Ұйымдасқан қылмыстылықтың қылмыстық-құқықтық сипаттамасы (задание)



Дата06.02.2022
өлшемі48 Kb.
#79203
Байланысты:
Ұйымдасқан қылмыстылықтың қылмыстық-құқықтық сипаттамасы (задание)


Ұйымдасқан қылмыстылықтың қылмыстық-құқықтық сипаттамасы (задание)
«Ұйымдасқан қылмыскерлiк» ұғымы «ұйымдасқан қылмыс», «ұйымдасқан топ», «ұйымдасқан қылмыстық әрекет», «ұйымдасқан қоғамдастық:» сияқты басқа ұғымдармен байланысты. Барлық жерде «ұйым», «ұйымдасқан» сөздерi пайдаланылады. Бұрындары «ұйымдасқан қылмыс» және «ұйымдасқан қылмыстық әрекет» жайында айтылатын. Оның субъектiлерi жекелеген адамдар және адамдар тобы, оның iшiнде ұйымдасқан құрамалар: ұйымдасқан топтар, бандалар, қылмыстық ұйымдар мен қылмыстық қоғамдастық болуы мүмкін [1].
Ұйымдасқан топтар бiрнеше адам қылмысты, тiптен аса ауыр қылмысты жасағанда емес, оны жасау үшiн алдын ала бiрiгiп, соған жан-жақты дайындалғанда пайда болады: олар жоспар жасайды барлық күш-жiгерiн сол жоспарға бағындырады, жоспарды жүзеге асыру барысында туындаған проблемаларды бiрлесiп шешедi, нақты жағдайға қарай оған тузетулер енгiзедi. Ұйымдасқан топ бiр қылмысты жасау үшiн де құрылуы мүмкін. Мысалы, банктен ақшаның ipi сомасын ұрлау немесе инкассатор машинасын тонау үшiн қылмыстық кодексте ұйымдасқан қылмысқа бiр немесе бiрнеше қылмыстарды жасау үшiн алдын ала бiрiккен адамдардың тұрақты тобы деп анықтама берiлген, ал банда – адамдарға немесе ұйымға шабуыл жасау үшiн құрылатын тұрақты қарулы топ.
Қылмыстық әpeкетін ауқымын кеңейту оған неғұрлым көп әр түрлi субектiлердi тартумен байланысты. Қылмыстық ұйымдар, өздерiнiң қылмыстық әpeкeтiн қорғау мақсатында мемлекеттiк құрылымдармен және азаматтық қоғамның институттарымен, олардың алдына қойылған мiндеттерiн теpic арнаға бағыттап, өзара қатынас орнатуға әрекеттенедi. Осыдан барып мемлекеттiк органдар жүйесiнде және кәсiподақтар, шығармашылық одақтар, қауымдастықтар сияқты мемлекеттiк емес салада сыбайлас жемқорлық кең етек алады [2].
Қылмыстық ұйымдардың мынадай өзiне тән сипаттары бар: ақпараттар жинау және оларды беру; құқық қорғау институттарын әpeкеттepiн бейтараптандыру, негiзгi әлеуметтiк -экономикалық қызметтердi пайдалану, iшкi құрылымдардың болуы, әрекеттерінің сырттай «заңды» көpiнyi [3].
Ұйымдасқан қылмыстық құрамалар саны көбейсе олардың өзара әрекеттесуiнде ықпал ету өpiciн бөлiсу, мемлекетке бiрлесiп қарсы тұру және т.б. проблемалар туындайды. Ұйымдасқан топтардың бандалардың қылмыстық ұйымдарды бұл өзара әpeкeттecтiгiн ақпарат алмасуды, құқық қорғау жүйелерiн, өзге мемлекеттiк құрылымдарды және азаматты қоғамның институттарын бейтараптандыру және пайдалану үшiн, қылмыстық ұйымдардың мұқтаждықтағы функционерлерiне көмек көрсетуде күш жiгердiң бiрiктiрiлуi қамтамасыз eтeтiн қылмыстық қауымдастық пайда болады.
Қылмыстық қауымдастықта өзара қарымқатынасты қылмыстық ұйымдар мен оның элементi болып табылатын қылмыстық топтар жасамайды, осы құрамалардың өкiлдерi немесе тiптен, өзiнше жұмыс icтейтiн кәсiби қылмыскерлер жасайды [4].
Қылмыстық жауапкершілікке қылмысты басқарғандар емес, олардың орындаушылары тартылады. Ұйымдасқан қылмыстық топтың басшылары қылмыстық жауапкершілікке сирек тартылады. Ұйымдасқан қылмыстылықпен күрес айдаһардың басын шапқанға ұқсайды, яғни біреуін жойса екіншісі шығады. Қылмыстылықтың дамуын талдау арқылы біз қылмыстық әлемнің өмірдің барлық салаларына, яғни мемлекеттік билік органдарынан бастап қарапайым сауда-саттық дүкендерге дейін енгеніне көз жеткіземіз. Қазіргі кездегі қылмыс бұрыннан қалыптасқан тәжірбие және әдіспен мемлекетке қарсы күрес жүргізуде қылмыскерлердің қолында жаңа қару-жарақтар, техникалар,көліктер,және мемлекет полицияға бөле алмайтын үлкен ақша көлемі бар.
