың мұхит пен құрлықты шатастырғанын байқаймыз.
«Жер бетінің кішірейтіліп,шартты белгілермен жазықтыққа түсірілген бейнесі» деген сұраққа сауалнамаға қатысқан оқушылардан 78 оқушы географиялық карта жауабын белгіледі,ал 12 оқушы қате жауап берген.Бұл оқушылардың тақырыпты толық меңгермегендігін білдіреді.
«Географиялық картаның түрлерін көрсет» деген сұраққа сауалнамаға қатысқан оқушалардың 80 оқушы дұрыс жауап берген, ал қалған оқушыларға бұл сұрақ қиындық тудырды. Алдағы сабақтарда қайталауды қажет етеді.
«Картада тау қандай түспен белгіленеді?» деген сұраққа сауалнамаға қатысқан оқушылардың барлығы дерлік толық дұрыс жауапты көрсеткен.
«Глобусқа немесе жартышарлар картасына қарап, басқа елдерге (Солтүстік Америка, Африка) барар жолда қандай құрлықтар мен мұхиттар кездесетінін айтып беріңдер. Ол жаққа көліктің қандай түрімен жетесіңдер? Неге?» деген сұраққа сауалнамаға қатысқан оқушылар өз ойын толық жеткізе алды, басым бөлігі өздерінің қиялдарына ерік беріп жазып шықты.