Жігіттің Сұлтаны. (Бағдарламасы)

Дата12.03.2018
өлшемі104,94 Kb.
#38503
Жігіттің Сұлтаны.

(Бағдарламасы)

  1. Өзін-өзі таныстыру.

  2. Пародия.(Белгілі бір жұлдызға еліктеу)

  3. Қызға деген өз сезімін жеткізе білу.

  4. Ән байқауы.

  5. Өз өнерін көрсету.

  6. Салат жасау.

  7. Батпан көтеру.(20-сек)

  8. Би байқауы.

  9. Викториналық сұрақтар

Қатысатын сыныптар 11 “а” 10 “а” 10 “а” 10 “б” №8 КТМ-дан екі оқушы. Әр сыныптан 1-жігіттен қатыса алады.

Жігіттің сұлтаны.
1-оқу. Секемдеу көріне ме жүрістері,

Мектепке аян еді-ау мың істері.

Ассалаумағалейкум келе жатыр,

Ағайын ауылымыздың дүлділдері.

2-оқу. Сайыс десе таза біздің арымыз,

Жалындайды сайысқанда жанымыз.

Сайысатын жігіттерді бүгінгі,

Қарсы алайық қошаметпен бәріміз.

1-оқу. Армысың ардақты ұстаз, аяулы жас,

Алдыңда тұр сайысқа түсер өрімдей жас.

Үміт күткен ұлдардан аяулы ұстаз,

О, жаратқан жігіттердің бағын бір аш.

2-оқ. Болғалы жатыр сайыс көптен күткен

Іні мен қарындасқа үлгі тіптен,

Ауылымыз жастардан үміт күткен,

Жеңсе де, жеңілсе де тәуба еткен.

1-оқу. Арайлап атса келешектің ақ таңы.

Біз үшін мәртебе тұлпардың шапқаны.

Бүгінгі балғын, балауса жастар,

Қазақтың ертеңі, аппағы мақтаны.

2-оқу.

Қайырлы күн! құрметті ағайын, туыс, бауырлар және бүгінгі кештің көрермендері. Бүгінгі “Ұлдар”ұйымының ұйымдастыруымен өткелі отырған “Жігіттің сұлтанын” анықтауға қош келіпсіздер демекпіз.

1-оқу.

Ұлы ғұлама Жүсіп Баласағұн “Үйрен ұлым, арзан көрме өнерді-

Өнер көкке жеткізеді төбеңді” дегендей бүгінгі сайысқа қатысар жастарымыз еліміздің ертеңгі өнерін дәріптеп, көкке көтерер әншілеріміз бен бишілеріміз болмасына кім кепіл?

Ұл қызың ел ішінде жақсы атанды,

Арайменен қарсы алып, әр ақша таңды.

Абыройы ауылымыздың асқақтасын,

Арнасын ...................................ағай жігіттерге ақ батасын деп, ауылымыздың ақсақалдар алқасы.................................................................атадан бата тілейік.
2-оқу. Құрметті көрермендер, енді бүгінгі сынға түскелі отырған

жігіттерімізбен таныс болыңыздар.

Нүсіпжан Ержан Қуатайұлы

Бибеков Бағдат Қонысбайұлы

Жансейітов Фархат Дүйсенұлы

Ибрагимов Ернат Борашұлы

........................................................
Жігіттер бір-бірден жеребе алып кете барады.
1-оқ. Сәлем бердік сіздерге төрағалар,

Әділдікпен қойылсын бал-бағалар.

Биссимилда деп бастайық сайысымызды,

Аруағы бабалардың қолдап алар

дей келе, сайыс заңы бойынша әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

.............................................................................................................................

1-оқ. Тәуба сөзін айтып жігіттер бастасын,

Тәуекел деп сайысқа бел байлапты.

Рұқсат болса, ағайын кезекті енді,

Берейік сұлтандарға, таныстырсын өздерін-өзі.

Таныстыру(әр үміткер өздерін

таныстырады).

2-оқу. Пародия-өнердің бір саласы,

Сол өнерге әркімнің бар таласы.

Пародия-жаңа туған жас сәби,

Көпен деген, ағамыздың баласы.

Пародия (белгілі бір жұлдызға еліктеу).
1-оқ. Жүрегімді жаралады бір адам,

Қандай жаман күліп жүріп жылаған.

Қайырылмастай қол созамын өзіңе,

Көлеңкеңді көргеніме қуанам.

2-оқу. Аруларға сырларыңды аз ұққыз,

Қыста өтер, жырын жазып жетер күз.

Ғұмыр бойы сүйем деме алдама,

Сеніп қалып жылап өтер, нәзік қыз.

Қызға деген өз сезімін жеткізу.
1-оқ. Ән-көңілдің ажары,

Думан тойдың базары.

Әнге аусын бір мезет,

Көпшілік қауым назары.

(Ән байқауы).
2-оқу. Ал енді жігіттеріміздің қандай өнері барын тамашалап көрелік

1-оқ. Иә, жігіттер енді өз өнерлерін ортаға салсын. (Өз өнерін көрсету).

2-оқу. Жігітке жеті өнер де аз деп бекер айтылмаған.Қазіргі заман жігітіне ас дайындау, оның ішінде салат жасай білу артық етпейді.(Салат жасау).
1-оқ. Құйылып қуат кенеттен,

Қарысып мойын еттері,

Келбеті оқыс бұзылып.

Күштенген кезде ақ тістер,

Кетпесе болды, морт сынып.

(Батпан көтеру (16 кг 20-сек))

1-оқ. Ал жігіттер ән мен күйге ғашықпыз біздер,

Күтеміз күн шыққандай, сый-лебіздер

Неге сонша жабығып отырсыздар,

Қанеки шығыңыздар, билеңіздер.

(Қалаған биін билеуге және қасына әріптес алуға рұқсат).
2-оқу. Келесі кезекте ғылымның әр саласын қамтитын викториналық

Сұрақтар алып, жігіттеріміз өз білімдері мен

тапқырлықтарын көрсетсін.
1-оқу Келешек қой осылар, барға шүкір,

Алдарында ақ қанат арманы тұр,

Жүректері лүпілдеп, тебіреніп.

Әрқайсысы өз үлесін алғалы тұр.

Демеңіздер біз өнерді аяп қалды,

Уақыт та біраз жерге таяп қалды.

Осыменен қоштасамыз сіздерменен,

Сайысы жігіттердің аяқталды.

2-оқу. Құрметті көрермендер осымен сайысымыз өз мәресіне жетті, жігіттеріміз бойындағы бар өнерлерін көрсетті деп ойлаймыз. Ендігі кезекті сайысымызды қортындылау үшін сөз кезегін............................................... берейік.

ВИКТОРИНАЛЫҚ СҰРАҚТАР.

1

  1. Қазақша күрестен әлем чемпионатында 60-кг салмақ бойынша алтын және күміс жүлдегерлерін атап бере аласың ба? (Тәліп Б. Сайдақов Е.)

  2. Ең сұлу құс? (Тоты).

  3. 7-жұтты атап бере аласың ба? Құрғақшылық.

Жұт

Өрт

Оба

Соғыс

Топан су

Зілзала.

...................................................................................................................................

2

  1. Футбол сөзі қандай мағына береді? (foot-аяқ, ball-доп).

  2. Суыққа ең төзімді қандай құстар? (Қаз бен Үйрек олар 110 градусқа дейін шыдайды).

  3. 7-жоқты атап бере аласың ба? Жерде өлшеуіш жоқ

Аспанда тіреуіш жоқ

Таста тамыр жоқ

Тасбақада талақ жоқ

Аллада бауыр жоқ

Жылқыда өт жоқ

Аққуда сүт жоқ.

...................................................................................................................................
3

  1. Қазақтың ұлттық ойыны “Тоғызқұмалақта”неше тас, неше отау, неше қазан болады? (162-тас,18-отау,2-қазан болады).

  2. Түссіз,иссіз газды білесің бе? (Метан).

  3. Жеті күнді атап бер. Бүгін

Ертең

Бүрсүгүні

Арғы күн

Ауыр күн

Соңғы күн

Азына

.....................................................................................................................................................................................................................................

4

  1. 1980-ші жылы Мәскеу Олимпиядасында грек-рим күресінен алтыннан алқа таққан қазақ азаматы кім? (Жақсылық Үшкемпіров).

  2. Ең мықты, ең жіңішке жіпті естігенің бар ма? (Өрмекшінің өрмегі).

  3. Жеті қазынаны атап бер. Ер жігіт

Сұлу әйел

Жүйрік ат

Ақыл,білім

Қыран бүркіт

Берен мылтық

Жүйрік тазы (ит)

...................................................................................................................................

5

  1. Ойын барысы үлкен тениске өте ұқсас, бірақ добының қанаты бар және тор жерден биік орналасқан.Мақсаты допты қарсыласының алаңына түсіру керек.Бұл қандай спорт түрі? (Бадминтон).

  2. Жүрегі ең кішкентай жыртқыш аңды білесің бе? (Арыстан).

  3. Жеті атаны атай аласың ба? Әке

Бала

Немере

Шөбере

Шөпшек

Немене

Туажат.

...................................................................................................................................
6

  1. 1980-жылығы Мәскеу Олимпиядасының күміс жүлдегері,Қазақтың біртуар боксшысын білесің бе?(Серік Қонақбаев).

  2. Ең үлкен балықты білесің бе?(Кит).

  3. Жігіттің үш жұртын атап бер. Өз жұрты,

Нағашы жұрты,

Қайын жұрты.

...................................................................................................................................

7

  1. Спорттық ойындардың қай түрі көрермендердің қызығушылығын арттырады?

(Футбол)

  1. Қалыпты жағыдайда жүрек минутына қанша рет соғады?

(60-75 рет)

  1. Атмосферада қанша қабат бар?

(6-қабат)

..................................................................................................................................................................................................................................

№8

  1. Футбол ойынындағы хет-трик дегенді қалай түсінесің?

(бір ойында қатарынан 3-доп соққан ойыншы)

  1. Оазис дегеніміз не?

(Шөл даладағы жасыл арал)

  1. Мұсылманның бес парызын ата?

Намаз оқу, зекет беру, ораза тұту, иман келтіру, қажылыққа бару.

..................................................................................................................................................................................................................................

№9

  1. Ең әйгілі футбол ойыншысы.

(Пеле, Бразилия)

  1. Біздің денемізді зерттейтін ғылым қалай деп аталады?

(Анатомия)

  1. Күннің бетіндегі температура қанша?

(6 000о С)

...................................................................................................................................

1

  1. Қазақша күрестен әлем чемпионатында 60-кг салмақ бойынша алтын және күміс жүлдегерлерін атап бере аласың ба?

  2. Ең сұлу құс?

  3. 7-жұтты атап бере аласың ба?

...................................................................................................................................

2

  1. Футбол сөзі қандай мағына береді?

  2. Суыққа ең төзімді қандай құстар?

  3. 7-жоқты атап бере аласың ба?

..................................................................................................................................

3

  1. Қазақтың ұлттық ойыны “Тоғызқұмалақта”неше тас, неше отау, неше қазан болады?

  2. Түссіз, иссіз газды білесің бе?

  3. Жеті күнді атап бер.

..............................................................................................................................

4

  1. 1980-ші жылы Мәскеу Олимпиядасында грек-рим күресінен алтыннан алқа таққан қазақ азаматы кім?

  2. Ең мықты, ең жіңішке жіпті естігенің бар ма?

  3. Жеті қазынаны атап бере аласың ба?

...................................................................................................................

5

  1. Ойын барысы үлкен тениске өте ұқсас, бірақ добының қанаты бар және тор жерден биік орналасқан.Мақсаты допты қарсыласының алаңына түсіру керек.Бұл қандай спорт түрі?

  2. Жүрегі ең кішкентай жыртқыш аңды білесің бе?

  3. Жеті атаны атай аласың ба?

...........................................................................................................................

6

  1. 1980-жылығы Мәскеу Олимпиядасының күміс жүлдегері, Қазақтың біртуар боксшысын білесің бе?

  2. Ең үлкен балықты білесің бе?

  3. Жігіттің үш жұртын атап бер.

7

  1. Спорттық ойындардың қай түрі көрермендердің қызығушылығын арттырады?

  2. Қалыпты жағыдайда жүрек минутына қанша рет соғады?

  3. Атмосферада қанша қабат бар?

...........................................................................................................................

№8

  1. Футбол ойынындағы хет-трик дегенді қалай түсінесің?

  2. Оазис дегеніміз не?

  3. Мұсылманның бес парызын ата?

...........................................................................................................................
№9

  1. Ең әйгілі футбол ойыншысы.

  2. Біздің денемізді зерттейтін ғылым қалай деп аталады?

  3. Күннің бетіндегі температура қанша?

.........................................................................................................................

Достарыңызбен бөлісу:

©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет