Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы: Білім саласы: Қатынас. Бөлімі



Дата23.12.2021
өлшемі17,25 Kb.
#127927
Байланысты:
дыбыс пен әріп


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы:

Білім саласы: Қатынас.

Бөлімі: Сауат ашу және жазу негіздері.

Тақырыбы: Дыбыс пен әріп

Мақсаты: Дыбыс пен әріп туралы түсінік беру, дыбыс пен әріптің айырмашылығын ажырата алуды, жазу кезінде дұрыс отыруға, дәптер, қарындашты дұрыс ұстауға үйрету; ойлау қабілеттерін дамыту; қағылездікке,

ә)Бастаған істі аяқтай білуге, шыдамдылыққа тәрбиелеу.



Әдіс тәсілі:Әңгімелеу,түсіндіру, сұрақ-жауап

Көрнекіліктер: жұмыс дәптері, үй жануарларының көркем суреттері

Сөздік жұмысы: әліпби.

Билингвальдық компонент:әліпби – алфавит, жаңбыр жауды – дождь идет.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

  • Балалар, біз бүгін дыбыстар бағына саяхатқа барамыз.Бұл бақ «Әліпби» деп аталады.

Балалар қызығушылық танытады.

  • Бұл – әліпби.

Ұйымдастырушылық - ізденістік

Әліпбиді көрсету.

-Әліпбиде көріп отырғандарың әріптер, олардың саны – 42.Егер біз әліпбидегі әріптерді оқитын болсақ, ол- дыбыс.

Дыбысты естиміз, аузымызбен айтамыз, ал әріпті көреміз, оқимыз және жазамыз.

-Балалар, айтыңдаршы, пойыз тоқтағанда қандай дыбыс шығарады?

-Жақын арада аралар жүргенін қайдан білеміз?

-Түнде қасымызға маса келгенін қайдан білеміз?

-Дұрыс айтасыңдар, біз дыбысты осылай құлағымызбен естиміз. Әр естіген дыбыстың жазылу таңбасы – әріп. Әріптер мыналар (әліпбиді көрсету).

Билингвальдық компонент:әліпби – алфавит, жаңбыр жауды – дождь идет.

Сергіту жаттығуын ойын арқылы өткізуге болады.


Саусақ ойыны:

Жаңбыр жауса

Тырс - тырс,

Айтады гүл:

-Дұрыс –дұрыс.

Жаңбыр жауса

Тырс –тырс.

Айтады қыр:

- Ырыс-ырыс.
«Не қалай дауыстайды?» дидактикалық ойыны:

Ойын шарты: тәрбиеші үй жануарларының суретін көрсетіп, не істейтінін айтады.Балалар сол жануардың дауысын салады.

Қой маңырайды:

Сиыр мөңірейді:

Жылқы кісінейді:

Түйе боздайды:

Ешкі бақырады:
Бұл ойында үй жануарларының жүрісін де салуға болады.

- Балалар, әріптерді жазу үшін бізге не керек?

Үстелде отыру ережесімен таныстыру: жазу барысында денені тік ұстап, дәптерді солға қарай қиғаштап қоямыз. Қарындашты үш саусақпен - бас бармақ, сұқ саусақ, орта саусақтарымен ұстайды (көрсету). Қарындаш ортаңғы саусақтың сол жағында болады. Бас бармақ қарындашты сол жағынан, сұқ саусақ үстінен сүйемелдейді.

Қарындаштың жоғарғы ұшы иыққа бағытталады. (көрсетеді).



Саусақ жаттығуы:

Тәрбиеші қаламды екі немесе үш саусақпен айналдыртады.


Саусақ жаттығуы:

«Сорпаға тұз себейік».

Дәптермен жұмыс:

Дәптердегі номер бірінші тапсырма бойынша орындалады.

Жеке жұмыс жүргізеді.




Балалар көреді.

Естиді, қайталайды, естеріне сақтайды.

Естеріне түсіріп

-Піш-ш-ш!- деп айтады.


- Біз «ж,ж,ж» деген дыбыс естиміз.

-«З-з-з» деген дыбыс естиміз.

Қызығушылық танытады.

Қайталайды.

Балалар орындықта отырып, жаңбырдың дыбысын саусақтарын қимылдата отырып айтады.

Суретке қарап үй жануарларының даусын салады.

Мә мә мә


Мө мө мө

Ио ио ио


Бө бө бө

Бә бә бә
Жүрісін салады, атын айтады.


-Дәптер, қалам қажет.

Балалар қолдарындағы қаламды солай ұстайды.

Балалар қаламды оңға, солға екі не үш саусақпен айналдыра жаттығулар жасайды.
Үш саусақпен сорпаға тұз сеуіп жатқандай саусақ ұштарын қимылдатады.
Дәптерде берілген тапсырманы орындайды.


Рефлекциялық - түзетушілік

Балалар, әріп пен дыбыстың айырмашылығы бар ма?

Қандай айырмашылық?



Әріпті көреміз және жазамыз.

Дыбысты айтамыз және естиміз.




Күтілетін нәтиже:

Орындайды: жануарлар мен жәндіктердің, көліктердің дауыстарын, жүрісін салуды, жазу барысында, үстелде дұрыс отыруды, қарындашты дұрыс ұстауды, үзік сызықтарды қосуды.

Түсінеді: дыбыстардың жазылу таңбасы әріптер екенін,дыбыс пен әріптің айырмашылығын, оқу үшін әріптерді тану керек екенін.

Қолданады: Саусақ бұлшық еттеріне жаттығу жасауды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет