Жеткіншектердің психикалық дамуының үрдістері Орындаған: Кертай. Н



бет1/3
Дата08.12.2022
өлшемі306,04 Kb.
#161875
  1   2   3
Байланысты:
zhetkіnshekterdің-psihikalyқ-damuynyң-үrdіsterі

Жеткіншектердің психикалық дамуының үрдістері

Орындаған: Кертай.Н

Қабылдаған: Бектурсунова Д.

Жоспар: 1. Жеткiншек жас кезеңнiң психологиялық үрдістері 2. Жеткiншектердiң даму ерекшелiктерiнiң психологиялық тұрғыдан теориялық зерттелу жағдайы. 3. Жеткiншектердің жас кезеңін зерттеу әдістері

Жеткіншектік кезеңнің шектері шамамен балалардың орта мектептің 5-8 сыныптарында оқитын кезеңмен сәйкес келеді, ол 11-12 жастан 14-15 жақа дейінгі аралықты қамтиды. Жеткіншектік кезеңнің баланың дамуындағы ерекше орны «өтпелі», «бетбұрыс», «қиын» кезең деген атауларында бейнеленген.

Балалық шақтан ересектікке өту кезеңдегі дене, ақыл-ой, адамгершілік-әлеуметтік дамудың барлық жақтарының негізгі мазмұны мен өзіне тән ерекшелігі болып табылады. Барлық бағыттарда сапалық жаңа құрылымдар қалыптасады, организмнің, сана-сезімнің үлкендермен және жолдастарымен қарым-қатынастың олармен әлеуметтік өзара іс-әрекет әдістерінің танымдық және оқу- әрекетінің мінез-құлыққа, іс-әрекет пен қарым қатынасқа арқау болатын моральдық- этикалық нормалар мазмұнының қайта құрылуы нәтижесінде ересектік элементтері пайда болады

Жеткіншектіктің жеке басы дамуының аса-маңызды факторы оның өзінің ауқымды әлеуметтік белсенділігі. Жеткіншек дамуының алуан түрлі көріністерімен елеулі айырмашылықтары: - 7 сыныпта бет-пішіні мен мүдделері әлі балаға ұқсас ер балалар ; - ересектер өмірінің қайсы бір жақтарына ортақтасқан өте ересек балалар; - өздігінен білім алып жүрген «интеллектуалдар» ; - оқу материалдарының өзін өздігінен игере білмейтін жеткіншектер; - болашаққа деген жоспары айқын емес мектеп оқушылары ; - болашақ мамандығына саналы түрде даярлана бастағандар.

Жеткіншектік кезең қиын әрі сыналатын кезең деп саналады. Бұлай бағалау осы уақытта болатын көптеген сапалық өзгерістерге байланысты, бұл өзгерістер кейде баланың бұрынғы ерекшіліктерін, қарым-қатынастарын түбірінен өзгертетін сипатта болады. Жеткіншектіктің дамуындағы биологиялық фактор проблемасы баланың организімінде нақ осы шақта биологиялық толысу жолына түбегейлі өзгерістердің болуынан туындайды. Дене күшінің дамуында жаңа кезең басталып, жыныстық жетілу процесі өрістейді.Организімнің қайта құрылуы эндокриндік жүйедегі өзгерістерден басталады. Бұл процестер қыз балаларда 11-13 жаста, ер балалаларда 13-15 жаста неғұрлым жедел жүреді.Бойдың ұзаруы, салмақтың артуы, кеуде клеткасы шеңберінің өсуі жеткіншек шақтағы дене толысуының өзіне тән жағдайлары, бұлар "күрт өсу" деген ерекше терминмен белгіленеді. Осының нәтижесінде баланың пішінімен салыстырғанда жеткіншектің пішіні өзгереді. Дененің пропорциясы ересек адамға тән пропорцияға жақындайды. Бас сүйегінің жедел жетілуі нәтижесінде бет әлпеті өзгереді.Организімнің қайта құрылуы жеткіншектің ішкі жағдайларына, әсерлеріне, көңіл-күйіне әсер етіп, оның жалпы ұшқалақтығының, , қимыл-белсенділігінің, енжарлауының негізі болады. Жыныстық толысу мен дене күші дамуындағы өзгерістердің жаңа психологиялық құрылымдардың пайда болуында бірталай маңызы бар.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет