Жезқазған қаласындағы №4 орта мектебінің 4-сынып оқушысы жобасы
Тақырыбы: “Қымыз құрамындағы дәрумендер”
Жобаның мақсаты мен міндеттері:
-
Қымыз – қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішіндегі ең құрметті дастарқан дәмінің бірі. Ол тек қана бие сүтімен ашытылады. әдетте сауылатын биелер: сақа бие, құлын бие, қыран бие деп үшке бөледі. Сақа бие – бірнеше рет құлындаған, бұрыннан сауылып келген бие.

Құлын бие – құнажын немесе дөнен жасында алғаш құлындаған бие.
Қысырақ бие – деп өткен жылы кейбір себептермен қысыр қалған, құлын орнына тайы еміп жүрген биелерді айтады. Тайы еміп жүргендіктен ондай биелер, күтімі жарасса, сауыла береді.
Қымыздың құрамына кіретін түрлі заттардың бәрі де адамның бойына жақсы сіңеді. Бие сүтінде “ С” дәрумені мол болады. Сондықтан оның емдік қасиеттері, әсіресе туберкулез ауруынан емдеу үшін айрықша жоғары. Сондықтан да туберкулезді қымызбен емдейтін ең алғашқы курорт 1858 жылы Самара қаласының маңында ашылған екен. Оны ұйымдастырушы В. Толстиков деген дәрігер: “қымыз асқазанды ыстап, адамның өзін әлдендіреді, оның тәнін жаңғыртады” – деп жазған екен.

Қымыз туралы әңгіме болғанда биология ғылымдарының докторы, профессор З. С. Сейітов былай дейді: бұл сусын көптеген халықтарға ерте кезден-ақ белгілі. Оның түп тамыры – сонау скифтерге дейін барады.
Қымыз туралы әңгіме болғанда биология ғылымдарының докторы, профессор З. С. Сейітов былай дейді: бұл сусын көптеген халықтарға ерте кезден-ақ белгілі. Оның түп тамыры – сонау скифтерге дейін барады.
Грек тарихшысы Геродот скифтердің бие сүтінен сусын ашытатынын айта келіп, олардың сүт консервілеу құпиясын мұқият сақтайтынын, ол құпияны ешкімге айтпайтынын жазады.
Француз саяхатшысы Вильгельм Рубринас та 1253 жылы қазіргі Татарстан территориясымен саяхат шегіп, қымыз ішкен. Қымызды ашыту жолдарын, дәмін, адам организміне, оның ішінде несіп бөлуге әсер ететінін божайлап тұрып жазған. Қымыз жайлы көшпелі елдің тұрмыс-тіршілігін бақылаған С.Т. Ақсақов та, тіпті орыстың ұлы ақыны А.С. Пушкин де жақсы лебіз білідірген.
Қазақстанда қымызбен емдейтін алғашқы емхана 1910 жылы Бурабайда ашылды. Бурабай емханасы үшін қымызды дәстүрлі әдіс бойынша сабаға ашытқан. Сол 1910 жылы Торғайда темір жол қызметкерлерін емдейтін Берсүгір емханасы жұмыс істеген.

Бұл күндері ұйытқан және ашытқан сүттің қоректілік құндылығының артатындығы әбден белгілі болды. Осы жағынан алғанда қымыз бүкіл ашытылған басқа сүт өнімдерінен едәуір асып түседі. Қымызда адам организміне қажетті элементтердің барлығыда табылады. Сонымен қатар бие сүтінің құрамында витаминдер мол болады.
Қымыз жүйке ауруларына бірден-бір ем. өйткені оның құрамында В витаминімен бірге В2, В12 дәрумендері бар. Ал туберкулезбен ауыратын адамдардың организмінде витамин алмасуының бұылатындығы да дәлелденген жайт. Олардың қымызбен емделгенде сауығып кететіндігі де сондықтан.
Қымыз организмге жан-жақты әсер етеді. Ол ас қорту органдарының , жүрек-қан тамырлары аппаратының, жүйке системасы мен басқа органдардың қызметін жақсартады.
Қымыздың
маусымдық
түрлері
Уыз қымыз
Жазғы қымыз
Күзгі қымыз
Қысқы қымыз
Түнемел қымыз – мол қордың үстіне сүт қышқылы арнаулы торсықта сақталып, екі тәулік сапырылған, пісуі жеткен қымыз;
Түнемел қымыз – мол қордың үстіне сүт қышқылы арнаулы торсықта сақталып, екі тәулік сапырылған, пісуі жеткен қымыз;
Құнан қымыз – үш тәулік бойы ашытылады;
Бал қымыз – бал, қант секілдітәтті қосып жуасытқан қымыз;
Қорабалы қымыз – мол қордың үстіне күн сайын сүт құя отырып, бірнеше күн жинаған қымыз;
Сірге жияр қымыз – күзді күні бие ағытарда соңғы қымыз бірнеше күн жиналады.
Биені бие көнекке немесе ағаштан істеп ысталған шелекке сауады. Жаңа сауылған бие сүтін сүзгіден өткізіп, жылы кезінде күбіге немесе сабадағы саумалдың үстіне құяды. Содан соң оны міндетті түрде 30-40 минут пісіп, аузын байлап не тығындап тастайды. Алғаш рет қымыз ашытарда бие сүті сабаға арнаулы ашытқының немесе тордың үстіне

құйылды. Ашытқыны көбінесе сүр жаяның немесе қазының сынық сүйегін салып, ол жоқ болғанда сүтке нан ашытқысын езіп әзірлейді.
Биені қолмен және машинамен сауады. Машинамен сауудың қол мен саууға қарағанда айқын артықшылығы бар: ол адамның жұмысын жеңілдетеді, еңбек өнімділігін арттырады, ию рефлексі пайда болуына аса қолайлы физиологиялық жағдай жасайды.

Биені машинамен сауу жөніндегі бірінші тәжірибені 1957 жылы Москва түбіндегі “Мцыри” санаторийінде И. Аникин жүргізді.
Төрегелді ШАРМАНОВ, Қазақ тағамтану академиясының президенті, академик:
“Жылқыны қазақ жануар деп атамай, қасиет тұтқан. Келісті сұлу сымбаты, жалын желбіретіп, даламыздың төсінде көсіле шапқан бейнесі халқымыздың байырғы көшпенді заманынан қалыптасқан символындай. Ауыз әдебиетімізден келіп жеткен мұраға сай Ақан серінің өзінің сенімді серігі Құлагерге көңілін қайғы-мұң сарынды жыр-жоқтаумен жеткізуі бекер емес.
Ерттеп мінсең – мүлтіксіз көлік, сіңімді еті – тіл үйірер тағам, балдай қымызы – шипалы сусын, жылқыны қай тарапынан алсаң да, мінсіз деуге тұрарлық”,- деп сөзін түйеді.
Бие сүтінің ерекшеліктерін тізіп айтсақ, басты төрт қасиетіне тоқталуға тұрарлық: ақуызының «альбуминдік» – сіңімді, нәзік табиғаты; жеңіл әрі зиянсыз майқышқылдық құрамы (көп қанықпаған май қышқылдары); жұқпалы ауруларды, мысалы кох таяқшасын жоятын табиғи антибиотик – лизоцимнің болуы; ашыту барысында бактериялар мен вирустарға қарсы тұратын С дәруменінің (аскорбин қышқылының) мол көлемінің түзілуі.

Бұл – ана сүтіне ғана тән қасиеттер, сондықтан, ана сүтін алмастыру үшін сиыр сүтіне қарағанда бие сүтінің жарамдылығы ғылыми тұрғыдан дәлелденген.
Бие сүтінің тағы бір ерекшелігі, ол қайнатуға келмейді, оған стерилизация, пастерилизация жасауға болмайды. Ал басқа жануарлардың сүттерін, мысалы, сиыр, ешкі, қой сүттерін міндетті түрде қайнату, пастерилизациялау қажет. Бұл сүттер стерилизация барысында өзінің табиғи қасиеттерін жоғалтуымен қатар, ғылымдағы дәлелдерге сай, мысалы, «трансмайлылық» секілді адамның денсаулығы үшін аса зиянды қасиеттерге ие болуы мүмкін.
Қазақ халқының бір ғасырлық тарихын басынан кешірген Жамбыл Жабаев ақын атамыз:
Қазақ халқының бір ғасырлық тарихын басынан кешірген Жамбыл Жабаев ақын атамыз:
...Үйірілген сары алтындай сары қымыз,
Ауруға – ем, сауға – қуат, дәрі қымыз.
Елімнің баяғыдай сүйген асы,
Шығаршы тағы нең бар кәрі қымыз, - деген жыр алыбының шумағымен жобаны аяқтаймын.