Ұйымдар өздерінің шектен тыс алуан түрлілігіне байланысты типтендірілуі мүмкін, яғни көптеген сипатты белгілер бойынша сәйкестендіріліп, біріктірілуі мүмкін.
Ұйымдық қызметтің объектілеріне шешімдерді дайындау, келістіру мен орындау процедураларын атқаратын ұйымның барлық функционалдық бөлімшелері, сонымен қатар қызметтік міндеттер шегінде осы процедураларға жататын барлық операциялар жатады. Ұйымдық қызметтің объектісі тапсырманы алады, оны ойластырады, ақпараттық жұмысты өткізеді, бұйрықты немесе тапсырысты орындайды, орындалған жұмысты тапсырыс берушіге тапсырады немесе өз ұйымында оны қолданады және т.б.