Осы себепке байланысты қылмыстылық жоғары ұйымдастырылған құрлымға айналып кетті. Әлемдік тәжірбие ұйымдасқан қылмыстың билікке және еліміздегі экономикалық процестерді бақылауға ұмтылатындығы көз жеткізеді.
ХХІ ғасырда әлемдік бірлік маңызды және ірі аймақтық соғыстарды тоқтататын немесе алдын-алатын нәтежиелі құқықтық механизм ойлап табуы мүмкін. Егер бұл құқықтық механизм жүзеге асса, оның демократиялық және экономикалық дамуына ұлттық және ұлтішілік қылмыс кедергі болады. Онымен күрес адамзат үшін және оның өркениетті тіршілік етіп дамуы үшін соңғы ұзақ уақытқа созылған позициялы қан төгіс болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы қоғамға аса қауіпті ұйымдасқан қылмыс заң, экономика, саяси ғылымдардың заң шығарушы орындаушы және сот билігін аса маңызды мәселесі болып табылады. Қылмыстылықты әсіресе оның түп нұсқасын білу аса қауіпті қылмыспен күреске қатысты заңдарды шығаруға саналы альтернатифті шешім қабылдауға көмектеседі. Біздерді ондаған жылдар бойы қылмыстылық азаяды бара-бара түбімен жойылады деп уағыздады. Бірақ формацияның ауысуына байланысты ,басқа да өзгерістерге де қарамастан – қылмыстылық болған, бар, өкінішке орай әлі ұзақ болады.
Қылмыстық жауапкершілікке қылмысты басқарғандар емес, олардың орындаушылары тартылады. Ұйымдасқан қылмыстық топтың басшылары қылмыстық жауапкершілікке сирек тартылады. Ұйымдасқан қылмыстылықпен күрес айдаһардың басын шапқанға ұқсайды, яғни біреуін жойса екіншісі шығады. Қылмыстылықтың дамуын талдау арқылы біз қылмыстық әлемнің өмірдің барлық салаларына, яғни мемлекеттік билік органдарынан бастап қарапайым сауда-саттық дүкендерге дейін енгеніне көз жеткіземіз. Қазіргі кездегі қылмыс бұрыннан қалыптасқан тәжірбие және әдіспен мемлекетке қарсы күрес жүргізуде қылмыскерлердің қолында жаңа қару-жарақтар, техникалар,көліктер,және мемлекет полицияға бөле алмайтын үлкен ақша көлемі бар. Осы себепке байланысты қылмыстылық жоғары ұйымдастырылған құрлымға айналып кетті. Әлемдік тәжірбие ұйымдасқан қылмыстың билікке және еліміздегі экономикалық процестерді бақылауға ұмтылатындығы көз жеткізеді.
ХХІ ғасырда әлемдік бірлік маңызды және ірі аймақтық соғыстарды тоқтататын немесе алдыналатын нәтежиелі құқықтық механизм ойлап табуы мүмкін. Егер бұл құқықтық механизм жүзеге асса, оның демократиялық және экономикалық дамуына ұлттық және ұлтішілік қылмыс кедергі болады. Онымен күрес адамзат үшін және оның өркениетті тіршілік етіп дамуы үшін соңғы ұзақ уақытқа созылған позициялы қан төгіс болып табылады. Қазақстан Республикасындағы қоғамға аса қауіпті ұйымдасқан қылмыс заң, экономика, саяси ғылымдардың заң шығарушы орындаушы және сот билігін аса маңызды мәселесі болып табылады. Қылмыстылықты әсіресе оның түп нұсқасын білу аса қауіпті қылмыспен күреске қатысты заңдарды шығаруға саналы альтернатифті шешім қабылдауға көмектеседі. Біздерді ондаған жылдар бойы қылмыстылық азаяды бара-бара түбімен жойылады деп уағыздады. Бірақ формацияның ауысуына байланысты, басқа да өзгерістерге де қарамастан – қылмыстылық болған, бар, өкінішке орай әлі ұзақ болады. Қылмыстық қауымдастық ол – басқа қылмыстық құрамалар үшiн жоғары тұрған саты емес, ол өзiнше үйлестiрушi орган, кәсiби қылмыскерлер үшiн онда қылмыстық кәсiподактар кейпi, ал, елдегi саяси процестерге ықпал өте бастаса партия кейпi бар. Ұйымдасқан қылмыскерлiк – кең ауқымда қылмыстық әpeкeтi бар және ондай әрекет үшiн қолайлы жағдай жасаған, осы құрамаларға, олардың әpeкeтiнe және сыртқы өзара әpeкeттecтiктepiнe қызмет етуде басқарушылық және басқа функциялары бар өз құрылымдарын да, мемлекеттiк құрылмдаp мен азамaттық қоғамның институттарын да пайдаланатын ұйымдасқан қылмыстық қызметтің күрделi жүйесi.
Ұйымдасқан қылмыскерлiк өзiнiң экономикасы, әлеуметтiк әрі рухани саласы бар, өзiнiң басқару , қауiпсiздiк, жас ұрпақты қалыптастыру жүйесi, юстициясы өзiнiң iшкi және сыртқы саясатысы бар балама қоғам. Ол, шын мәнiнде, мемлекет, азаматтық қоғамның билеушi институттары, дiн ресми таныған және қолданған жүйеде орын тепкен балама болғантықтан, ic жүзiнде, жалпы адам қоғамы құрылымдарының бiрi болып табылады, тиiсiнше, «ресми» қоғам дегенмен өзара әрекеттеседi.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет